Руслан Желдібай: «Өзімнің табыс декларациямды жариялаймын, блогыма шығарамын» – деп уәде берді. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: Азамат, Руслан Желдібай, Табыс декларациясы, түсірілім | Leave a comment »
Руслан Желдібай: «Өзімнің табыс декларациямды жариялаймын, блогыма шығарамын» – деп уәде берді. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: Азамат, Руслан Желдібай, Табыс декларациясы, түсірілім | Leave a comment »
«Амбициясы жоқ адам үйінде отырады, кешке таман теледидардың алдында сырасын ішіп, әйелімен ұрсысып отырады. Ал амбициясы бар адамдар өнерге, саясатқа және тағы басқаға араласып белгілі жүйеде жетістікке жетіп, елге пайдасын тигізтеді.» – деп Әміржан Қосанов айтпақшы сенбі күнгі демалысын қиып келген азаматтықтарға қарағанда амбициясы жоқ емес бар азаматтықтар өткен сенбі күні бастарын қосып, «Азамат» клубының кезекті жиналысын өткізді. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: азамат бағдарламасы, азамат жастар клубы, кезекті жиналыс, Әміржан Қосанов | Leave a comment »
Сәкен Суханберлі мен Нұрбек Матжани, Алманов Еркебұлан мен Джолдыбеков Дәурен пікірсайыста жаңадан тұсауларын кесіп, тілдерін сындырып, біраз терге салынып, қарсы фракциялардың кейстерін ана жағын бір, мына жағын бір түрткілеп құлата алмай, спикерлік баллдары төмен болып, төрешілерді сендіре алмай әжептеуір әбігергі түсті-ау. Бұл жолы жүлделі орындар мен кубокқа ие болмаса да, көштің соңында қалмағаны абырой болды. Не болып кетті? Жеңісті уыстан шығармайтын мына «Азматтықтарға» не болды дейсіз ғой? Ол жағын маған қалдырыңыз. Барлығын сізге баяндап, не болғанын түсіндіріп берейін. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: Азаматтықтар, дебаты, орыс лигасы, пікірсайыс, пікірсайысшылар, турнир, Құрылтай | 2 Comments »
Сәлем! Қалдарыңыз қалай? Міне, күз келіп жаңа маусым басталайын деп қалды. «Балмұздақтар» өсіп, 2-курс студенті атанып, орнын жаңа «балмұздақтар» басуда. Биыл жоғарғы оқу орнына бөлінген грант бойынша Еуразия ұлттық университеті (Астана) І орынға шығыпты. Кәдімгідей әудем жерге озып кетіпті. Одан соң, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, сосын Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, кейін ОҚО-дағы Әуезов атындағы мемлекеттік университет орналасқан. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: грант, жақсы, жақсы ұлттық порталы, Kz, студент, ұлттық портал | 2 Comments »
Құрметті пікірсайыс сүйер қауым! Жаздық демалыстар да әне-міне дегенше бітуге жақын. Сондықтан, жас пікірсайысшылар болсын, пікірсайысты көптен бері ойнап жүрген және біраз жетістіктерге жеткен пікірсайысшылар болсын, жаз біте салысымен «қай жерде қандай турнир болып жатыр екен?», «қалайша жаз бойы жинаған білімімді пікірсайыста қолдансам екен»-деп, немесе «алдында ана фракциядан жеңіліп ем, қалайда реванш алуым керек»- деп, «осы жолы міндетті түрде жеңем»- деп, қызықты әрі нәтижелі ойын көруге асыққан, жоғарыда аталған және аталмаған мақсаттарды алдына қойған пікірсайысшылардың құлағына алтын сырға! Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: АПФ, ЛД, дебат, дебаты, парламенттік пікірсайыс, пікірсайыс, турнир, чемпионат, Қазақстан Чемпионаты, ұлттық турнир | 7 Comments »
Мамыр айының 21-жұлдызы – «Азамат» жастар клубы үшін ерекше күн болды. Себебі аталған күні «Азамат» жастар клубының түлектер кеші болып өтті. Кеш түлектерді мейрамханаға салтанатты түрде кіргізумен басталды. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: "Азамат" жастар клубының түлектер кеші, Азамат, пікірсайыс, түлектер кеші | Leave a comment »
Қазақстан әлем бойынша 2 орынға шығыпты. Не жөнінен дейсіз ғой? Қазақстан алдыңғы қатарда екен ғой деп қуанып та үлгерген шығарсыз. Бірақ өкінішке орай бұл қуанарлық жәй емес. Себебі жастар арасындағы суицид жөнінде, яғни өз-өзіне қол жұмсағандар саны жөнінен әлем бойынша еліміз – Қазақстан Республикасы 2 орынға шығыпты. Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | Leave a comment »
Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға Оқуды жалғастыру
Filed under: Жаңалықтар | 2 Comments »
Бүгінгі қоғамда ақыр заман тақырыбы төңірегінде түрлі ойлар мен пікірлер қалыптасуда. Ақыр заман 2010 жылы болады деп тон пішкен Ванга мен Настрадамустың болжағаны өз алдына бөлек әңгіме. Оқуды жалғастыру
Filed under: Имани гүл | 1 Comment »
Барлық оқырмандарға жалынды сәлем! Көптен бері Азамат жастар клубы жайында естімеген шығарсыздар. «Азамат» жастар клубында не болып жатыр? Қандай өзгерістер орын алып жатыр? Клубтағы жағдай қандай? Жаңалықтары бар ма екен? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр екен? – деген сан түрлі сұрақтарыңыз бар шығар деген үмітпен сіздерге осы сұрақтардың жауабын барынша толық беріп, болған қызықты оқиғаларды баяндап, клубтың бүгіні мен ертеңі жайында таныстырып, пікір-сайыстың соңғы жаңалықтарымен хабардар ететін боламын. Сондықтан егер қызығушылығыңыз оянып, жоғарыда айтылған сұрақтар мазалап жүрсе және «Азамат» жастар клубына бей-жай қарамайтын болсаңыз, міндетті түрде біздің сайтымызға кіріп, өз пікіріңізді білдіруге, керекті мағлұматтарды алуға және ұсыныстар мен тілектер қалдыруға асығыңыздар!
Ізгі ниетпен KZ
Filed under: Жаңалықтар | 2 Comments »
Армысыздар достар! Менің есімім Іңкәр! Осы сайттың жұмысын енді тікелей өзім атқаратын болам. Сайттың көркейіп, Жұмабек ағамыздың жасаған жұмысын ары қарай жалғастырып, сіздерге жаңа әрі қызықты ақпараттармен бөлісуге дайынмын! Жұмабек ағамызға осы күнге дейін атқарып келген жұмысы үшін рахметімді айтып, сіздерден мені қолдап, көмек көрсетулеріңізді сұраймын!
Filed under: Жаңалықтар | 5 Comments »
Құрметті оқырмандар! Сіздерді мазмұны тегін және ашық энциклопедиялық жоба Википедияны дамытуға өз үлестеріңізді қосуды өтінемін.
«Қоғам дамуының үш толқыны» концепциясына (Элвин Тоффлер) сәйкес бүгінде адамзат ақпараттық ортада өмір сүріп келеді. Ақпарат – басты құндылықтардың біріне айналды. Сондықтан қарыштап дамыған заман ағымынан кенде қалмау үшін өз тіліміздегі ақпарат қорын ұлғайту аса қажет нәрсе.
Ақпарат таратудың дәстүрлі жолдары (үнқағаз, кітаптар) интернет технологиямен салыстырғанда (қол жетімділік, жаңартылуы) өз артылықшылықтарын көрсетуде. 1989 жылы пайда болған интернет, бүгінде адамзаттың негізгі құқықтарының біріне айналуда.
Осы мақсатта қазақ тіліндегі Википедия жобасы негізінде Wikimedia Qazaqstan қоғамдық қоры құрылуы жоспарлануда. Өз азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, бұл жобаны қолдайтыныңыз немесе қолдамайтыныңыз туралы пікір білдіруіңізді сұраймын.
Wikimedia Qazaqstan Ұйымын құруға байланысты талқылау
Filed under: Жаңалықтар | Tagged: ақпарат, википедия, уикипедия, қазақ тілі | 3 Comments »
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға әйгілі әнші, композитор, хореограф әрі тарихтағы ең табысты орындаушылардың бірі Майкл Джозеф Джексонның (1958-2009) «This is it» синглының қазақша аудармасын ұсынамын (ағылшын тілін білмегендіктен емес, мағынасына қарай жасалған аударма 🙂 ).
…аударма Әлімбекова Назираға арналады…
Мінекей, сөнбеген
Өмірдің жарығы сен бе екен
Өнерім өлеңім
Өзіңнен таптым мен керегін
Шарықта ғарышка қиял құсы шабыттан
Күндерден есепсiз өткен, жалыққан
Қиындык атаулы екен бәрi уақытша
Қайратың,ақылың,жүрек табысқан
Filed under: Шығармашылық бұрышы | Tagged: Майкл Джексон, Мінекей, аудармалар, Michael Jackson, This is it | Leave a comment »
НАТО кеңеюі
НАТО-ның негізін салған мемлекеттер: Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Исландия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, АҚШ, Франция (барлығы 1949 ж. 4 сәуірінде мүшелікке қабылданды).
НАТО тарихында алты мәрте кеңею болды:
Бірінші кеңею: 1952 ж. 18 ақпан – Греция, Түркия
Екінші кеңею: 1955 ж. 9 мамыр – Германия (Батыс Германия), ГДР — 1990 ж. 3 қазан
Үшінші кеңею: 1982 30 мамыр – Испания (2001 ж. Испан социалистік жұмысшылар партиясы билікке келгеннен бастап, Испания НАТО-ның әскери органдарынан шықты) Оқуды жалғастыру
Filed under: Сараптама | Tagged: НАТО, НАТО кеңеюі, НАТО саммиттері, Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы | Leave a comment »
1947-49 жж. бірқатар оқиғалар халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Олардың қатарына Норвегия, Греция, Түркия егемендіктеріне төнген қауіптер, 1948 ж. Чехословакиядағы төңкеріс және Батыс Берлинді оқшаулау жатады. 1948 ж. наурыз айында Брюссель келісіміне қол қойған бес батысеуропалық ел – Бельгия, Ұлыбритания, Люксембург, Нидерланды және Франция – ортақ қауіпсіздік жүйесін құрды. Кейіннен АҚШ және Канадамен біртұтас Солтүстікатлантикалық одақ құру туралы келіссөздер орын алды. Бұл келіссөздер 1949 ж. сәуір айында он екі мемлекеттің ортақ қауіпсіздік жүйесін іске қосқан Вашингтон келісімімен аяқталды: АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия және Франция. Оқуды жалғастыру
Filed under: Сараптама | Tagged: НАТО, НАТО операциялары, Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы | Leave a comment »