Бағдарламаларды сертификаттау

Тағы да сәлем! Бірден іске көшсек…
Смартфон иелерінің барлығында дерлік кейбір қажетті бағдарламаларды орнату барысында сертификат қателігі немесе сертификаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі (срок действия сертификата истек) туралы ескертпелер пайда болған шығар. Ал, айта кететін жайт, көптеген қызықты бағдарламалар әдетте сертификатталмаған (не подписаны).
Бұл мәселені шешудің бірнеше жолдары бар:
1. Егер бағдарламаны орнату барысында сертификаттың жарамдылық мерзімі туралы қате шықса, ұялы телефонымыздың датасын (күн, ай, жыл) 6 айға артқа жылжытып көріңіз. Іске аспаған жағдайда, бір жылға, т.с.с.
2. Сертификат қателігі жөнінде ескерту шықса, телефондағы сертификат тексеру қызметін уақытша өшіріп қоюға болады. Ол үшін: Мәзір (Меню) – Орнатылғандар (Установленные) – Қосымшалар диспетчері (Диспетчер приложений) – Қызметтер (Функции) – Реттеу (Настройки) – Бағд. орнату бөлімі (Прог. устан.) – Барлығы (Все) және Сертификатты тексеру (Проверка сертиф.) – Алып тастау (Отключена) қатарын орындау қажет.
3. Егер қажетті бағдарлама бұдан кейін де онатылмаса, бағдарламаны сертификаттауға (подписать) тура келеді. Компьютер арқылы сертификаттау (ол үшін телефонға орнату қажет бағдарламаны компьютерге көшіру қажет):
а) телефоныңызда * (жұлдызша) // (тор немесе решетка) 06 //. Бұл батырмалар қосындысынан кейін, сіздің телефоныңыздың сериялық нөмірі шығады. Оны жазып алсаңыз да болады.
ә) кейіннен мына сілтемеге өтеміз: http://allnokia.ru/symb_cert/
б) сол жерде жазылғандай, IMEI алаңына сериялық нөміріңізді жазасыз. Екінші алаңға сұрақ жауабын енгізесіз (бұл сайт қауіпсіздігі үшін қажет).
в) 12-24 сағаттан кейін осы операцияны қайта орындау керек. Сертификатыңыз дайын болған жағдайда, оны компьютерге көшіру қажет (скачать). Айта кететін жайт, сертификат zip бума (папка) түрінде жазылады, яғни win rar бағдарламасы қажет. Қажет болса, мен хат арқылы жібере аламын. Осы бағдарлама арқылы, қажет орынға папка құрамын жайып саламыз (распаковка).
г) кейіннен http://coolsmart.ru/engine/download.php?id=109 сілтемесі бойынша өтіп, sіs signer бағдарламасын жазып алу керек (скачать). Мұнда да zip-бума ретінде көшіріледі. Кейін мұны да қажет жерге орналастырамыз (извлечь файлы – қажет орынды көрсету – извлечь).
ғ) енді sis signer бумасын ашып, “9731_sissignerinstall.exe” бағдарламасын орнатамыз. Пайда болған терезеден install батырмасын басамыз. Бағдарлама орнатылған жолы (путь к папке): C:\SISSigner
д) бағана ие болған сертификатымызға, яғни қарапайым файл ретіндегі (после распаковки), қайта оралып, ????-??-??.cer және ????-??-??.key түріндегі екі файлды осы c дискісіндегі sis signer бумасына көшіреміз.
е) Менің компьютерім – С локальді дискісі – SISSigner – SISSigner.exe командалық қатарын орындау керек.
ж) пайда болған терезеден “key файлға нұсқау” (путь к key файлу – выбрать файл с расширением .key – Открыть) алаңының оң жағында орналасқан батырманы басып, бағана көшіріп әкелген ????-??-??.key файлын таңдаймыз.
з) “сертификат нұсқауы” (путь к сертификату) алаңында да оң жақ батырманы басып, ????-??-??.cer файлын таңдаймыз.
и) құпия сөз (праоль) алаңына 12345678 енгізу
й) “сертификаттау қажет файл” (Файл для подписи) алаңының оң жағында орналасқан батырманы таңдап, ең басында компьютерге көшіріп алған, орнатылмай қойған бағдарламаны таңдаймыз.
к) соңғы аккорд “сертификаттау” (подписать).

Бағдарлама сертификатталды. Рахатыңызға пайдаланыңыз!

One Response

  1. Sertifikatti kalai tekseryge boladi ornata almai jatirmin:(

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: