Бағдарламаларды ұялы телефон арқылы сертификаттау

Сәлеметсіздер ме! Бүгін бағдарламаларды ұялы телефон арқылы сертификаттау жолы туралы ақпараттандырсам деймін.

1) Алдымен http://allnokia.ru/symb_cert/ сайтынан алған ????-??-??.cer және ????-??-??.key түріндегі екі файлды смартфонға көшіріп әкелу қажет. Бұл жерде, телефонды компьютерге қосқанда, мәліметтер алмасуды (передача данных) таңдаған жөн. Сонымен, көшіріп әкелген орынды есте сақтау қажет.

2) Содан соң мына сілтеме бойынша өтіп, осы бағдарламаны жазып алу керек: http://allnokia.ru/symbsoft/download.php?id=5460

3) Кейіннен смартфонға орнатамыз, яғни жазып алған zip-буманы бірден смартфон құрамына жайғастыруға болады (распаковка в память телефона, то есть во флеш-карту).

4) а. көшіріп әкелген соң, флеш-карта ретінде қосылып тұрған телефонымызды, қауіпсіз шығарып алу керек (безопасное извлечение). Кейін смартфонның мәзірінен офис – файлдар диспетчері арқылы көшірген орнымызға барып, сондағы freesigner.v1.01_signed.sis файлын ашу қажет, яғни орнату.
ә. егер смартфон PC Suite арқылы қосылған болса, компьютерден орнатса да болады. Ол үшін көшіріп алған freesigner.v1.01_signed.sis файлын таңдап, екі рет шертеміз. Нәтижесінде телефонның өзінде де орнату жөнінде сұрақ қойылады. Иә немесе ОК арқылы қажетті дискіге орнатамыз.

5) Орнатқаннан соң, мәзір (меню) – орнатылғандар (установленные) – free signer бағдарламасын ашу керек.

6) ашылған терезеде тапсырма енгізу (добавить задачу) пункті шығады. Алдымен, Қызметтер (функции) батырмасын басып, параметрлер пунктін таңдаймыз.

7) Сізге ашылған терезеде мынадай пункттер тұрады:
1.Self Sign Cert – (cert.cer)
2.Self Sign Key – (key.key)
3.Self Sign Key Pass – (жоқ)
4.Sign Cert – (осы пунктті таңдап, смартфонға көшіріп алған ????-??-??.cer файлының орналасқан жеріне барып, сол файлды таңдау керек)
5.Sign Key – (осы пунктті таңдап, смартфонға көшіріп алған ????-??-??.key файлының орналасқан жеріне барып, сол файлды таңдау керек).
6.Sign Key Pass – (жоқ)
7.Файлды сақтау (сохранить файл в) – (бастапқысы тәрізді (Такое же как источн…)
8.Өткенді сақтау (сохранить прошлый п…) – рұқсат (разрешить)

Жоғарыда көрсетілгендей,4 және 5 пункттерді өзгерту керек. Қалғанына тиіспей-ақ қойыңыз.

8) өзгертулер енгізіп болғаннан кейін артқа (назад) командасын таңдаймыз.

Бағдарлама толығымен орнатылды. Енді сертификаттау қажет файлдарды смартфонға көшіріп, бұл операцияны телефон арқылы да жасауға болады. Ол үшін:
а) тапсырма енгізу (добавить задачу) пунктін таңдаймыз.
ә) ашылған терезе файлдар диспетчері сияқты. Сертификаттау керек файлдың орналасу жолын тауып, оны таңдаймыз.
б) таңдау үшін қажет файлға сілтеп, қызметтер – енгізу (добавить) – Sign Sis командалық қатарын орындаймыз.
в) енді ашылған терезеде таңдаған файлымыз көрініп тұрады. Сол жерден қызметтер (функции) – бастау (начать) орындаймыз.
г) біршама үзілістен кейін, соңғы ашылған терезе ең бастапқы қалпына қайта келеді. Бұл бағдарлама сертификатталғанын білдіреді.

Енді тағы да файлдар диспетчері арқылы бағана орнатылмай тұрған файлдың адресіне қайта бару керек. Байқалатын нәрсе, бұл жерде аттас екі файл пайда болған. Бізге керегі ???????_signed.sisx атты файл. Көптен күткен бағдарлама енді орнатылу қажет.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: