Даналардан шыққан сөз

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан. Абай

Өмір дегеніміз – күрес. К.Маркс

Уақыт – ой-өрісті, қабілетті дамытудың көкжиегі. К.Маркс

Әрі қажырлы, әрі сабырлы адам мұратына жетеді. Хажы Рахым

Өмірден кездейсоқ сыйлық күтуден тыйылып, өмірді өзің жасайтын мезгіл жеткелі қашан?! Л.Н.Толстой

Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? Абай

Өмір сүру дегеніміз – тынымсыз алға ұмтылу. С.Джонсон

Біржолата мәңгілік жеңіске жетуге болмайды, күн сайын жеңіске жетіп отыру қажет. Р.Роллан

Өкінішке соқтырмайтын іспен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулақ жүр. Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін үйрен. Сонда тыныш өмір сүресің. Пифагор

Баяулық кейде өліммен тең. М.В.Ломоносов

Егер дұрыс пайдаланар болса, уақыт қашан да жеткілікті. И.Гете

Ежелгі үнді нақылдарынан:

Адам сәні – даналық, даналық сәні – сабыр, сабыр сәні – батырлық, батырлық сәні – биязылық.

Өзіңе жағымсызды өзгеге істеме.

Ешқандай жақсылық зая кетпейді.

Кімде-кім ашуға ашумен жауап қайтармаса, екеуін де – өзін де, өзгені де құтқарады.

Адамды ештеңе де ізгі сөздей серпілтпейді.

Арыстандай арпалысып еңбектенген адамның қолына бақыт құсы өзі келіп қонады. Қуыс кеуде жазғандар ғана: «Бәрі тағдырдан!» – дейді. Тағдырды қаһармандық істеріңмен жең: алда-жалда ынта-жігерің табысқа жеткізе қоймаса, онда сенің кінәң жоқ.

Қандай істі болса да қолға алма – даналықтың бірінші белгісі осы. Іске кіріскен екенсің, оны ақырына дейін жеткіз – даналықтың екінші белгісі осы.

Алдымен өзіңді-өзің, ал содан кейін барып жауларыңды жең. Өзіне-өзі ие бола алмайтын адам өзгелерге қалай ие бола алмақ?

Достық негізі еріктің, талғамның, пікірдің толық үндесуінен тұрады. Цицерон

Жауға жалынба, досыңа тарынба. М.Әуезов

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. М.Әуезов

Достық қуанышты екі еселеп, қайғыңның жартысын азайтады. Ф.Бэкон

Байыптылық – мінез негізі. О.Бальзак

Адамның мінезі бәрінен гөрі қиын-қыстау сәттердегі сыңайынан жақсы танылады. С.Цвейг

Ақыл-ойдың теориялық өмірі ақыл-ойды қалыптастырады, тек жүрек пен еріктің практикалық өмірі ғана мінезді қалыптастырады. К.Д.Ушинский

Берік тәртіп ұстанбаған адам – әрқашанда мінезден де құр алақан дерлік адам: онда мінез болса, өзіне тәртіп ережелердің соншалық қажет екенін сезінген болар еді. Н.Шамфор

Мықты мінез оралымды ақыл-парасатпен үйлесге тиіс. Л.Вовенарг

Адамды бір-бірімен ақылдан гөрі мінезі анағұрлым көп жақындастырады. Э.Ренам

Басыңа қандай іс түссе де, сергектігіңнен жазба. Л.Н.Толстой

Басқалар барда да, жасырып та ұятты ештеңе жасама. Сенің бірінші заңың өзіңді-өзің құрметтеу болуға тиіс. Пифагор

Істеуге болмайтынды тіпті ойыңда да істеме. Эпиктет

… адам жеке өзінің ерік-жігеріне қарай ұлы немесе ұсақ болады. С.Смайлс

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: