Ұялы телефондардағы пернелер комбинациясы

Сәлеметсіздер ме! Бүгін ұялы телефондардағы пернелер комбинациясы туралы ақпаратпен бөлісейін.

Nokia телефондарындағы қызметтер:
*#06# – IMEI (сериялық нөмір)
*#0000# – шығарылған мерзімі
*#7780# – смартфонды зауыттық күйге қайта келтіріп, қайта жүктейді
*#7370# – бұл комбинация қызметі де зауыттық күйге қайта келтіреді, бірақ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, барлық софт, контакттер, күнтізбедегі белгілер (заметки) және т.б. барлығы өшіріледі – телефон толығымен тазаланады.
*#7780# және *#7370# комбинацияларын терген кезде, сізден қоғаныс код (защитный код) сұрауы мүмкін.
Әншейінде, бұл – 12345.

Егер кодты өзгертсеңіз, тиісінше өзгертілген мәнді енгізу керек. Ал, өзгерткен кодыңызды ұмытып қалсаңыз, еш уайымдамаңыз.
а) мұндай жағдайларда мастер код көмектеседі.
ә) ол үшін мына сілтемеге өтіп (http://telefon.com.ua/secret_codes/imei.php), сонда IMEI алаңын толтырып, “жіберу” (отправить) батырмасын басасыз.
б) содан кейін, сізге мастер код мәні шығарылады (10 сан).
в) сол мастер кодты қорғаныс кодын сұраған кезде енгізіп көріңіз.

*#2820# – “көк тіс” (вluetooth) коды (вluetooth-модульдің адресі)
##002# – барлық басқа адреске жіберу (переадресация) қызметтерін тоқтатады.
**004*нөмір# – керісінше, барлық қоңырауларды осы нөмірге бағыттайды.
EFR – Enhanced Full Rate, GSM телефондарында аккумулятор қуатын молырақ пайдалану есебінен қоңырау шалу сапасын арттыратын жүйе.
*3370#, – осы қызметті қосу
#3370# – алып тастау

HFR – Half Rate – тиісінше, жиілік жолдарын (полоса частот) тарылту арқылы, аккумулятордың ұзақмерзімділігін қамтамасыз ету жүйесі.
Қоңырау шалу сапасы төмендейді.
*4720# – қосу
#4720# – алып тастау

P.S. Айта кететін нәрсе, бұл қызметтер біздің операторларда жұмыс жасамайды. Бәлкім, сіздерге әлдебіреулер қоңырау шалу бағасын үнемдейтін қызметті қосып бере аламын деуі мүмкін. Бірақ бұл қызмет те, жұмыс істемейді.

*#war0anty# (*#92702689#) – қызметтік ақпарат (шығарылу мерзімі, сериялық нөмір, жөндеу жұмыстары жүргізілді ме және қашан, құрылғының толық сөйлесу таймері, т.б.). Бұл ұялы телефон сатып алғанда, пайдалы ақпаратқа айналатыны сөзсіз. Осылайша, телефонның су жаңалығын немесе пайдаланылғандығын білуге болады.

P.S. Егер, сіздер басқа да комбинацияларды білсеңіздер, жарияласаңыздар екен.

кейбір сөздердің аудармалары http://www.ilk.kz, http://sozdik.kz және perevod.nur.kz сайттарының көмегімен жасалды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: