Ұялы телефон веб-камера ретінде

Бүгін сіздермен ұялы телефонды веб-камера ретінде пайдалану туралы ақпаратпен бөліссем деймін.

Басты талап: телефоныңыз смартфон болуы қажет;

1. Ұялы телефоныңызды компьютерге USB арқылы «PC Suite» режимінде қосу керек.

2. мына сілтемеде орналасқан файлды компьютерімізге жазып аламыз (скачать): http://depositfiles.com/files/njnw4cda7

3. жазу үдерісі (процесс, көп жағдайда бұл сөз үрдіс қате деп аударылады) аяқталғаннан кейін, архивті ашып, «mobiolawebcam3_wl_s60v3.exe» файлын компьютерге орнатуды бастаймыз:

а) «Next»;

ә) «I accept the License Agreement» пунктін таңдап, «Next»;

б) ашылған терезедегі «Browse» батырмасы арқылы бағдарламаның орнатылу мекенін өзгертуге болады. Автоматты түрде ол С дискісіне жайғастырылады. Тағы да «Next»;

в) орнату барысында ашылатын келесі терезеден аталмыш бағдарламаның «Бас мәзірде» қай бумада орналасатынын «Browse» батырмасы арқылы реттеуге болады. Кейіннен «Next»;

г) «Create a desktop icon» пунктіндегі жалауша Жұмыс үстелінде осы бағдарлама белгісін орнату/орнатпауды анықтайды, ал «Run Mobiola Web Camera on Windows startup» пунктіндегі жалауша Windows ортасы іске қосылғанда, осы бағдарламаның автоматты түрде жүктелу/жүктелмеуіне (автозагрузка) жауапты. Қажетті таңдауларды жасағаннан кейін «Next»;

ғ) пайда болған терезе бағдарламаны тікелей орната бастайды. Егер кейбір ақпараттарды қайта енгізу қажет болса, «Back» батырмасын пайдаланамыз. Олай болмаса, көптен күткен «Install-ды» таңдаймыз;

д) бағдарламаның орнатылуы аяқталып, қорытынды терезе пайда болады. Мұндағы «Launch Mobiola Web Camera» және «Install application to your phone» пункттеріндегі жалаушалар тиісінше «Finish» батырмасын басқаннан соң аталмыш бағдарламамен жұмыс басталады және бұл бағдарламаның «sis» версиясы смартфоныңызға орнатылады. Негізі «Launch Mobiola Web Camera» пунктіндегі белгіні алып тастаған жөн. Ал «Install application to your phone» белгіленіп тұра берсін.

е) «Finish» батырмасын басқаннан кейін, «Nolia PC Suite» бағдарламасы «Установить приложение на телефон?» деген сұрақ қояды. «Иә» жауабын таңдағаннан кейін ұялы телефоныңызда орнатуға рұқсат сұралады. Оған да оң мәнде жауап беріп, қажетті жерге орналастырамыз.

4. Жазып алған архивтегі «Crack» бумасынан «webcam.exe» файлын бағдарлама орнатылған дискідегі мекеніне (әншейінде C:\Program Files\Mobiola Web Camera for S60) жайғастыру керек (извлечь). Көшіру барысында «webcam.exe файлын ауыстыру керек пе?» деген сұраққа «иә» деп жауап беру керек. Бұл арқылы бағдарламаны тіркеуден өткіздік (крэк – көбінесе заңды емес ).

5. Енді тікелей бағдарламамен жұмыс жасауға көшейік:

а) Жұмыс үстелінен немесе «Пуск-тен» «Mobiola Web Camera for S60» белгішесін ашу керек;

ә) ашылған кішкене терезенің оң жақ бөлігінде байланыс түрі көрсетіледі (USB, Bluetooth, WiFi). Тиісінше USB пунктін таңдаймыз.

б) ұялы телефоныңызға орнатылған «Web Camera 3» бағдарламасын ашу керек. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін, «Функции-Connect-USB» командалық қатарын орындау керек.

в) нәтижесінде компьютер экранында және смартфон дисплейінде бейнекөрініс пайда болу керек. Олай емес жағдайда, компьютердегі бағдарлама терезесінің оңтүстік-шығыс бөлігінде, яғни бағана байланыс түрін таңдаған пункт астында USB порттар тізімі тұрады. Сол порттар мәнін өзгертіп, телефоныңыздан қайтадан «Connect» командасын орындаңыз.

(жалғасы бар…)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: