SMS-терді тегін жіберу қызметі

Көбінесе SMS (Short Message Service — қысқа хабарламалар сервисі) арқылы байланысу жүзеге асырылады. Осы SMS-терді тегін жіберу қызметі жөнінде ақпараттандырсам.
Ол үшін сіз K’Cell немес Activ операторларының абоненті болуыңыз керек. Егер олай болмаса, достарыңыздың, ата-анаңыздың, туыстарыңыздың арасынан біреуі табылар.

Бұл қызметті пайдалану үшін бір қосымша бағдарлама орнату қажет. Электронды поштаңыздың адресін жазсаңыз, салып жіберуге тырысамын.

1. 245 нөміріне кез-келген мәтіндегі sms жібереміз (бұл тегін).

2. келген жауапты есте немесе телефонға сақтап қою керек. Бұл сіздің құпия сөзіңіз (пароль).

3. өз операторыңызға байланысты www.kcell.kz немесе www.activ.kz сайтына кіреміз.

4. сол жерден sms жолдау деген сілтемені тауып алу қажет.

5. жоғарыда айтылған қосымша бағдарлама осы жерде қажет. Болмаса, өзіңіз де көрсетілген сілтемелерге өтіп, орнатсаңыз болады.

6. аталмыш бағдарламаны орнатқаннан кейін, http://www.kcell немесе http://www.activ.kz сайттарына қайта ораламыз.

7. on-line sms жолдау сілтемесіне өткеннен соң, сізден телефон нөмірі және құпия сөзді енгізуді сұрайтын терезе ашылады. Тиісті түрде алаңдарды толтырамыз.

8. Осы жерде пайдаланушылық келісім (пользовательское соглашение) жасалады. Мұқият оқысаңыз да болады немесе пайдаланушыларды 95 %-ға жуығы секілді қабылдай (принимаю) салуға болады.

9. нәтижесінде телефон нөмір; хабарлама мәтіні; қалған таңбалар саны; қалған хабарлар саны сияқты мәлімет енгізу терезесі ашылады.

10. алаңдарды тиісінше толтырып, жолдау батырмасын басамыз. Хабарлама жіберілді.

Өздеріңіз байқағандай бір күнде 15 хабарлама жіберуге болады және сіздің есебіңізде айтарлықтай мөлшерде бірліктер болуы керек.
Сондықтан, достарыңыздың, ата-ана, туыстарыңыздың нөмірін пайдаланып, бұл 15 sms-ті бірнеше есе көбейтуге болады.

Тағы бір нәрсе. Пайдаланып жүрген mail агент арқылы да sms тегін жіберуге болады, бірақ бұл хабарлама мекен-жайына жететіндігіне кепіл бере алмаймын. Агенттің бұл қызметін Beeline абоненттеріне жіберуге пайдаланып көріңіз.

One Response

  1. ол кандай бағдарлама
    Dastan_sunak@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: