АТЭС саммиттері

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) – халықаралық экономикалық  ұйым. 1989 жылы Канберрада Австралия және Жаңа Зеландия премьер-министрлерінің инициативасымен құрылған. Ұйымның негізгі мақсаттары – еркін, ашық сауда режимін қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастықты нығайту. Алғашында министрлер деңгейіндегі жиналыс АТЭС-тің жоғарғы органы болып келді, бірақ 1993 жылдан бастап мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттер өткізіле бастады. АТЭС органдары: жоғарғы деңгейдегі конференциялар, сыртқы істер және экономика министрлерінің сессиясы, тұрақты секретариат, Азия-Тынық мұхиттық парламенттік форумы және т.б. 1994 жылы ұйымның стратегиялық мақсаты жарияланды, ол бойынша мүше мемлекеттер 2020 жылға қарай АТА-да еркін, ашық сауда және либералды инвестициялық режим құру. АТЭС-ке Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 19 ел және екі территория Гонконг және Тайвань кіреді. Соңғы екеуі АТЭС-тің ресми мүшесі емес, АТЭС-тің экономиктері деп аталады.

АТЭС қызметі келесі бағыттарды қамтиды:

  1. Жаһандану және жаңа экономикадан ұтымды жетістікке жету. Индивидуалды жоспарлар қабылдау арқылы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, цифрлық технологияның қолдану аясын кеңейту және оған барлық мемлекеттердің қол жетімділігін қамтамасыз ету,  адамдық потенциалды дамытып, корпоративті басқарудың жаңа әдістерін енгізу мәселелері зерттелуде.
  2. Сауда мен инвестицияның либерализациясын дамыту. Сауда эффективтілігін арттыру, аймақтағы инвестициялық климатты жақсарту, көп жақты сауда жүйесін қолдау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
  3. Қалыпты экономикалық өсімді қолдау. Өндірістік салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформалар жүргізу, қаржылық сала бойынша ынтымақтастықты арттыру.

АТЭС шеңберіндегі саммиттер

Ең алғашқы саммит АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен болатын. Онда қатысушылар еркін сауда, инвестиция, қызмет көрсетуге ықпал жасау; қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз ету; білім стандарттары мен өмір сүру деңгейінің жоғары деңгейіне қол жеткізу арқылы ашықтық пен әріптестік принциптеріне негізделген Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құру перспективалары талқыға түсті. Аталған идеялар «видения АТЭС» деген атауға ие болды.

1999 жылғы Индонезияның Богория қаласында өткен саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағында 2010-2020жж еркін және ашық сауда мен инвестиция жүйесін құру туралы ұзақ  мерзімді мақсат көрініс тапқан «АТЭС лидерлерінің ортақ экокмикалық шешімдері туралы Декларация» қабылданды.

1995 жылы АТЭС лидерлері Жапонияның Осака қаласында өткен саммитте бас қосты. Бұл бас қосуда тараптар жарияланған мақсаттарды іске асыру бойынша Бағдарлама қабылдады. Бағдарлама бойынша әрбір қатысушы мемлекет сауда және инвестициялық режимдерді либерализациялауға бағытталған индивидуалды жоспар, сонымен бірге экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұжымдық жоспарды дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

Манилада (1996 жыл, Филиппины) өткен төртінші саммитте қатысушылыр 1997 жылдан бастап сауда және инвестицияны либерализациялау үрдістерін дамыту мақсатында нақты практикалық қадамдар жасау туралы келісімге келді. Сонымен бірге сауда мен инвестицияны либерализациялау бойынша қатысушы мемлекеттердің индивидуалды және ұжымдық жұмыс жоспарлары, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамыту үшін рамкалық шарттар құру туралы Декларация негізінде АТЭС-тің Манила жоспары қабылданды.

1997 жылғы Канаданың Ванкувер қаласында өткен саммитте АТЭС мүшелігінің негізгі критерийлері бекітіліп, 11 үмітекрдің ішінен үш жаңа мүшелер: Ресей, Вьетнам және Перуді ұйымға қабылдау туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін ұйымға қабылдауға 10 жылдық мараторий жарияланды. Сонымен қатар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты күшейту туралы Декларация қабылданды. 2010 жылға дейін  тауар саудасындағы 15 сектор бойынша тарифтік және тарифтік емес барьерді шектеу мақсатында  (оның ішінде 9 сектор бойынша нақты қадамдар 1999 жылдан басталуы керек еді) ерікті секториалды либерализация туралы бағдарлама қабылданды.

Алайда Куала-Лумпур (1998 жыл, Малайзия) саммитінде жеделдетілген секториалды либерализация Дүниежүзілік сауда ұйымының қарауына берілді. Бұл саммитте қатысушылар қаржы дағдарысынан шығу және АТА-дағы ортақ экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; сауда және инвестиция шарттарын жеңілдету; XXI ғасырға бағытталған экономикалық және техникалық ынтымақтыастықты жеделдете дамыту мәселелерін күн тәртібіне қойылды. Және де осы саммит барысында Ресей, Вьетнам және Перу ұйымның толыққанды мүшесіне айналды.

АТЭС-тің Окленд саммитінде (1999 жыл, қыркүйек, Жаңа Зеландия) азиялық қаржы дағдарысы сабақтары; аймақтағы экономикалық өсуді қайта қалпына келтіру және қолдау; Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі келіссөздердің жаңа кезеңінде көпжақты сауда жүйесіндегі АТЭС-тің рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге  Форумның 10 жылдық қызметіне қорытынды жасалып, жаңа мыңжылдықтағы АТЭС-тің даму перспективалары қарастырылды.

Форумның сегізінші саммиті 2000 жылы қараша айында Брунейде өтті. Ондағы талқылынған негізгі мәселелер: жаһандану үрдістерінің жетістіктерін   экономикалық өсімде қолдану; заманауи информациондық және телекоммуникациондық технологияны меңгеру және осыған байланысты «жаңа экономика» проблематикасы; көпжақты сауда жүйесі мәселесі.

2002 жылғы 10-шы Лос-Кабосте (Мексика) өткен саммитте терроризмге қарсы күрес басты тақырыпқа айналды. Қатысушылыр саммит барысында адам капиталын жақсарту арқылы, информацияларға тікелей шығу мүмкіндігін кеңейту арқылы шағын, орта, микро кәсіпорындарды дамыту, адам мүмкіндіктерін арттыру мәселесін талқылады. Және  жаһандану үрдістері экономикалық прогрестің қозғаушы күші екендігі атап айтылды. Мемлекет басшылары аймақтың дамуына орта және шағын бизнес елеулі әсер ететінін атап, форум шеңберінде шағын кәсіпкерлікті дамыту жоспарын жүзеге асыратын жұмыс органын құру туралы шешімге келді.

Мемлекет басшыларының 2004 жылғы  20-21-қарашада Сантьяго (Чили) саммитінде қабылдаған «Ортақ қоғам – біздің болашағымыз» атты декларациясында АТЭС қызметінің алдағы негізгі бағыттары анықталды:

  1. Сауда мен инвестицияны либерализациялау арқылы алдағы даму (ғаламдық масштабтағы сауда либерализациясы);
  2. АТЭС-ке мүше мемлекеттер арасында сауда қатынастарын кеңейту инициативасы (аймақта еркін және ашық сауда қатынастарына қол жеткізуді аяқтау);
  3. Экономикалық өсімнің негізі болып табылатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Терроризмге біріге қарсы тұру);
  4. Білімге негізделген қоғамды және сапалы басқаруды құруға ықпал жасау (Коррупцияға қарсы күрес);

2006 жылы 18-19-қараша аралығында Ханойда (Вьетнам) «Қарқынды даму мен гүлдену үшін динамикалық қоғам құру бағытында» деген тақырыпта  АТЭС-тің 14-ші саммиті болып өтті. Қорытынды декларацияда еркін сауда мен инвестиция, адам қауіпсіздігі, күшті қоғам құру мәселелері бойынша аймақтың даму стратегиясы көрініс тапты.

Қорытынды

Формалды түрде консультативті мәртебесін сақтай отырып АТЭС іс жүзінде сауда мен инвестициялық қызметтің аймақтық ережелерін жасайтын механизмге айналды. АТЭС қызметі арқылы мемлекеттер интеграция, еркін сауда зонасы процестеріне белсене араласуда.

Қаракөз Жұмабекова

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: