Дұға (Фатихаға еліктеу)

«Аса Қамкор, Мейірімді,

Ең Мүлтіксіз, Ең Қуатты, Зор, Пәк, Шексіз, Ақылды Ең,

(Кеңейт, АллаҺ, пейілімді)

Сөз бастадым бір Өзіңнің Атыңмен.

Рахимыңнан нәр емгенмін,

Рахманды сезінгелі көрген емен мұңайып.

Раббысы әлемдердің

Күллі Мадақ Саған ғана лайық!

Иманымның, жиғанымның

Мың есесі татымайды-ау жалқы арманның құнына.

Есеп күні Дидарыңның

Еріп бара жатсам, шіркін, Таңғажайып Нұрына.

Сені ғана көрем Дара,

Саған ғана сыйынамын бас иіп,

Ұлы Раббым, Сенен ғана

Жәрдем күтем жанарыма жас ұйып:

Тура жолға басташы деп –

Нығметке бөленген бір жақсылардың жолына!

Ертпесінші басқасы кеп

Ашуыңды шақырған мен адасқанның соңына»

Иман гүлдеп жүрегіме,

Қанағатсыз қиялымның қалықтауын қарашы…

Шіркін, осы тілегіме

Бір мезетте ӘМИН десе барша адамзат баласы…

ӘМИН! 

Мұрат Есжан

3 жауап

  1. Жақсы жазылған. Көп жүректер мұн сіңіруге әзірге қабілетсіз болып тұрғаны ғана өкінішті…

  2. Amin!

  3. Әмин

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: