ЕҚЫҰ шеңберіндегі экономикалық және экологиялық өлшем

«Жалпы қауіпсіздік» концепциясы шеңберіндегі экономико-экологиялық өлшем ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық мәселелерге қатысты әдістемелері Экономикалық және экологиялық өлшем саласы бойынша ЕҚЫҰ стратегиялық құжаты Экономико-экологиялық өлшем бойынша ЕҚЫҰ-Қазақстан ынтымақтастығы
ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастық даму мен тұрақтылыққа әкелетінін ескере отырып, «жалпылық» сипаттағы қауіпсіздік шеңберінде экономикалық және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысады. Ұйым шеңберіндегі қауіпсіздіктің бұл өлшемі қақтығыстың алдын алу мен постқақтығыстық жағдайды реттеудің құралы болып табылады. Бұл өлшемнің негізі Хельсинки қорытында Актісінде бекітілді. 90ж басында ЕҚЫҰ осы бағыттағы қызметі белсенді дамыған жоқ. 1975-90ж арасында экономико-экологиялық мәселелер бойынша үш кездесу өтті: Гамбургтегі ғылыми форум (1980ж), Софиядағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кеңес (1989ж), Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бонн конференциясы (1990ж).  Осыдан кейін осы бағытта бірігіп әрекет ету шаралар кең қарқын алды. ЕҚЫҰ экономикалық, экологиялық сала бойынша оперативті әдістемесінің дамуы екі бағытта жүзеге асады: мониторинг және осы сала бойынша ұйым саясатын координациялау. 1999ж Еуропалық қауіпсіздік хартиясында қатысушы мемлекеттер  соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы мен табиғи байлықтардың сарқылуы нәтижесінде қауіпсіздікке төнетін қауіптің даму   мен қауіпсіздік, демократияға тікелей байланысы бар екендігі  жарияланды. 2000ж ЕҚЫҰ шеңберінде экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша саясатының белсенділігімен сипатталды, бұл саланың ұйымның қауіпсіздік концепциясында рөлі артып, экономико-экологиялық қызмет бойынша ЕҚЫҰ Офис Координаторы құрылды. Сонымен бірге 2001ж Тұрақты кеңесте экономико-экономикалық мәселелер бойынша подкомитет құрылды. 2000ж дейін бұл сала бойынша ұйым саясаты айқын болған жоқ. 2003ж  экономико-экологиялық сала бойынша негізгі стратегияның қабылдауыны осы бағыттың мақсаты мен міндетіне айқындық кіргізді. 2003ж желтоқсанда Маастрихте экономикалық және экологиялық сала бойынша стратегияляқ құжатты қабылдау ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің  11-ші кездесуінді орын алды. Бонн құжатын толықтырған стратегиялық құжатта қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығының мақсаттары, қағидалары және әдістері бекітілді. Стратегия қазіргі кездегі экономикалық, экологиялық қауіпсіздік саласын бағалауға негізделеді. Сонымен бірге стратегияда осы мәселелерді шешу жөнінде негізгі критерийлер мен нұсқаулар көлсетілген. ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасында экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастық жолға қойылған. 1998ж қыркүйек айында ЕҚЫҰ осы сала бойынша координатор Т.Прайс басшылығындағы делегация Қазақстанға келді. Сапардың мақсаты: осы салалар бойынша Алматыдағы ЕҚЫҰ орталығы қызметінің бағыттарын талқылау. ҚР үшін экономикалық өлшем үлкен қызығушылық туғызды. Осыған дейін ҚР қызметі тек бақылаушы сипатқа ие болса, қазір ол белсенді даму үстінде. 2000ж ЕҚЫҰ қазіргі төрағалығы трансеріктестіктің тиімді басқарылуына назар аударды. 2006ж Алматыда «Орталық Азиядағы еңбек миграциясы» мәселесі бойынша аймақтық  ынтымақтастықты нығайту мақсатында семинар ұйымдастырылды. Қазақстан осы салалар бойынша қызметті координациялаудың тереңдетуді, ресурстарды және мүмкіндіктерді тиімді қолдануды қажет деп есептейді. Экономикалық және экологиялық саясат бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды бөліп қарастыруға болмайды. Тұрақты экономикалық даму экологиялық өлшемге тікелей тәуелді.
Жұмабекова Қаракөз
Қабақова Гүлжанат

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: