Рақат Жақсыбай, продюсер:«Ел Арнаға» – 10 жыл, «Азаматқа» – 9 жыл

– Бүгінде отандық теле-нарықта жастарға арналған дербес арна түгілі, жеке бағдарламалар да некен-саяқ. Ал «Азамат» сияқты 9 жылдан бері жастардың мәселесін көтеріп, оларды сөз шешендігіне баулып жатқан бағдарламалар мүлдем жоқ. Бұл бағдарламаның өзі сол ашық жатқан кеңістікті толтырып отырған сияқты. Қазақ телевизиясына қарасаңыз, ұзақ мерзімді бағдарламалар көп емес. Кейбір бағдарламалар көбіне 1-2 жылдық жоспармен шығады. Ал 9 жылдан бері көрермен көзайымына айналған біздің бағдарламамызда ұжым да ауысты, формат та ауысты. Бірақ бағдарламаның ең негізгі ұстыны өзгерген жоқ: ол – «Ең болмаса мыңның біріне әсер ету» ұстанымы. Яғни, көрермен алдындағы ең басты миссиямыз ауысқан жоқ. Бір жағынан, сол бағдарламаға қатысушылардың шешендігі, аудитория алдында сөйлеуі, білімі мен білігі ұшталып жатса, екінші жағынан, осындай ұлтжанды, парасатты жастардан көрермен де үлгі алып жатады.

– Бір таң қаларлығы, «Азамат» бағдарламасы телевизиялық жоба форматынан да шығып, пікір-талас клубына да айналып кетті. Қазір бұл клуб қандай шараларды қолға алып жатыр?

– Рас, «Азамат» тек қана бір бағдарламаның аясында шектеліп қалған жоқ. Ол жастар үшін үлкен мектепке айналды. Ең басты мақсат – жастардың басын қосу, мүдделерін тоғыстыру. «Азамат» бағдарламасы – жастардың қоғамдағы өзекті мәселелерге байланысты еркін ой айтуға мүмкіндік туғызатын алаң. Осы жобаның тағы бір ерекшелігі, қазіргі таңда Парламентпен де байланысымыз бар. Мәселен, клубтың мүшелері өздерін жақсы жағынан көрсетсе, заң жобаларымен, Парламент қызметімен танысу үшін депутаттың көмекшісі ретінде бір-екі аптаға дейін Парламенттен іс-тәжірибеден өтеді. Тіпті, бағдарлама аясында талқыланған заң жобалары болсын, қоғамдағы өзекті мәселелер болсын, оларды да халық қалаулыларына депутатттық сауал ретінде дайындай алады немесе заң жобаларына өз ұсыныстарын қосады. Осыдан екі-үш жыл бұрын Парламентте «Мемлекеттік рәміздер туралы» заң жобасы талқыланған кезде, «Азаматтың» бір топ мүшесі барып, 16 ұсыныс тастады. Бұл дербес қоғамдық пікір ретінде ұсынылған бастамалар еді. 2007 жылы бір топ жастардың бастамасымен «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын дайындап шықтық. Біз «міндетті түрде біздің жобамыз қабылдансын» деген жоқпыз. Біз жас буын ретінде аға ұрпақтың бастамаларын қолдаймыз деген ой еді бұл.

Біз тіл дегенде, есімізге міндетті түрде Мұхтар Шаханов түседі. Мұхтар ағамыз бір бастама көтеріп жатса, үй ішінде отырып оны іштей қолдаймыз. Бірақ тіл тек қана Шахановтың мәселесі емес қой. Ұлттық мүдде, имандылық мәселелері болсын, тіл проблемасы болсын, бұлардың бәріне біздің үн қатуымыз өте маңызды. Біз кейде «біздің пікірімізді кім естіп жатыр» деп ойлаймыз, бірақ кейбір оқиғаларда жазылған бір кішкентай хаттың өзі қоғамда үлкен резонанс туғызуы мүмкін. Яғни, немқұрайлықтан арылу керекпіз.

– «Ел Арнаның» 10 жылдығына орай «Азамат» бағдарламасы көрерменді несімен қуантады?

– Иә, біз мерекелік бағдарламаларды дайындап жатырмыз. «Азамат» жастар парламенті осыған орай арнайы мерекелік хабарын «Азамат және түркі әлемі» деп атады. Мұны өзіндік цикл деуге де болады. Бұдан бұрын «Азамат және аймақтар», «Азамат және жоғары оқу орындары» деген арнайы хабарларымызға аймақтардан және оқу ордаларынан студент жастарды шақырған едік. Ал мерекелік хабарға Өзбекстан, Қырғызстан және Түркиядан студент жастарды шақырып, пікір таластырмақпыз. Бұл жерде ортақ проблемалар да бар ғой. Түркі әлемінің ақпараттық кеңестігі де – өзекті тақырып. Бұл пікір-сайыстар қазақ тілінде өтеді. Жалпы, өзара түсінісуде аса бір қиыншылық болады деп ойламаймын.

http://www.aikyn.kz

5 жауап

  1. “Ел Арнаның” жауһарларының бірі және де бірегейі – “Азамат – жастар парламенті” бағдарламасын сүйсініп, таңдана отырып, жас депутаттардың қабілет-қарымдарына риза болып отырып тамашалайтын аса үлкен аудитория бар. Олардың арасында аға буын да, жастар да бар. Бағдарламаның қоғамға бергенінен болашақтағы берері мол екеніне сенгім келеді… Клубтың бастамаларына алла жар болсын деп тілеймін!

  2. “Азаматты” ерінбей-жалықпай, түнде ұйқыларын, күндіз күлкілерін қойып, аса зор ыждағаттылықпен жасап жүрген жастар тобына алғыс айту артық болмас деп ойлаймын. Рахмет Сіздерге, достар!

  3. Azamat alga!

  4. “қазағым”, “ұлтым”, “тілім” деген жас жітіттер көп болса, шіркін.. Қазақстанның болашағы бар деп сенуге болады! Осы және басқа да жастар проблемаларын 9 жыл көтеріп, жүрген “Азамат” бағдарламасына рахмет. Осыған байланысты “Азамат” бағдарламасы өте қажетті. Рахмет, сендерге! Сәттілік тілеймін!

  5. Ел ертеңін ойлайтын, қазақтың өз-өзін “қазақ қалпында” сақтауына үлес қосатын жастарды тәпбиелеуде “Азамат” ортасының орны өзгеден ерекше деп еш тайсалмай айтуға болады. Елімізде осындай өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыратын ортаның барына шын көңілмен қуаныштымын. Баян апайымыздың сөздерін қайталасам артық болмас-Клубтың бастамаларына Алла жар болсын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: