Саусақ таңбаларының құпиясы

Қазіргі таңда қылмысты тіркеу саласының негізінде дактилоскопия жатыр, ол –күдіктілерді тіркеу мен іздеуде зор маңызға ие. Грек тілінен аударғанда, «саусаққа қараймын» дейтін мағынаға ие дактиласкопия ғылым ретінде 1877 жылдан бастау алады.  

Қасиетті Құран Кәрім «Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зұмар сүресі, 39/9)

Дактиласкопия идеясын дамытушы француз криминалисті Кетле болды, оның ізін басқан А. Берильтон мен ағылшын У. Хершелді  қағаз бен әйнек беттерінде қалған саусақ таңбалары қызықтырады. Үнді жерінде  жұмыс жасаған Хершел сарбаздарға айлық төлеу кезінде қағазға саусақ таңбасын қоюды міндеттеді, осы жаңашылдықтың күшіне енуімен артық ақша алу мәселесі тыйылды. Жиырма жылдық зерттеу Хершелді келесі қорытындыға алып келді: саусақ таңбалары барлық адам өмірінде және өмірден озғаннан кейін де өзгеріссіз болады.

Қасиетті Құран Кәрім «…сондай-ақ, өлген анық дәлел (бәййине) бойынша өлсін, өмір сүрген де анық дәлел бойынша өмір сүрсін! (Әнфал сүресі, 8/42)

Саусақтағы орамдар өзінің құрылымы мен қалпы бойынша басқа адамдардың саусақ таңбаларына сай келмейді. Хершелмен қатар, бірегейлік мәселесімен айналысқан шотланд дәрігері Г. Фолдс болса, саусақ таңбаларын алу кезінде оларды бояудың қажетсіздігін, яғни саусақ ұштарындағы термен бірге майдың бөлінетіндігін және ол орам сызықтарымен сай болатындығын анықтады. Өз зерттеулерінде Фолдс ыдыста немесе қандай да бір затта қалған таңба мен қағазға арнайы түсірілген саусақ таңбасының бірегейлігін анықтап, бұл әдістің сот сараптамасында таптырмас дәлел екендігін түсінді

Ал 1897  жылы Ф. Гальтон криминалистика тарихында саусақ таңбасы арқылы адамдардың бірегейлік белгісінің негізін қалады. Демек, бір адамның саусағының ұшындағы шиырлар екінші бір адамдікіне ұқсауы әсте мүмкін емес. Бұл – қылмыспен күрес әлеміне енген үлкен жаңалық еді. 1902 жылы Данияда тұңғыш рет саусақ таңбасына қарап қылмыскерді анықтау фактісі тіркелді.  Он саусақ таңбасының сәйкес келуі ықтималдық теориясы бойынша, бірдің 64 миллиард бөлігіне (1: 64 000 000 000) тең.  Жер бетінде 6 миллиард жан бер десек, яғни саусақ таңбасы сәйкес келетін келесі бір адамды кездестірмейсіз деген сөз.

Кейіннен саусақ таңбаларының өзгермейтіні, тіпті мәйіттің кім екенін осы таңбалар арқылы тануға болатыны анықталды. Саусақтағы сурет туралы соңғы ізденістер – ондағы иір сызықтардың иесі жайлы генетикалық деңгейде хабардар ете алатынын, яғни тұлғаға қатысты кейбір мәліметтердің сонда сақталатынын айғақтап отыр. Бір қарағанда әр адамның өзіндік ерекшелігі боп табылатын саусақ бедерін шынайы түрде өзгерту әсте мүмкін емес тәрізді.

Ал Құранда ол былайша баяндалады. «Адам біз олардың сүйегін жинай алмайды деп ойлайды ма? Әрине, жинаймыз. Оның бармақтарының ұштарын да түзетіп жинауға күшіміз жетеді» («Қиямет» сүресі, 3-4-аяттар).

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: