Қытай мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастар

Қытай-корей қатынастары көп ғасырлық тарихқа ие және өз бастауын ертеден алады. Бірақ қазіргі заман тарихындағы екі жақты қатынастардың өрбуі бөлек жағдай. Корей түбегінде бір-біріне жау екі мемлекеттің пайда болуы (Оңтүстік және Солтүстік Корея) бұл аймақтағы Қытайдың сыртқы саяси курсын екі бағытта («оңтүстік» пен «солтүстік») жүзеге асуына алып келді. 1949 жылы қаңтарда Корей республикасы құрылғаннан кейін Гоминьдан үкіметі Корей Республикасы  үкіметінің легитимділігін мойындады, сәйкесінше Корей республикасы Қытай Республикасының үкіметін мойындады. Сол кезде ҚХР Корея Халық Демократиялық Республикасын мойындап, 1949 жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Нақ осы сәтті қытай-корей (Оңтүстік Корея) үкіметаралық антагонизмінің ресми басталуы деп қарастыруға болады.

1. 40-ж соңы мен 50-ж басындағы КСРО-АҚШ қатынастарының шиеленісуі биполярлы құрылымның құрылуына алып келді. Ал 50-ж ортасында орын алған жүйедегі алғашқы ашық қақтығыс – Корей соғысы басталды. 1950 жылы 19-қазанда КХДР-ға қытай «еріктілері» әскери көмек көрсетуге аттанды. Әскери қимылдарға формалды түрде НОАК емес, еріктілер қатысқаннан соң, ҚХР заңды негізде (юридический) соғысқа қатыспаған болып есептелді. Бұл соғыс қытай-оңтүстіккорей қатынастарының дамуына өз ықпалын тигізбей қоймады. Изолияциялық саясат, екі жақты қайшылық тереңдей түсті. 1950ж ортасына келіп екі ел арасындағы қатынастар жаңа кезеңге өтті. Корей соғысы аяқталғаннан кейінгі 30 жыл көлемінде ҚХР мен Корей Республикасы қатынастарындағы негізгі мәселелер:

  • Соғысты тоқтату туралы келісімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • ҚХР-КХДР, АҚШ-КР блоктары арасындағы қатынастар;
  • Тайвань мен Оңтүстік Корея байланыстары;
  • Континентальды шельфті барлау;

60-ж екінші жартысында кеңес-қытай қатынастарының шиеленісуі, Қытайдың үшінші күшке айналуы, жалпы аймақтық және ғаламдық деңгейдегі өзгерістер екі жақты байланыстарға өз әсерін тигізбей қоймады. Осыдан кейін Корея Республикасы өз сыртқы саяси курсын корректировка жасауға кірісті.

2. 1972 жылы 10-тамызда Корея премьер-министрі Ким Чон Пхиль журналистерге берген сұхбатында Корея Республикасы  Пекинмен және Мәскеумен дипломатиялық қатынастар орнатуды қалайтындығын білдірді, алайда тек Пекин мен Мәскеу Кореяның егемендік құқығын, және қазіргі режимге жау ретінде қарамаған жағдайда ғана. Ал 1973 жылы 23-маусымда корей президенті Пак Чон Хи сыртқы саясат туралы мәлімдемесінде былай деп жариялады: «теңдік және өзара ықпалдастық принципіне негізделе отырып, Корея Республикасы бүкіл елдерге, оның ішінде қоғамдық-саяси жүйедегі  идеологиялық қарама-қайшылыққа қарамастан  КСРО мен Қытайға «ашық есік» саясатын ұстанады ». Ресми Сеул Қытаймен жақын арада саяси қатынастар орнату мүмкіндігін жоққа шығарып, ынтымақтастықты экономикалық, жалпы саяси емес салада жүзеге асыруға қарсы еместігін білдірді. Сонымен саяси емес қатынастар орнату нәтижесінде  қытайлық ресми тұлғаларға Оңтүстік Кореялық әріптестермен байланыста болуға, қытай дипломаттарына келіссөз жүргізу, жиналыстарға қатысу мақсатында Кореяға баруға мүмкіндік берілді.

1974 жылы екі ел арасында пошта-телеграфтық байланыстар орнатылды. Ал 1975 жылдан бастап қытай территориясында тұратын этникалық корейлер Оңтүстік Кореяда тұратын туыстарына баруға, ал дипломатиялық және жұмыс паспорттары бар корейлер КХР–де оқу бағдарламаларына, халықаралық симпозиумдарға қатысуға рұқсат етілді. Алайда 1970-ж КХР мен Оңтүстік Корея қатынастарында түбегейлі өзгерістер болды. Оған келесідей факторлар себеп болды:

  • «қырғи-қабақ» соғысы барысындағы социалистік және капиталистік лагердің ғаламдық деңгейдегі қарсылығы;
  • екі ел арапсында ұзаққа созылған өзара сенімсіздік, саяси қастық, әскери қарсылық, экономикалық изоляция және бір-бірін өзара танымаудың болуы;
  • ҚХР мен КХДР-ның Оңтүстік Кореяның сыртқы саяси инициативасын біріге сынауы және байкот жасауы;
  • екі мемлекеттің де ішкі саяси тұрақсыздығы (Қытайдағы мәдени революция, Кореядағы антиүкіметтік қозғалыстар);
  • АҚШ және Жапониямен қатынастарының нормализациялануына қол жеткізген Қытайдың жуық арада Корей Республикасымен қатынастарының жақсара түсу мүмкіндігінің аздығы, өйткені қытай-солтүстіккорей қатынастарына нұқсан келтіру қаупі болды;
  • тайвань-оңтүстіккорей сауда-экономикалық қатынастарының дамуы.

3. 1980 жылы Корея президенті Чон Ду Хван жаңа сыртқы саяси курсты жария етті, онын негізгі сипаты: «Менің досымның досы – менің досым». ҚХР-мен қатынастарды нормализациялау мақсатында ресми Сеул үш этапты жоспар ұсынды: спорт саласындағы қатынастарды нығайту, сауда-экономикалық өзара ықпалдастық және дипломатиялық қатынастар орнату. 1985 жылы қаңтарда Корея Сыртқы істер министрлігі жанынан ҚХР бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Ресми Пекин Кореяның инициативасына қарсылық көрсеткен жоқ, алайда ҚХР сыртқы істер министрі Хуан Хуа «есік жабық, бірақ құлыпталмаған» деген метафораны қолданды. Осы кезеңде елеулі орынды ұшақта болған инцидент (қытайлық пассажирлерді кепілдікке алу) пен спорттық шаралар (баскетбол, теннис) алды. Қытайда өткен 1990ж Азия ойындарында Корея шығындардың 20%-ын өз мойнына алып, 4000 оңтүстік кореялық турист ойындарды тамашалауға келді. 1988ж кореялық «Тэйнонь» компаниясы Фучжоуда тоңазытқыш зауытын ашты, тауар айналымындағы  экспорт-импорт жолға қойылды. 1990 жылы екі елде сауда өкілдіктері, тікелей теңіз жолы ашылды. 1978 жылы өзара сауда айналымы 18,8 млн АҚШ доллларын құраса, 1991ж 5,81 млрд долларға жетті. Сонымен бірге әуе қатынастары жолға қойылды.

4. 1980ж соңынан бастап екі ел арасында дипломатиялық қатынастар кеңейе түсті. Гонгконгте Корея Республикасының консулдығы жұмыс істеп тұрды. 1991 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 46-сессиясы шеңберінде ҚХР және Корея Республикасы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі болды. Жыл соңына дейін осындай деңгейдегі тағы да үш кездесу болып өтті.   Сол жылы қараша айында АТЭС шеңберінде ҚХР Сыртқы істер министрі Цянь Цичэнь мен Корея президенті Ро Дэ У арасында келіссөздер жүргізілді (кездесу 40 минутқа созылды).

1992 жылы сәуірде ЭСКАТО шеңберінде Ли Пэн мен Ли Сан Ок арасында келіссөздерде екі ел қатынастарын дамыту мәселесі тағы да көтерілді. Оңтүстік Кореялық тараптың пікірінше, осы кездесу «тараптардың ресми дипломатиялық қатынастар орнату мәселесін талқылауға дайын екендігін білдірді». Осыған байланысты Дэн Сяопин өзінің ұстанымын да білдірді. Кейіннен Цянь Цичэньн былай деп еске алады: «… әңгіме барысында Дэн Сяопин Корея Республикасымен экономикалық және мәдени алмасуларды жеделдету және нығайтатын уақыт келді деп атап көрсетті. Екі елдің адамдары арасындағы алмасулар Тайвань үшін де, АҚШ, Жапония үшін де, Корея түбегінде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін де маңызды рөлге ие болған «стратегиялық ту» болды». Экономикалық ынтымақтастық, ғылыми, спорттық, мәдени алмасулар, осы факторлардың барлығы ресми дипломатиялық қатынастардың орнатылуына алғышарт болды.

1992 жылдың сәуірінен ресми дипломатиялық қатынастар орнату бойынша ресми келіссөздер басталды. Нәтижесінде 1992 жылы 24-тамызда екі ел Сыртқы істер министрлері Қытай Халық Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі біріккен коммюникеге қол қойды. Бұл құжатты қабылдаудағы Қытай дипломатиясының басты жеңісі Оңтүстік Корея мен Тайвань арасындағы дипломатиялық қатынастарының үзілуі болды. Сонымен бірге Қытайдың стратегиялық мүддесіне жауап беретін айналасында «тату көрші сызығының» құрыла бастауы да ерекше рөлге ие болды. Ең бастысы бұл құжат 40 жылға созылған конфронтацияның аяқталып, Солтүстік-Шығыс Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге өтуіне өз септігін тигізді.

Қазіргі кезде Корея Республикасының АҚШ-пен стратегиялық әріптестігіне қарамастан қытай-корей қатынастары қарқынды дамуда. 2008 жылы мамырда Корея Президенті Но Му Хеннің Қытайға ресми сапары барысында ҚХР мен Корея арасындағы қатынастар «стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтерілгендігі жарияланды. Қытай 2007 жылы Кореяның ірі сауда серіктесі ретінде АҚШ-ты басып озып, Корея экспортының 26,2%-ын құрады (81,9 млрд АҚШ доллары). Өзара сауда айналымы 159,9 млрд АҚШ долларын құрады.  Ал саяси бағытқа келетін болсақ , саяси салада ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыс болғанымен, тарихи фактілер оған кедергі болуда. Бұл жайт саяси салада ынтымақтастық мүлде жоқ дегенді білдірмейді, тек оның деңгейі экономикалық әріптестікке қарағанда әлдеқайда төмен. Алайда Корея үкіметінің АҚШ-пен жақындасу саясатын қайта көтеруі қытайлық тараптың наразылығын туғызды.

Қорыта айтқанда, ҚХР мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуы «қырғи-қабақ»  соғысы барысындағы конфронтациялық режим жүйесінің жойылуына өз ықпалын тигізіп, алдағы уақыттағы көп жақты ынтымақтастыққа жол ашты. Оңтүстік Корея барлық төрт держава тарапынан ресми тануға қол жеткізді, ал бұл нәрсе Кореяның тек аймақтық емес, сонымен бірге ғаламдық сипаттағы мәселелерді шешуде үлкен рөліне оң әсер етті. Өз кезегінде Қытай аймақтағы тату көршілік сызығын нығайтып, Корея түбегіндегі мәселелерді шешуде идеологиялық қайшылықтан азат болуға мүмкіндік алды.

Бұрынғы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэн: «Кішкентай жылға ағысқа айналады, ал ағыстар өзенге айналып, теңізге қайта оралады. Бұл – табиғат заңдылығы. Біздің елдер арасындағы қатынастарда (Оңтүстік Корея және ҚХР) жылға ағысқа айналды. Енді өзара тығыз ықпалдастық арқылы  елдеріміз ашық теңізге шығады» деп ҚХР-Корея қатынастарын сипаттаған болатын.

Қаракөз Жұмабекова

2 жауап

  1. жақсы тақырып екен .осындайларды көбейтіңдерші

  2. ЕСТЬ КУРСОВАЯ РАБОТА НА ТЕМУ ҚЫТАЙ ДИПЛОМАТИЯСЫ
    +7701 500 50 51 ЗВОНИТЕ

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: