Ұялы телефондағы пошта қызметі

Сәлеметсіздер ме! Ұялы телефондардағы электронды пошта қызметін іске қосу туралы қысқаша мәлімет берсек (Nokia E51 мысалының негізінде).

  1. Алдымен, Мәзір – Хабарламалар – Қызметтер (Функции) – Баптау (Настройки) – Электронды пошта командалық қатарын орындау қажет;
  2. Нәтижесінде, ағымдағы электронды пошта анықталмағандығы туралы терезе шығады. Тиісінше, поштаны анықтау үшін Қызметтер – Өзгерту;
  3. Әрі қарай сізге Баптау шебері өз қызметін ұсынады, яғни оны Старт-ты таңдау арқылы растаймыз;
  4. Келесі терезеде Электронды пошта түрін таңдау керек: IMAP4 немесе POP3. Бізге керегін (POP3) таңдап, әрі қарай өтеміз.
  5. Келесі бөлімде өз электронды поштаңыздың адресін енгізіп, (мысалы, zhumabek.sarabek@mail.ru) әрі қарай жалғастыру керек;
  6. Келесі терезеде кіріс (входящий) пошта серверін анықтаймыз: “.mail.ru” жазуының алдына “pop3” енгіземіз (сонда “pop3.mail.ru” болады);
  7. Енді шығыс (исходящий) пошта серверінің мәнін енгіземіз: “.mail.ru” жазуының алдына “smtp” енгіземіз (сонда “smtp.mail.ru” болады);
  8. Осыдан кейін байланыс нүктесін (точка доступа) таңдаймыз, біздің жағдайда “Kcell Internet'”;
  9. Келесі терезеде аталмыш поштаңыздың атауын енгізесіз (кез-келген мән, мысалы “mail”), осымен шебердің жұмысы аяқталды (Дайын)Ғ
  10. Енді қайтадан Мәзір-Хабарламалар-“mail”-ге өтіп, Қызметтер – Байланыс орнату (Установить связь);
  11. Нәтижесінде “пошта жәшігі пайдаланушысының атын” (имя пользователя почтового ящика) және құпия сөз енгізуді сұрайтын терезе шығады. Тиісінше толтырып, яғни пайдаланушы аты “zhumabek.sarabek”, құпия сөз “*******”, ОК батырмасымен растаймыз.
  12. Келесі сұраныс “құпия сөзді пошта жәшігінің параметрлерінде сақтау керек пе?”, “Иә” деп жауап қайтарамыз.
  13. Осыдан кейін автоматты түрде поштаңыздағы хаттар қотарыла бастайды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: