Әлемде 4,5 миллиард адам ұялы телефонды күнделікті пайдаланады

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығын тарих телефон деген атпен тіркеді. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. 1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана, миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды. Wireless Intelligence зертеулер орталығының мәліметтерінше келесі 3 миллиардтық межеге 2007 жылдың соңында жететін боламыз.
Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.

Ұялы байланыстың адам денсаулығына әсерін зерттеуші ғалымдар байланыс орнатудың алғашқы 3-4 секундында сөйлеспей қоя тұруға кеңес береді. Себебі бұл сәтте электромагниттік толқындардың әсері өте көп болады екен. Адам денсаулығына телефонның жағымсыз әсерін азайтудың тағы бір жолы құлақбау тәрізді құрлығыларды пайдалану екен.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы байланыстың жұмыс жасау принципі кәдімгі бал арасының ұясының құрылымына ұқсайды. Әрбір аймақта орналасатын базалық станциялар сіздің үздіксіз байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. Сіздің өзге абоненттермен сөйлесуіңіз, сәлемдеме жіберуіңіз, ІК-порт немесе Bluetooth жүйесінде мәлімет қабылдауыңыз немесе күту режиміндегі телефон электромагниттік толқындардың өрісімен қатар жүріп отырады.

Біздің барлық сөйлесуіміз толқынжима тудыратын тербелістің төңірегінде жүреді. Қазіргі таңда ұялы телефондар 1800-1900 Мегагерц жиілігінде жұмыс істей бастады, бұл дипазонда толқындар аса күшті болады. Олардың сәулесі адам денесіне еніп, оны қыздырады. Осыдан толқындардың адам ағзасының тіндеріне әсері пайда болады. Электромагниттік сәулеленудің қуатының шамамен 20 пайызы адам миына жетеді екен. Бірақ ұялы телефондардан шығатын жиіліктер аса қауіпті деңгейде емес.

Ұялы телефонды сатып алу кезінде, оның SAR-өлшеміне, яғни телефонның сәулелендіру деңгейіне мән беріңіз. Бір ғана телефон маркасының әртүрлі моделінде бұл деңгей әртүрлі болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеуге тырысыңыз, ал ұйқы режимін телефоннан жететін сәуле мен электромагниттік өріс бұзбасын десеңіз, байланыс құралын түнгі уақытта өшіріп қойғаныңыз абзал. Қалай десек те, ХХ ғасырдың бұл жаңалығы коммуникация мен ақпарат дәуірі саналатын ХХІ ғасырда адамзаттың сенімді көмекшісі болып қала бермек.

                                                                                               Қосымша ақпараттар:

 АҚШ осы жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ. Ол негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем елдеріне арнап жасалып отыр. Жаңа құрылғыға деген сұраныс әсіресе негізгі көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады деген болжам бар.

 *****

АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдайда кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.

*****

Швеция ұялы телефонға аллергияның болуын ресми мойындаған бірден-бір мемлекет. Егер сіздің бойыңызда осындай сырқат анықталатын болса, швед үкіметінен өтемақы ретінде 250 000 доллар талап етуге құқыңыз бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: