«Қазақ киносына – ұлттық көзқарас»

«аbai.kz» ұлттық порталы мен  «KZ» жастар жобасының ұйымдастыруымен бүгін (16.04.2010) Мәдени саясат және өнертану институтының мәжіліс залында   «Қазақ киносына – ұлттық көзқарас» атты жиын өтті.

Мәдениеттің ең өзекті бір саласы – кино. Алайда осы саланың тұсауы кесілмеген баладай кібіртіктеп тұрғаны рас. Шалынып, жығылуын біз кинодағы ұлттық көзқарастың жоқтығынан көреміз. Киноны бәзбіреулер коммерциялық  жоба, өнер деп қана бағаласа, үлкен экранға жол тартатын туындының толық құнын ұқпауынан деп ұғамыз. Әйтпесе, бүкіл әлемнің «өз-өзін жаттай сыйлап, жат бойынан түңілетін» елдері мен халықтары бұл киноны ақпараттық соғыстың, ұлтты мансұқтаудың емес, ұлтты ұлықтаудың құралына айналдырып отыр.

2009-дың қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильмге» барып, бүгінгі киноның күйімен танысқанда, өз өкпе-назын білдірген еді. «Қазақфильмге 4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Құрал-жабдықтар, кадр бар. Енді жақсы кино көргіміз келеді. Ел өмірінде маңызды шаралар атқарылып жатыр. Енді сендер жұмыс істеңдер» деген сөз айтқан еді.  

Сол басқосуда «Қазақфильм» басшылығы «Алтын жауынгер», «Ата жұрт», «Ирония любви», «Нереальная любовь», «Бәйтерек», «Рывок», «Арман қала», «Астана, махаббатым менің» фильмдерінің үзіндісін көрсетіп, уәдені орындаймыз дескен-ді. Қазір бұл туындылардың бірнешеуі жарық көріп үлгерді. Жарық көрмегені түсіріліп жатыр. Өткен жылы «Қазақфильм» қырыққа жуық туынды түсіріпті (он толықметражды көркемфильм, оннан аса деректі фильм, «Қазақ елі» деп аталатын 20 сериялы жастар мен балаларға арналған анимациялық фильм). Ал осының қайсысына бар нәрсеге космополиттік, ғаламдық, қарапайым қазақ көрерменінің өресі жетпейтін тұрғыдан емес, ұлттық көзқарас, қазақы қалып тұрғысынан қарайтын қай көрерменнің көңілі толыпты?

Біраз уақыт бұрын көпвекторлы келсап фильмнің дауы көтерілгенде, бұл бізге дейін басшылық кезінде бекітілген деген еді қазіргі «Қазақфильм». Осылай оңай құтылмақ болған. Ал енді ше? «Ирония любви» ме? «Қазақтың еліне, жеріне махаббат жағдайлары болу керек. Алып империя бар жанымызда. Қазақтың болашағы қалай болады, қалай сақтап қаламыз, осыны ойлау керек». Елбасының айтқан сөзі мен қазақ киносын жасаушылардың ісі сай келді ме? Өзіңіз бағамдаңыз.

Экранға жол тартатын «Нереальная любовь». Мұнда да қазақ қызының орысқа телінуі болмақ. «Астана менің махаббатым» қазақ түрікке жармаса бір жасап қалады екен.

«Кино жастарды патриотизмге тәрбиелеуі керек» дегенде кино атқамінерлері  «Қара майор» дейтін фильм бар деп алға тартқан. Империялық көзқарасты орыс азаматының қолынан шыққан туынды қазақ баласының Отанға деген сүйіспеншілігін қаншалықты оята алмақ? Оның үстіне бұл фильмде де қазақ қызы орыстың мұжығына өлермен, ғашық болмақ. Өзіңіз салмақтаңыз.

Уа, тоқтаңыз! Бұл қазақ деген бағзыдан ата қонысы болған, елдігі мен, ақырып сұрар теңдігі болған ел едік қой, жұрт едік қой. Әншейінде, ата-бабасының батырлғы, көсемдігі, шешендігі мен, сөзге тоқтаған қасиетімен мақтанып, мәре-сәре болатын күйіміз қайда?

Аңдысып жүрген дұшпанның, Бұлттан шыққан ай бетті,

Мұнардан шыққан күн бетті, Айттырса, бермес сұлуын

Аппақ қылып маңдайын, Бұғақ қылып таңдайын,

Қиылдырып қастарын, Күнінде аламанға

Тегін олжа қылар ма екеміз?!– деп жырлаған арқалы
Ақтамбердінің сөзі қайда?

Қазақ киносындағы  соңғы уақытағы осындай ұлттық сипаттан ада құбылыстар  мемлекеттің негізгі ұйытқысы саналатын қазақты ұлықтау деп айта алмасақ керек. Қазақ киносын түсіру үшін қазақы қалып, қазақилық қажет. Өзгеге емес, елге ұнайтын қазақы кино керек.

2 жауап

  1. ЕЛБАСЫНЫҢ КИНО ЖӨНІНДЕ АЙТҚАН НАЗЫ ДҰРЫС – АҚ! БІРАҚ ЖҰМЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ағаларымыздың ТҮЙСІГІНІҢ ТӨМЕНДІГІ ӨКІНІШТІ -АҚ! “ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРЫП ОТЫРМЫЗ, ӨНЕР ЖАСАП ЖАТЫРМЫЗ” ДЕП ТЕК ОТЫРУ МЕН ЖАТУДЫ ҒАНА БІЛЕТІН, ТАКТИКАЛЫҚ ОЙЛАП, ҰЛТ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБУШЫЛАРҒА ҚОСЫЛЫП ЖАТҚАНЫ ӨКІНІШТІ ЖАЙТ… (саналы, ұлтжанды көп жастың пікірі)

  2. Қазақтың тарихи киноларында қашанғы өзге ұлттың әртістері ойнамақ? “Көшпенділерді” санамағанда “Махамбет”, “Мұстафа Шоқай” сынды фильмдерді мысалға келтірсек те болады. Бұл үрдісті тоқтатар кез келді емес пе?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: