Даналардан шыққан сөз

Ең ұлы жеңіс – өзіңді-өзің жеңу. П.Кальдерон

Өмір еңбексіз ештеңе бермейді. Гораций

Молшылыққа белшеңнен батқың келе ме? Онда теңізге емес, өз теріңе малшын! Асылды сонда ғана табасың. Егер одан таппасаң, еш жерден таппайсың. М.Пришвин

Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді. К.Д.Ушинский

Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо Да Винчи

Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. М.Әуезов

Егер ісім өнсін десең – ретін тап. Абай

Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды. Ф.Вольтер

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ. У.Шекспир

Әрбір істегі ең маңызды нәрсе – жұмыс істегіңіз келмеген сәтті күштеп жеңу. И.П.Павлов

Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз. Д.Дескин

Рақаттың ең зоры – басқалардың сіз істей алмайды дегенін істей алуыңыз. У.Бэджот

Күте білгендерге бәрі өз уақытында келеді. О.Бальзак

Бақыт әрдайым батыл адам жағында. П.Багратион

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. Абай

Өзіңді-өзің тану – даналықтың бірінші белгісі. К.Маркс

Асықпай ойланып алып, бірақ батыл әрекет жасаңыздар, кең пейілділікпен илігіп, бірақ табанды қарсылық көрсетіңіздер. К.Калтон

Шын дананы тануға болатын нағыз белгі – шыдамдылық. Г.Ибсен

Кім болам десе, сол болу – ұлы адамның ісі де, қолынан келгені болу – әр адамның ісі. В.Гюго

Ойдың реттілігіне әдеттену сен үшін бақытқа жеткізетін бірден-бір жол, оған қол жеткізу үшін қалған нәрсенің бәрінде, тіпті ең бір немқұрайлы нәрселерде де тәртіп болу қажет. Э.Делакруа

Ақылға тыныштық емесғ жаттығулар күш береді. А.Поп

Адамның ақылына жүрегі арқылы жол таба біл. Ал тікелей ақылына жол табу қанша қиын болса, сонша сенімсіз де. Ф.Честерфильд

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден ерек. Абай

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге. Абай

Іздесең – табасың, алыссаң – аласың. М.Әуезов

Әр істің мақсаты туралы ойлаған дұрыс. Л.Н.Толстой

Алға ұмтылу – өмірдің мақсаты осы ғой. Өмірдің мәні мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше тұрмыс-тіршіліктің әрбір сәтінде алда үлкен мақсат тұруға тиіс. М.Горький

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай.

Адам бойындағы өнер атаулы төзім мен уақыт қосындысынан өзге ештеңе де емес. О.Бальзак

Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге;
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге… Абай

Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден. Абай

Аз сөйлер де, көп тыңдар
Хас асылдың баласы. Махамбет

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғаудан сақтауы керек. М.Әуезов

Адамның аса зор ерекшелігі – ең қиын кедергілерді жеңудегі табандылығы. Л.Бетховен

«Адам – құл өзін жеңіп ұстамаған»
Деген бір Сократтан сөз қалыпты. С.Торайғыров

Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс. Цицерон

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен:
Ердің туы намыс.
Қырағының өзі де, көзі де батыр.
Ту сыртыңнан тиген дұшпанды торға түсір, өршеленген жаудың үнін өшір.
Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.

Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын. Р.Шеридан

Білгеніңді барлық уақытта айта берме, бірақ барлық уақытта не айтарыңды біл. М.Клаудис

Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық. Ф.Вольтер

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Абай

Ойланып аламақ – сабыр сол. Абай

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде (өз бойыңда сондай кемшіліктер болмасын деп сақтанып), өзіңді-өзің зертте. Конфуций

В.А.Сухомлинскийдің нақыл сөздерінен:
Өзіңе-өзің ие бол. Өзіңе-өзің әмір етуді кішкентайыңнан үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге крек нәрсені атқаруға өзіңді-өзің үйрете біл.
Оқуға бар ынта-жігеріңді сал – сенің бойыңа сол жарасады.
Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн – босқа өткен күн.
Өзіңе тапсырылғаннан да көбірек істеуге тырыс. Өз алдыңа міндет пен тапсырма қоя біл.

Ең ұлы дарындарды да жалқаулық құртады. Монтень

Мақсатқа жетуге ұмтылушы адамдардың көбі таңдап алған жолымен танбай жүріп отырудың орнына көбінесе бір-ақ рет қатты қайраттанып қалуға бейім келеді, жалқаулық пен тұрақсыздықтың салдарынан олар көінесе өздерінің ең жақсы бастамаларының жемістерінен айырылып қалады да, сапарға өздеріне анағұрлым кеш аттанып, баяу, бірақ оның есесіне тоқтаусыз жүріп отырғандарды өздеріне оздырып жібереді. Ж.Лабрюйер

Уайым-қайғысыздыққа уайым-қайғы қылдағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек, һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Абай

Өзімшілдік – тірі пенденің орасан зор кемістігі. У.Шекспир

Өзімшілдік – өліммен тең. Өзімшіл адам жападан-жалғыз өскен жеміссіз ағаш сияқты қурап қалады, ал өзімшілдік өзінің жан-жақты жетілуіне ұмтылумен ұштасса, ұлылықтың қайнар көзі болмақ. И.С.Тургенев

Ешкім күндемейтін адамның күні қызығарлық емес. Эсхил

Адам ас пісіруді үйренгеннен бері табиғаты тілегеннен екі есе көп ішіп-жеп келеді. Б.Франклин

One Response

  1. Өмірден өткен көптеген философтар даналықты іздеді, жаратылыстың мағынасын, бақыт жолын тапқысы келді. Иә, бұл нәрселерге мұқтаждық кез келген адамның ішкі болмысында бар. Бірақ сол ойшылдардың ішінде сұрақтың жауабын таппай кеткендері қаншама. Нағыз даналық, тура жол – Ислам. Жаратушысын танымаған адам тура жол таба алмайды, екі дүниеде де бақыт құсын қондыра алмайды. Алладан артық ешкім айта алмады!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: