Алаш ұраны

Елім дегендер, қамын жегендер

Адал өрендер, намысы қайнағандар

Елі үшін, ары үшін.

Қайратын қайрағандар

Қазақтың бағы үшін.

Сақтан, алашым, иманың – жиғаның,

Байқа аңғалым, жат қылар жанашырды.

Дос қылар жаманды,

Әзәзіл-аярлар бар, айырар араңды.

===

Баю үшін бағын да сатқандар,

Тою үшін де тонын да, арын сатқан,

Құлданған санасы.

Ел мен жер бізге аманат

Алаштың баласы.

Рухың кешегі, қайда қазағым?

Қайда барасың,

Мұңым сен, жатсам, тұрсам,

Жанымның ардағы.

Бауырлық бірлегенде,

Бағыңның орнауы.

===

Бойға сенім бере алсам деп едім,

Шемен-шеріңе дәруің болсам деп ем,

Уытты, қуатты.

Шыңыңа қонса ерлер, қырандай мұратты

Күндер өтер, жылдар жетеді, бәрі кетеді,

Жалынды жырым қалар,

Жаныңды тербеген.

Алдаспан айбарлы жыр

Жауыңа сермеген.

Қазақ елім, сүйеніш асқарым,

Қайсар қалпыңнан айныма,

Мұнарта бер, айбарлы асқағым.

Жауыңа мұң арта бер,

Серпілсін аспаның.

Серпіліп көк-аспаның,

Серпілсін санасы.

Ел мен жер бізге аманат

Алаштың баласы.

Ел мен жер бізге аманат

Алаштың баласы.

2 жауап

  1. еркін ұйқастағы, мағынасы терең, көп елдің көкірегіндегісін ашып салган өлең екен…

  2. Керемет ән. Кешегі кеште осы әнді орындаған кезде бүкіл зал орнынан тік тұрып кетті.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: