70668 адамның тек 58 пайызы ғана жұмыс жасап жүр

ХХI ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі  әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсересе, әлемдік қаржылық дағдарыс әрбір елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор.

    Қазақстан Республикасы  Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен.  Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі – әлеуметтік саясатты жүргізу, негізгі функциясы –  әлеуметтік қорғау болып табылады.

     Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде өтемақының түрлі формаларын енгізіп және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру үдерісіне Үкімет жасаған түрлі бағдарлама, жобалар және Парламент, Президент бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді. 

Қаржылық дағдарыс жұмыссыздық, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі секілді әлеуметтік мәселелердің өсуіне ықпал етіп, халықтың тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Осы тұста Қазақстанда  мемлекеттік саясаттың басым бағыты  әлеуметтік сала болып қала берді.  Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. 

         Өткенді сараптасақ, соңғы он жылдағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуында алға басушылық бар. 2000 жылмен салыстырғанда ІЖӨ көлемі екі еселенді. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. Халық денсаулығының негізгі көр­сет­кіш­тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.  Әрине, экономикалық көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік саладағы оң көрсеткіштердің пайда болуына тікелей әсер етеді.

Білім және ғылым министрлігі мәліметі бойынша жастар арасындағы  жұмыссыздық  5,9 пайызға төмендегенін көрсеткенімен, бұл нақты жұмыссыз ретінде тіркелеген азаматтардың саны ғана. Тағы бір мәселе, өткен жылы 5056 педагог ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты дегенімізбен, ауылдық жерлерде сұраныс әлі де қанағаттандырылмай отыр. Негізінен «Жол картасы» бағдарламасы нақты еңбек нарығындағы жұмыссыздардың көп бөлігін қамти алмай отыр. Ал қайта дайындаудан өткен 70668  адамның, тек 58 пайызы ғана жұмыс жасап жүр. Демек, мамандарды қайта оқытудағы мақсатымыз ақталмай отыр; мамандар еңбек нарығына қажеті жоқ немесе біліктілігі төмен, бәсекеге қабілетсіз. Қорыта айтқанда, «Жол картасы» бағдарламасын әр өңірдің инфраструктуралық дамуы ғана емес, нақты еңбек нарығындағы мамандарға қажетті жұмыс тауып берудің негізі ретіне дамытқан дұрыс.

         Елімізде жыл сайын әлеуметтік   төлемдер мен мемлекеттік қызметкерлер жалақысы, зейнеткерлер зейнетақысы мен студенттер шәкіртақысы кезең кезеңімен көтеріліп келеді. Мәселен 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап  мемлекеттік қызметкерлер жалақысы мен студенттер шәкіртақысы 25 пайызға артып отыр.  Сөйтіп студенттер қауымының шәкіртақысы енді ғана еліміздегі күнкөріс минимумына (12141 теңге) жетейін деп отыр.  Жалақы өсуімен қатар қымбаттайтын базар, коммуналдық қызметтер бағасына мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлердің көңілі  толар емес.

 А.Молдабекова

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: