Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы

25 сәуір күні Алматыда Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы аталған жиын өтті. Жиынның басты тақырыптары – «Кедендік Одаққа кіру: пайдасы мен зияны», «Ұлттық мемлекетке – ұлттық экономика», «Қазіргі Қазақстан: тәуелсіздік бізге не берді?» «Рухани даму», «Хан Кене» атты тақырыптарда баяндама жасалды.

300 қаралы адам келді жиынға. Облыс-аймақтардан. Биліктің үш тармағының бірі Парламенттен жалғыз өкіл келді: Мұрат Әбенов. Дос Көшім жүргізіп отырды. Төралқада Мұхтар Шаханов, Ғазиз Алдамжаров, Болат Дүйсембі, Иран Ғайып, Дәурен Бабамұратов, Бейбіт Қойшыбай отырды. Сөздер сөйленді. Жарыссөз болды. Қаулы қабылданды. Өлең оқылды. Домбыра тартылды. Дербестеу БАҚ-тың өкілдеріне сұқбаттар беріліп жатты. Бума-бума кітап, газет, журналдар таратылды. Әрбір қатысушы тіркеуден өтіп, қолтығына бір-бір бумадан қысып кетті.

Ұлтшылдардың ынтасы жоғары. Бірақ құр ынта нені шешпек? Құрылтайға келген бәзбіреулер «Балық басынан шіриді» деп айқайлауға құмар. Бірақ, ұмытпаңызшы: балықты құйрығынан бастап тазалайды. Ел-жұртты алаңға апарып, шуылдатуға құмарлар да бар екен. Ал апардық. Одан кейін ше? Қоғамның көңіл-күйін көшеге шығумен ғана шешкісі келетіндердің бұл сұраққа жауабы, жобасы бар ма? Білмеймін.

Ұлтшылдық дейтін ұғымның аясын тым тар түсінетін сияқты көрінді маған. Азды-көпті «айқай сап, айтаққа ерушілер» де байқалып қалды. Жасалған баяндама, айтылған сөздерден бір пікірді ерекше атағым келеді. Ол – Дос Көшімнің «Бәріміз шпионбыз» деп аталған саяси памфлеті. Дос аға құрылтайдағы аураның ығына қарай, өзінің алдын-ала дайындаған баяндамасын емес, памфлетін оқыды. Түсінгенге өте жақсы.

Және тағы бір нәрсе. Хан Кене туралы бастама көтерілді. Бабаға деген құрмет. Өткенге көрсетер ілтипат деп ұғады. Кешегі бабаңыз батыр болғанмен, сіздің өзіңіз қорқақ, білімсіз, мәдениетсіз болсаңыз, атаның жолын қуғаныңыз осы ма? Доңыздан басқан шөбін атына жегізбеген Хан Кененің ісінен үлгі алса бүгінгі ұран салған ұрпағы…

One Response

  1. Орыс тілді ресурстардан осы кездесуде мемлекеттік атын өзгеру жағы талқыланды дегенді оқыдым. Сонда болған екенсіз. Бұл рас па? Жұрт оған қатысты пікірі қандай болды?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: