Балалық шаққа оралу

TOP100: 3. dendy ойындары

Барлығымыз Dendy ойыншығын жақсы білеміз десем қателеспес едім. Осы dendy ойындарын смартфоныңызда ойнай аласыздар, ол үшін:

  1. Мына сілтемеде орналасқан буманы жазып алып, бума құрамын смартфоныңызға орналастыру (распаковка) қажет;
  2. “dendy.sis” файлын ашу арқылы бағдарламаны телефон жадына немесе қосымша жадыға (карта памяти) орнатамыз;
  3. Кейіннен қосымшалар диспетчеріне кіріп, GPFce белгісін ашамыз;

Енді “nes” түріндегі ойын файлдарын ашып, ойнай беруімізге болады. Ол үшін “load new rom” ;

4. Енді осы бағдарлама мәзірінің шеңберінде бастапқы буманың шешілген мекеніне қайта оралу қажет:

Әдетте файл-менеджер бірден телефон жадысын ашады, бірақ сізде ойын файлдары қосымша жадыда орналасқан делік, яғни дисктер таңдау мәзіріне оралуымыз керек. Ол үшін, суретте көрсетілгендей, “\..” сілтемесін таңдаймыз.

5. “Е” дискін таңдап, тиісті бумаға өткен соң ашылған терезеде жарамды ойын файлдары өзгеше түспен ерекшеленіп тұрады:

Қажет ойынды таңдаймыз да, ойынға кірісеміз. Бумада мысалдар ретінде бізге “ыстық” көрінетін “super mario” мен “tank” ойындары орналастырылған.

6. Ойын барысында немесе бастапқы мәзірде “басқару тетіктерін” өз ыңғайыңыға сай реттеуге болады:

Мәзір қатарынан “controls” бөліміне өтеміз. Онда “player 1” таңдаймыз да, қажетті тәртіпте реттейміз.

7. Барлық баптауларды аяқтағаннан кейін, “done” сілтемесін басамыз:

Осымен ойын теңшелімдері аяқталды. Ағылшындар айтпақшы “enjoy”!

P.S. Қосымша ойындарды келесі сілтемелерден жазып алуға болады:

bit16, gamesdendy, emudendy

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: