sms сақтандыру

TOP100: 5. mum sms қосымшасы

Сізге келген sms-хабарламаларды оқуға қызығушылық танытатын индивидтердің (іні, қарындас, әпке, жолдас, құрбы кейпіндегі) сіздің ақпараттық қауіпсіздігіңізге нұқсан келтіргенін қаламайтын шығарсыз🙂 Ол үшін смартфоныңызға келесі бағдарламаны орнатуға болады:

  1. “mum sms” бағдарламасын жазып алып, телефон жадына орнатамыз (орнату барысында пайда болатын барлық ескертпелерге “иә” деп жауап береміз);
  2. орнатылған қосымшалар тізімінен аталмыш бағдарламаға өтеміз:

Бағдарлама теңшелімдерін осы жерден ретке келтіреміз:

а) “монитор іске қосылған” хабарламасы тиісінше бағдарламаның іске қосылып/қосылмағанын білдіреді. Бағдарлама жұмысын тоқтату үшін “қызметтер – мониторды өшіру”;

ә) бағдарлама алғаш рет құпия сөзсіз қосылады. “Қызметтер – құпия сөзді өзгерту” қатары арқылы аталмыш қосымша жүктелген кезде құпия сөз талап етілетіндігін белгілейміз;

б) “қызметтер – профильдер” жолы арқылы хабарламаларды жасыруды ретке келтіреміз, яғни жаңа профиль ашсаңыз болады немесе өздігінен құрылған профильді  “персонализация” қызметі арқылы;

в) сізге хабарлама келгенде әдетте тек “time works great changes” мәтіні ғана көрінеді. Бұл мәтін мәнін де жоғарыда көрсетілген қызмет көмегімен өзгертуге болады. Келген хабарламаларды көру үшін орнатылған қосымшалар бөліміне өтіп, “mum sms” бағдарламасын жүктейміз. Құпия сөзіңізді енгізгеннен кейін, келген хабарламамен таныса аласыздар.

P.S. Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, ештеңе етпейді. Оны қалпына келтірудің жолы бар…

One Response

  1. Ақпарат өте пайдалы екен! мектеп кезінен смс арқылы алынатын ақпараттың қауіпсіздігіне жете мән беріп келемін! Алғашқы ұялы телефоным(бірінші телефон болғандықтан алі күнге дейін ұмытпаймын) Моторола. Керемет функциясы бар еді! Керек жабдықтарға шектеу қойып тек құпия сөзбен кіре алатынсың. Сол смстерге де құпяи сөз қойып, не бір біреудің смстерін оқуға құмар адамдардың көңілін түсіріп. Қазір менде Нокия 6300! бұл бағдарлама тек смартфондарға екен! қарапайым телефонға бар ма осындай бағдарлама? Әйтпесе смстерімді оқуға құмартатындардың сандары аз емес!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: