Бушизмдер

Джордж Уокер Буш (George Walker Bush) – американ республикандық саясаткері, 43-ші АҚШ президенті (екі мерзімге сайланған). Өз қызметі барысында Буш тарапынан сәтсіздікке ұшыраған саяси әрекеттерге қоса көптеген күлкілі фразалар айтылған болатын, олар тіпті “бушизмдер” деген ресми атауға ие болды. Ендеше сіздерді келесі сөздер бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын:

–  Құдай сіздерді жақсы көреді. Мен де жақсы көрем. Сіздер біз екеумізге сенулеріңізге болады.

–  Мен жас әрі жауапкершіліксіз болған кезімде, мен жас әрі жауапкершіліксіз болдым.

–  Ол да мен сияқты батыс Техастың қызы.

–  Ақыр аяғында, Саддам Хуссейн – бір кездері менің әкемді өлтіргісі келген жігіт.

–  Ауғанстан, Ирак және басқа да африкалық елдерді демократизациялауға жәрдемдесу керек.

–  Біздің жау ойлап тапқыш және тапқыр, бірақ біз де осал емеспіз. Олар үнемі біздің елге және біздің халқымызға зиян келтірудің жаңа әдістерін ойлап табады, біз де. (Вашингтон, 5 тамыз 2004 жыл)

–  Біз қаржыландыруды үш еселейміз – 50 миллионнан 195 миллион долларға дейін.

–  Қоршаған ортаға ластану емес, су мен ауаның ластығы қауіп төндіреді.

–  Өткен нәрсе аяқталғандығына бәріміз келісеміз деп ойлаймын.

–  Құдай маған Аль-Каидаға шабуылда деп айтты, мен шабуылдадым. Және ол алдын-ала маған Саддамға шабуыл жасауға нұсқау берді, мен оны да жасадым. Біздің жақтағы Құдайдың қолдауымен біз жеңіске жетеміз.

–  Менің өмірге деген көзқарасым өмір бар дегенге келіп саяды.

–  Біз – әлемдегі ең ақкөңіл ұлтпыз. Біз өте ақкөңілміз. Мен біздің осындай ақкөңілділігімізге мақтанамын. Алайда, өз ақкөңілділігімізге қарамастан, біз өз ақкөңілділігімізге шіренбеуіміз керек.

–  Санкциялар режимі швейцар ірімшігі сияқты, ол тиімді емес.

–  Йоу!! Блэр! (2006 жылы Санкт-Петер­бургтегі G8 саммитінде Тони Блэрмен сәлемдесуі)

–  Сіздерде де негрлер бар ма? (Бразилия президентімен әңгіме үсінде)

–  Құдай мен арқылы сөйлейді (2004 жыл 16 шілде)

–  Словакия туралы бар білетінім – сіздің сыртқы істер министрлеріңізден білгенім. (1999 жыл 22 маусым)

–  Есте сақтаңыздар – саятшылар емес, құстар жапа шегу керек.

–  1989 жылы дәл осы аптада Батыс Берлин мен Лейпцигте наразылықтар басталды. Жыл аяғына қарай Орталық Америкадағы барлық коммунистік диктатуралар құлады. (6 қараша 2003 жыл,  Вашингтон)

–  Баланы оқуға үйретсең, ол әдебиет пәні бойынша емтиханнан өте алады.

–  Американың ең жақсы жері – әрбір адам дауыс беру керек. (Остин, 8 желтоқсан 2000 жыл)

–  Отбасы – ұлт үмітін, қанат – арманын табатын жер.

–  Бүгінгі күннен бастап билет кассалары мен ұшақтар Рейган атындағы әуежайдан ұшатынын жариялаймын.

–  Уэльс? Ал ол қай елде орналасқан?

–  Мен адамдар мен балықтар бейбітшілікте өмір сүре алатынына сенемін (Сагино, 29 қыркүйек 2000 жыл)

–  2007 жылы 7 қыркүйекте АТЭС саммитінде Буш Австралия премьеріне ОПЕК (ағылшын тілінде АТЭС “APEC” ретінде естіледі) саммитіндегі жылы қабылдау үшін алғысын айтты. Кейіннен ол Австралия премьер-министрі Джон Говард бір жыл бұрын Иракта австриялық әскерилермен кездесті деп мәлімдеді.

–  Мен сабырлы адаммын. Мен өзімді сабырлы адаммын деп айтқан кезде, мен сабырлы екендігімді меңзеймін.

–  Менің ойымша бұзауларға біздің шекараны кесіп өтуге кешіктірмей рұқсат ету керек. (Оттава, 30 қараша 2004 жыл)

–  Олар менің қалай шешім қабылдағанымды көрді, олар мені сын сағатында көрді, олар менің қалай жылағанымды, қалай күлгенімді, қалай құшақтасқанымды көрді. (27 тамыз 2004 жыл)

–  Мен не болып жатқандығын тексеру үшін тақырыптарды қарап шығамын. Мақалалардың өзін сирек оқимын: олардың мазмұны туралы бұл ақпараттық хабарламаларды оқуы мүмкін адамдар баяндайды.

Айтпақшы, бушизмдерге қоса, Буштың еріксіз адамның күлкісін шақыратын іс-қимылдары да жетерлік:

http://video.bigmir.net/show/84455/

http://video.bigmir.net/show/53528/

http://video.bigmir.net/show/6076/

http://video.bigmir.net/show/18609/

http://smotri.com/video/view/?id=v195841719c

http://smotri.com/video/view/?id=v6309208673

http://smotri.com/video/view/?id=v9791675eb0

http://smotri.com/video/view/?id=v777215093d

2 жауап

  1. Осы мақаданы оқу барысында екі езуім екі жақта, ал ортасына келгенде жыларымды не күлерімді білмедім. Аяғында ойланып қалдым! Шын мәнінде жеңіл мақала көрінгемен терең ойлануға итермелейді екен! Рахмет Жұмабек

  2. Бұл кісінің тағы бір қызық сөзі бар: “Біз екеуміз де (Тони Блэрді меңзеп отыр) colgate тіс пастасын қолданамыз”.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: