Қонақ шақыру және қарсы алу этикеті

Қонақтарды ертеңгі ас, түстік, кешкі ас немесе шайға шақыра отырып, жеке, телефонмен немесе күн мен уақыт белгіленген жазбаша хат арқылы хабарлайды. Мұны қонақтың алдын-ала дайындалуына мүмкіндік беру үшін бірнеше күн бұрын жасаған дұрыс. Егер қайсыбір себептерге байланысты шақырылғандардың бірі келе алмайтын болса, ол туралы үй иелерлеріне күні бұрын хабарлауы тиіс. Бұл ретте ол толық түсініктеме беруге еш міндетті емес, ал үй иелерлеріне бас тарту себебін тәптіштеп сұрап жатудың керегі жоқ.

Қонаққа үй иелерлерімен көрсетілген уақытта дәл келу керек, ал ең жақсысы 5-15 минөтке ертерек. Кешігу үй иелерлері мен басқа қонақтарға жағымсыз және барлық уақытта этикетті өрескел бұзу деп есептеледі.

Кешігуші қонақты 15 минөттен артық емес күтіп, барлығын үстелге шақыра беруге болады.

Егер қонақтар үстел басына отырып қойса, кешігуші үй иесіне немесе оның әйеліне жақын келіп, кешірім сұрау керек. Үй иелерлері бұл ретте өз орындарынан тұрмайды және қонақтың кешігу себебін анықтамай, тек оған оның үстел басындағы орнын көрсетеді.

Қонақтар арасында жақсы көтеріңкі көңіл-күй жасау үшін, оларды құшақ жая және жайдары қарсы алу өте маңызды.

Қонақтарды әдетте үй иесі әйелімен бірге немесе олардың бірі қарсы алады. Қонақпен амандасқан кезде, үй иелерлері әрбірінің көздеріне тіке қарап, күлімсіреумен, құшақ жая қарсы алады. Қонаққа күйеуі мен әйелі келген кезде, үй иелерлерімен бірінші болып әйелі амандасады – алдымен қожайынмен, сонан соң әйелімен, ал кейін оның күйеуі – алдымен қожайын әйелімен сәлемдеседі. Егер қонақтар көп шақырылған болса, барлығын бір-бірімен таныстыру міндетті емес: жиналғандарға кірген адамды, оның аты, тегі, әкесінің атын атау жеткілікті. Бұл ретте “менің қызметтесім”, “менің ағам” және т.б. дегенді қосуға болады.

Өз кезегінде жаңадан келген адам үшін әрбірімен қол алысу міндетті емес. Барлығына жалпы бас ию жеткілікті.

Қонақтардың жартысынан көбі жиналған кезде, әсіресе ауа райы ыстық болған жағдайда, оларға салқындатылған шырындар, коктейльдер, басқа да сусындар ұсынуға болады. Бұл уақытта қонақтар еркін жағдайда сұхбаттасып, бір-бірімен жақынырақ таныса алады.

Айтпақшы, танысу кезінде бірінші болып әйел адам қолын ұсынады. Егер ол қолын созбаса, оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

Үстел басына шақыру алдында ереже бойынша еркектер, егде кісілерді қоспағанда, түрегеліп тұрады, әйелдердің отыруына болады.

Қонақтардың барлығы жиналып болғанда, үй иесінің әйелі немесе үй иесі үстел басына шақырады.

6 жауап

  1. Қонаққа барарда кешігіп бару — әдепсіздік. Бірақ қанға сіңіп қалса, қиын екен.

  2. 🙂 Қазақ кешігіп жүреді дегеннен айырылатын кез келді деп ойлаймын. Кешігу – жауапкершіліктің жетіспеуінен. Бұрынғыдан тек жақсысын, жарасымдысын сіңіріп, жағымсызын жою керек. Үйрен де, жирен дегендей…

    • қазақ кешікпесе ішкені ас болмайды. қонаққа барар алдында әйел адам түстен бастап әзірлену керек, себебі балаларының тамағын әзірлейді, оған тойға барсаң тойып бар деп күйеуі қосылады. күйеуін әзірлейді, олар жуынса суын әзірлеу керек, қырынатын болса әйелінен басқа қырыну құралын алуға мұршасы болмай қалады ғой, соның бәрі уақыт емес пе? қала берді галстугін тағу, қас қылғандай көйлегінің ілгегі түсіп қалып жатады, оны тігеді. сөйтіп жүргенде әйеліне боянып, сылануға, прическа жасауға уақыт қалмайды. күйеуін киіндіріп қояды да өзіне кіріседі. Ал күйеуі болса, сен осы өмір киініп, боянып болмайсың деп дызылдайды, тағы кешігетін болдық қой деп мазаны алады, ух деп шыға бастағанда баласы қашан келесің, менің анауым қайда, мынауым қайды демей ме, оны іздеуге кіріседі солай әрдайым ауру қалса да әдет қалмайды деген осы емес пе?,сондықтан әйел адамдар қонаққа ерте әзірленіңдер, кешікпей қонаққа барған тамаша емес пе?

  3. АЛЛА разы болсын!

    Егер қонақтар үстел басына отырып қойса, кешігуші үй иесіне немесе оның әйеліне жақын келіп, кешірім сұрау керек. Үй иелерлері бұл ретте өз орындарынан тұрмайды және қонақтың кешігу себебін анықтамай, тек оған оның үстел басындағы орнын көрсетеді.
    (Осымен онша келіспеймін, біздің менталитетке жат сияқты)

  4. “Айтпақшы, танысу кезінде бірінші болып әйел адам қолын ұсынады. Егер ол қолын созбаса, оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ.” Шын мәнінде қыз бала танысқанда қолын созбаса ренжитіндер де бар! Осы мақаладағы осы пункті ескеріп жүріңіздер!

  5. қыз баланы, әйелді әрине сыйлау керек, бірақ қазақтар бұрында ер азаматтарын қатты сыйлаған, олар отырмай әйелдер стол басына отырмапты дейді, әйелдерд сыйлау жағынан, жол беру жағынан біздің қазақтар басқа елдердің мәдениетін бетке үстап кеткенбіз бе әйтеуір, қазіргі ер азаматтарды бұрынғыдай сыйлап жатпайды. орынды ер азаматтарға ұсыну да жаман емес, өзіміздің азаматтарымызды сыйлап, бірінші оларды ішке кіргізіп, бірінші столға отырғызса, әйелдердің ештеңесі кетпейді деп ойлаймын. сол жағынан ойланып көрейкші,ағайын, неге десеңдер, ер азаматтар мына заманда байғұстар отбасын асырай алмай әйелінің, балдарының алдына бір иіледі, қонаққа барып, бүкіл әйелдер алдында иіле берсе, азамат деген атынан мүлдем айырылады ғой. әлде ер азаматтар қалмады ма?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: