Телефон арқылы сөйлесу этикеті

Бүгінгі өмірді телефонсыз елестету қиын-ақ. Телефон тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1861 жылы неміс физигі және өнертапқышы Иоганн Филипп Рейс музыкалық дыбыстар мен адам дауысын желі арқылы тарата алатын құрылғы жасады. Ал, 1876 жылы Филадельфиядағы электротехникалық көрмеде шотландтық тегі бар американдық Александр Белл алғаш рет “сөйлейтін телеграфын” таныстырды. Мінекей содан бері телефон көп өзгеріске ұшырады, бірақ телефонмен сөйлесу қағидаттары қай уақытта да әдептілікке негізделеді:

  • Телефон шырылдағанда үшінші-төртінші қоңырауға дейін көтеру керек;
  • Визуалды байланыс жоқ болғандықтан, екпін, сөйлеу жылдамдығы сияқты факторлар маңызды рөл ойнайды;
  • Үй телефонына қоңырау шалғанда кешірім сұрауды ұмытпаңыз;
  • Телефонмен қысқа әрі нақты айту керек;
  • Үй телефонына хабарласу: таңғы сағ. 9,00-ден кешкі 22,00 аралығында ғана;
  • Бейтаныс адамға телефон соққанда нөмірін кімнен алғанын айтуды ұмытпаңыз;
  • Аз танитын тұлғамен 3-5 минут көлемінде ғана сөйлескен жөн;
  • Телефон шалған бойда амандасқаннан кейін өзіңіздің кім екеніңізді атаңыз;
  • Талқыланатын мәселелер тізімін дайындау артық етпейді;
  • Телефон соғушыға керек адам болмай қалса, хабарласқан адамға “Бұл кім” деп сұрамай, “Кім телефон соқты деп айтайын” дегеніңіз дұрыс;
  • “Білмеймін” деудің орнына “анықтайын” дегеніңіз жөн;
  • Асықпай, нақты, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз;
  • Кедергі жасамағаныңызды анықтап алыңыз;
  • Телефон арқылы бос әңгімеге жол бермеңіз. Ішкі дүниеңізді ақтарғыңыз келсе, көзбе-көз кездескен артық;
  • Біреу қателесіп сізді терген жағдайда, бас салып айғайламай, “кешіріңіз, сіз нөмірмен қателестіңіз” – деп сыпайы жауап беруге де болады;
  • Танысыңызға қонаққа келетініңізді алдын ала ескертуде телефонды пайдаланыңыз.
  • Үй телефонына хабарласып: “Үйдесің бе?” деп сұрамаңыздар🙂

6 жауап

  1. қандай керемет, өз тіліңде ақпарат алған!!!

  2. Үй телефонына хабарласып: “Үйдесің бе?” деп сұрамаңыздар :)))

  3. Өз тіліндегі ақпарат пайдалы болса одан керемет!
    Расымен нөмерді кімнен алғанадрынды айтсандар жақсы. Онда тұрған ештеңе жоқ” Сондай телефон шалғанда аманшылықты сұрап барып нақты іске көшкен жақсы әдеп!

  4. Танысыңызға қонаққа келетініңізді алдын ала ескертуде телефонды пайдаланыңыз.

    Осы тұспен толық келісемін. Қазір бәрінде телефон бар, алайда үн-түнсіз бас сауғалап келе қалады ғой қонақтар. Не дұрыс дайындалмай қаласың, абдырап…

  5. Қызықты жазылған екен. Ана тілімізде… Бірақ бұл қағидаларды әрдайым орындау қиындау екен, себебі ұмытып кетеміз немесе асыққанда сасқалақтап қаламыз. Дегенмен ЕСТЕ САҚТАУ керек! Әсіресе танымайтын адамға белгілі бір сұрақпен хабарласып тұрғанда “Талқыланатын мәселелер тізімін дайындау артық етпейді”.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: