Исламдық экономика туралы тегін семинар

Елімізде шариғат қағидаларын «мен мұсылманмын» деп сөзбен ғана емес, күнделікті өмір сүру салтына айналдырып жатқандардың шоғыры, дәстүрлі банк жүйесіндегі кредит пен депозиттен пайыз себепті бас тартушылар саны көбейіп келеді. Осыған байланысты халықтың исламдық экономика туралы сауаты аса қажет болып тұр. Осы ретте Fattah Finance аталатын исламдық басқару компаниясы «Исламдық экономика: ислам қаржы құралдарының жұмыс жасау тетіктері туралы жалпы түсінік», «Шариғат заңдылықтары бойынша жұмыс жасайтын пайлық (үлестік) инвестициялық қорлар» тақырыбындағы тегін ағарту семинарларына шақырады. Бұл семинарда Исламдық экономика туралы өзіңізді мазалаған сұрақтарға жауап алуға болады. Бір реттік семинардан жалпы ғана ақпарат ала аласыз, егер осы шара туралы біздің «KZ» жастар жобасынан оқыған болсаңыз, http://www.newskz.wordpress.com блогын семинар соңында таратылатын анкетада көрсетуді ұмытпаңыз. Семинар сенбі күні 10:00-де өтеді. Алдын ала хабарласып, жазылуды ұмытпаңыз Алматы қ., Төле би, 23 а (Достық к., қиылысы) Тіркелу телефоны: +7 (727) 291-85-41, 291-82-11, 291-38-13

8 жауап

  1. Кеш байқап қалдым. Семинар өтіп кетті ме?

  2. Тіркелетін сайттары бар ма?

  3. Сайттары жоқ. Телефонмен тіркелесіз

  4. Рахмет. Тіркелдім!

  5. men de kesh kordim((

  6. […] апталарда көршілес блогтан ислам банкингіне қатысты семинар өтетінін естіген едім. Сәті туып, Fattah finance […]

  7. Блогтағы жаңалықтар қызметіне жазылсаңыз әрбір жаңа жазба туралы кешікпей біліп отырасыз 🙂

  8. […] күні “Азамат” блогы айтқан Ислам экономикасы жайлы семинарға бардым. Біраз пайдалы мәліметке қанықтым. Блогшы […]

Пікір қалдыру