Ресми хат-хабар жазысу

“Ресми хат-хабар жазысу” термині – ресми тұлғамен бағытталатын хат немесе хат-хабар алмасудың кез-келген түрін қамтиды.

Барлық ресми хат-хабар жазысу алуандығын негізгі екі түрге бөлуге болады:

а) әртүрлі елдердің мемлекеттік ұйымдары, шет елдік өкілдіктер және лауазымды тұлғалар арасындағы (ноталар, меморандумдар, жадынамалық жазбалар). Хат-хабардың бұл түрі негізінен дипломатиялық тәжірибеде қолданылады;

ә) көбінесе жартылай ресми сипаттағы және фирмалар, ұйымдар арасында іскерлік байланыстар ұйымдастыруда кең қолданылатын іскерлік (коммерциялық) хаттар.

Ресми хат-хабар дайындаудағы жалпы ережелер

Ресми хат-хабар жазысу стилі тіл және әртүрлі елдер дәстүрлеріне қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол халықаралық тәжірибеге және шарттылықтармен анықталатын бірқатар жалпы ережелерге бағынады.

Ресми хат-хабар жазысуға жіберуші және хат алушы арасында дәрежелер арақатынасын сақтай отырып, хат алушыға құрмет белгілерін көрсету мақсатында қойылатын протоколдық талаптар, сонымен бірге, теңдік, сыйластық және өзара сыпайылық қағидаттарына негізделеді.

Вербальді нота немесе коммерциялық хат болсын, кез-келген құжат бірнеше міндетті бөліктерден тұрады:

Қаратпа сөз – хат алушының ресми және құрметті атағы көрсетіледі, мысалы : Сэр , құрметті елші мырза, т.б.

Қошемет – бұл хаттың соңында ілтипаттылық білдіру. Бұл хат-хабар жазысу сипатына тәуелді, мысалы : Зор құрметпен, шын ниетпен, т.б.

Қол қою – қол қою осы құжатты күәландырады. Қол қоюға өкілетті тұлға тегі әдетте құжат соңында басылады.

Мерзім – ай күні, жыл және хаттың жазылу орны көрсетілу керек. Бұл мәліметтерді қысқартылған түрде жазылмауы керек.

Мекен-жай – толық тегі, лауазымы және мекен-жай құжаттың бірінші бетінде, оның сипатына қарай төменде немесе жоғарыда орналастырылады.

Сонымен қатар, ресми және іскер хат-хабарларды ресімдеу кезінде келесі жалпыға танымал ережелерді ұстану қажет:

1. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мәтінді хаттар жазу қабылданбайды, бірақ егер хат бір беттен көбірек болса, онда соңында “жалғасы бар” (“continued over”) сөз тіркесі жазылады.

2. Бірінші бетті қоспағанда, әрбір бет араб цифрларымен номірленеді.

3. Қызметтік хаттар техникалық құрал арқылы басылады: сол жағы – 3 см; оң жағы – 1,5 см; жоғарғы жағы – 2 см;    төменгі жағы – 2 см.

4. Мәтінде түзетулер, тазартулар рұқсат етілмейді.

5. Конверттер тиісті көлемге сай болу керек. Қаралы конверттерді (ішінде қара астары бар) тек тиісті жағдайда қолдану керек.

6. Хат мәтіні ішке қаратылып бүктеледі. Маңызды іскер хаттарды бүктемей-ақ, үлкен тығыз конверттермен жіберу керек.

7. Егер сіздер құттықтау ашық хаттарын жіберсеңіз, жалғыз қол қою тек ресми құттықтауларда рұқсат етіледі. Жеке ашық хатта ең аз дегенде бірнеше жол қамтылуы тиіс.

8. Телеграфты сауалға 3 күн ішінде жауап беру қажет. Хат үшін – 10 күн. Егер сауалды терең талдауды талап етсе, онда 3 күн ішінде хаттың есепке алынғанын хабарлап, 30 күн ішінде ақырғы жауап беруге болады.

One Response

  1. Жана хабар багдарламасынан жананлыктар карап отырып ажемиз А.Молдагуловага ескерткиш коиган екен. Оте риза болыпартырганда.жаналык жургузип отырган озимиздин казагымнын кара коз карындасым ажемиз А.Молдагулованын есимин жонди атай алмай кесинше мазактагандай “Алия м(А)лдагулова деп елди жерге каратты. Оте уят

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: