Жаңа әлеуметтік рыноктық экономика

Қазіргі әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыс себептерді, заңдылықтарды және кедергілерді жеңу жолдарын ашуға деген зейінді бірден арттырып жіберді. Ғалымдардың, саясаткерлердің, бизнесмендердің бұл мәселеге қатысты айтқандары өте көп, үкімет дағдарысқа қарсы көптеген бағдарламалар қабылдады. Менің көзқарасым бойынша, әзірше тар технократтық түсінік белең алуда, экономикалық емес факторлар мен шарттар есепке алынып жатқан жоқ. Рухани – демографиялық дамуды артта қалдыра отырып, біржақты экономикалық өсуді мақсат тұтқан даму концепциясы өз өзін ақтаған жоқ. Бұл ұзақ жылдардағы көптеген мемлекеттердің даму тәжірибесіндегі маңызды сабақ болып табылады.

Берілген мақалада түрлі елдер мен құрлықтардың әлеуметтік экономикаға өту ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі мақсат етіп қойылды. Экономиканың тым либералды моделі дағдарыстарды туындатады.

Экономикадағы дағдарыстардың тереңіндегі себеп индивидтердің қажеттілігіндегі үйлесімсізді (дисгармония), қажеттіліктерді қанағаттандырудағы материалдық, материалдық емес, рухани біркелкілік принциптерінің бұзылуы болып табылады. Бір қажеттіліктерді шектен тыс қанағаттандыру, сәйкесінше басқа қажеттіліктерді төмен деңгейде қанағаттандыру, экономиканы әртараптандыруды шектеу – әлемнің барлық елдерінде ушығып тұрған баршаға ортақ мәселе. Рухани аштық кезіндегі шектен асқан рыноктық шаруашылық жиі түрлі салдарға әкеліп соқтыратын әлеуметтік-экономикалық радикализм бейнесінде болатынын тәжірибе көрсетіп тұр:

–         өсіп жатқан сұраныс кезінде бағаның өсуі, түрлі рыноктарда (мысалы, тұрғын үй, қор, кредит, валюта, тауар) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы, инфляциялық спиральді (оралымды) айналдыру;

–         қоғамда әлеуметтік поляризацияның халық кірісімен салыстырғанда күшеюі, кедейлер мен қайыршылар қабатының, сонымен қатар капиталдары әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамға әлсіз және жүйесіз пайдаланылатын мультимиллионерлер мен мультимиллиардерлердің қалыптасуы; 

–         нәтижесінде баға құлдырауы міндетті түрде болатын рыноктарда «көпіршіктердің» пайда болуының жоғары қаупі. Экономикалық қауіптерде адам факторының үлесі көп болады;

–         елдерде жұмыссыздар санының көбеюімен бірге, ұлттық экономикалардың халықаралық бәсекелестігінің төмендеуі.

–         әлемдегі жүйелі және жылдам жанданатын қаржылық – экономикалық дағдарыстардың туындауы.

         Жаңа әлеуметтік экономиканың қажеттілігі мен парадигмасы. Қазіргі кезде әлемдік экономикада орын алған жағдайдың ауырлығын сезіну керек, экономикалық даму моделінде түбегейлі өзгерістер болуы керек. Басқаша болуы мүмкін емес. Әңгіме жаңа сипатты әлеуметтік рыноктық экономикаға сатылап өту жөнінде. Бұл экономикада әмбебап үйлесім заңы жүреді («алтын орта»), тұтынудағы, сұранымдағы, мүддедегі қалыптылық, индивидтер мен социумдардағы, экономикалық саясат пен мемлекет идеологиясы, халықаралық ұйымдар қызметінің экономикалық іс-әрекетіндегі шектен шығуды болдырмау. Жалпы адами құндылықтарға негізделген бұндай әлеуметтік экономика қоғамның демократиялық, демографиялық және рухани дамуын біріктіреді, өркениеттіліктің берік әрі тарихи ұзақ болуын қамтамасыз етеді.

         Рухани-демографиялық прогресспен үйлеспеген демократиялық принциптерге негізделген экономикалық даму тарихи уақытша нәтиже беретінін атап өткен жөн. Ұзақ мерзімді және тұрақты даму экономиканың басты үш үйлесімі кезінде ғана болуы мүмкін. Үйлесім тапқан әлеуметтік жүйелер тұрақтылық, қайта өндіріс қасиетіне ие. Индивидтер үшін мұның бәрі толық адами бақыт болып табылады, себебі үйлесімділік материалдық және рухани қамтамасыз етілген, жоғалту, рухани бақытсыздық, қорқыныш, күмән, депрессивті қалыптан ада және болашаққа деген күмәнсіз өмірді қамтамасыз етеді. «Байлар да жылайды…» Әрине! Рухани аш болса.

         Жаңа әлеуметтік экономика – халықтың көп бөлігінің миға қонымды материалдық және рухани қажеттіліктерін үйлесімді тұрғыда қамтамасыз ететін экономика. Бұл әлеуметтік экономиканың жаңа заманғы қоғамның негізі болып табылатын орта тапты қалыптастыратын экономикалық даму жүйесінің сатысы болып табылатындығын көрсетеді. 

 Әлеуметтік экономика – барлық кең мағынадағы өндіріс санаты. Ол эконмикалық ресурстардың шектеулі жағдайындағы өндіріс үдерісін, материалдық байлық пен қызметті тарату мен тұтынуды қамтиды. Оның мағынасы бір бірімен байланыссыз өндірістің жекелеген бөліктерін қарастырған кезде толығымен ашылмайды.

  Жаңа дәуірдің іргетасы индивидтердің экономикалық еркіндігінде, әлеуметтік және демократиялық қалыптардың рөлінің артуында, рухани және материалдық құндылықтардың үйлесімділігінде, адамзаттың дәстүрлі адами құндылықтарды, діни және нәсілдік төзімділікті дамытуға деген ұмтылысында жатыр. Өзгеріс дәуірінің негізгі белгісі ретінде әлеуметтік сипаттағы рыноктық шаруашылық саласының кеңеюі болып табылады. Әлеуметтік экономика ғана өз аясына рынок тиімділігі мен бизнес пен мемлекеттің белсенді әлеуметтік қызметін біріктіреді.

Материалдық және рухани құндылықтарды біріктіретін табыс бірнеше шарттарға тәуелді, мәселен, экономикалық даму моделін іске асыру мен таңдауға, халық ділінің өзгеруіне қадам жасауына байланысты. Кейбір экономикалық модельдер әлеуметтік және либералды құндылықтарды өз дамуында біріктіреді. Бірақ бұл біріктіру сызықтық бөлініс арқылы жүреді: бизнес либералдылыққа, билік әлеуметтік саясатқа бағытталады. Мұндай бөлініс мемлекеттің барлық экономикалық қуатын пайдалануға мүмкіндік бермейді, өзара жәрдемдесудің орнына екі саясаттың қарсыласуы жүреді және бұл қоғамдағы тұрақсыздыққа айналады. Мұндай модель іске асыруға қолайлы модель емес. Осы жерден мемлекеттің қана емес, бизнестің де әлеуметтік сипатты болуы талап етіледі. Бұл қазіргіге қарағанда, әлеуметтік экономикаға деген принциптік көзқарас.

Әлеуметтік экономика жүйесін құру жеті ұстанымға негізделеді. Бұл бәсекелестік, адам капиталы рөлінің күшеюі, әлеуметтік әділеттілік, еңбекке деген ынталандыру, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілік пен ашықтық (тазалық). Әлеуметтендіру үдерісіне эволюциялық түрде, әлеуметтік экономикаға өндірістік даму сатыларымен, мемлекет пен экономиканың әлеуметтенуі сатыларымен, кезең-кезеңмен жету тән. (2) Рыноктық шаруашылықты әлеуметтендіру елдің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне негізделеді.

Рыноктық шаруашылықты әлеуметтендіру экономикалық, демократиялық, демографиялық және рухани даму факторларымен анықталатын экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне негізделеді. Ұзақ мерзімді табысқа тек бірлікке ие қоғамдық «дененің» (ағзаның) қандай да бір бөлігі қалып қоймай, барлық бөліктері қатысқанда ғана қол жетеді. Өндірістік елдердің қазіргі тарихта ауыр кезеңді бастан кешіру тәжірибелері үлкен сабақ.

Жаңа әлеуметтік экономика кез келген әдіспен экономиканы дамыту дегенмен үйлеспейді, өйткені бұл жол өркениетті тығырыққа тірейді. Әлеуметтік экономика рыноктың радикалды моделімен біржақты экономикалық өсімге сүйенбейді, ол рухани, демографиялық және демократиялық үрдістермен үйлесім табады. Әлемде осындай даму жолына барынша жақын жолды таңдаған Малайзия, БАӘ, Үндістан тәрізді елдер бар.

Өндірісі жоғары дамыған Жапония қоршаған ортаға, рухани құндылықтарға  (жапон рухы мен батыс технологиясы) деген саналы қарым-қатынас жағдайында материалдық игіліктердің жоғары көрсеткішіне қол жеткізу мүмкін екендігін дәлелдейді. Бұл ежелгі өркениетпен, билік философиясы мен түйсіну философиясы бар азиялық елдердің экономикалық серпілісінің мүмкіндіктері туралы Қытай мен Үндістан экономикаларының өсу екпініне қарап баға беруге болады. Бүгінгі әлемдік дағдарыс дамушы экономика өсіне әрине әсер етті, алайда экономикалық дамудың іргелі негіздерін жойып жіберген жоқ. Бұл жерде экономикалық өсім белгілі бір экономикалық еркіндікке жән мемлекеттік институттарға, халықтың рухани денсаулығының үздіксіздігіне ғана байланысты емес, осы тәрізді барлық негіздер мен факторларға байланысты. Шығыс елдеріндегі экономикалық серпіннің мәні осында.

         Дәстүрлі батыстық модельдерімен қатар баламалы ислам қаржы модельдері белсенді түрде Таяу Шығыста, Еуропа мен Азияда, Африкада кең таралып отырғандығын атап өту керек. Бұл исламдық қаржы институттарының тұрақтылығына, олардың шынайы экономика секторына бағыт алуына, дәстүрлі қаржы рыноктарын өте тұрақсыз ететін алыпсатарлық (спекуляция) механизмінің жоқтығына байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, исламдық банк жүйесінің біршама тұтынушылар тобы өзге діни сенімдегі адамдар болып табылуы  аталған қаржы құралдарының әмбебаптылығын көрсетеді. Сондықтан мұндай экономикалық фундаментализм деп атауға болатын құбылыста парадокс дейтін ештеңе жоқ, логикаға салсақ, өз түсінігімізді қалыптасқан стереотиптерден ажыратсақ, қазіргі шынайы құбылыстарға ой жіберсек, рыноктық қатынастардағы радикализм элементтерінен арылсақ бәрі түсінікті.

Экономикалық тұжырымдағы радикализм саяси, діни радикализм сияқты үйлесімді даму траекториясынан ауықытады, тұрақсыздыққа, халықтың күйзелісі мен дағдарысына алып келеді, қазіргі терроризм жағдайларына себеп болады.

Дамыған және дамушы елдер үшін (Қазақстан, Ресей және тағы басқалар) демократия, демография, шығыс пен батыс өркениетінің кірігуін біріктірген өзінің ұлттық мәдени және рухани діңгегіне, ең алдымен, дініне, тіліне, дәстүрі мен діліне негізделген даму жолы лайық.  Бұл жағдайда әлеуметтік бағдар жаңаша сапаға – қоғам тарапынан адам капиталы сапасының дамуы, ұлттық талаптарға жауап беретін батыс демократиясының құндылықтарына бейімделу деп қабылданатын әлеуметтік саясатқа ие болады. Дамыған бірнеше елдердің тәжірибесі көрсеткендей, демографиялық және рухани дамуы кемшін біржақты экономикалық өсу экологиялық катаклизм, ұлт санының қысқаруы мен қартаюы, әлеуметтік қақтығыстар, жаһандану жағдайындағы елдің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі, оқшаулану мен жасы үлкен адамдардың өмірлік мәнін жоғалтуы тәрізді басқа да ауыр жағдайларға әкеп соқтырады. Әлеуметтік экономикада әдебиеттерде экономиканың бағалы ресурсы деп дұрыс атап көрсетілгеніндей, бірінші кезекке адам капиталы шығады. (3)

         Бұл жол демографиялық өсу динамикасын, өзінің этникалық бірегейлігін, дін, тіл, мәдениет пен пайдалы дәстүрлерді сақтай отырып, экономиканы қажет болған ауқымда дамытуға болатындығымен және қажеттілігімен маңызды, өйткені осының нәтижесінде ұлт пен өркениетті жойылудан сақтауға болады. Мұндай басты мақсатқа мемлекеттің әлеуметтік экономикасы мен саясатын қозғаушы күш, негізгі тіректердің бірі болып табылатын мемлекет идеологиясын бағыттау дұрыс болады.

Әлем радикалды және жылдам өтпелі өзгерістерді бастан кешуде. Әлем әлемдік дамудың әртүрлі орталықтары мен модельдерінен тұратын көп полярлы болуда. Шығыс дәуірі, материалдық және рухани құндылықтардың үйлестіру дәуірі басталып келеді.

Жапония, Қытай, Ресей, Үндістан, Оңтүстік Шығыс Азия, Иран, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық және саяси рөлі жылдам артуда. Дамыған елдердің инновациясы, технологиясы, менеджменті мен заңға бағынуға деген жоғары ыңғайын, өмірдің демократиялануы тәрізді жаңалықтарын ала отырып, экономикалық дамуды әлеуметтік және рухани прогреспен үйлестіре отырып қадам басу керек. Әңгіме бар экономикалық сипаттардан өзгеше жаңа әлеуметтік саясатты құру туралы болып отыр.

Мұндай әлеуметтік экономика моделі барлық елдердің түпкі мүдделеріне, оның ішінде, дамушы елдердің мүдделеріне жауап береді және олардың жаңа тұрақты даму цикліне жол ашады.

Жаңа әлеуметтік рыноктық экономика өзіндік критерий ерекшеліктеріне ие:

         халықтың абсолютті көпшілігінің танымдық материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін постөндірістік және ақпараттық сипатты тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті экономика арқылы үйлесімді қанағаттандыру;

           заңсыз және жартылай заңсыз бизнестің толықтай іс жүзінде болмауы, компаниялар мен фирмалардың әрекетінің ашықтығын қамтамасыз ету, олардың барлық заң талаптарын және қоғамдық рухани, моралдық қағидаларды орындауы;

         еңбек талабын ізгілендіру (гуманизация), экономиканың барлық салаларында жұмыскерлердің жоғары табыс деңгейіне жету, бұл бизнесің әлеуметтік жауапкершілігі мен елдің барлық аймақтарында әлеуметтік-кәсіпкерлік құрылымдардың интеграциясы болғанда ғана жүзеге асады;

         қалыптасқан адамның табиғатқа қатысты билігін қоршаған ортаға деген саналы қатынасқа айнадыру, «қоғам – табиғат» жүйесінде үйлесімге қол жеткізу;

         діни наным-сенім мен ұлттық ділді ескере отырып қоғам өмірін демократияландыру және индивидтердің экономикалық еркіндігі, меншік формасының (жеке, ұжымдық, мемлекеттік, шетелдік) көпалуандығы (плюрализм), шаруашылық іс жүргізудің алуан түрлілігі мен осының негізінде әлеуметтік экономиканың базисі болып табылатын толыққанды орта тапты қалыптастыру;

         туудың өсуін және жалпы демографиялық өсімді ынталандыруға, ел аймақтары мен әлеуметтік топтарының арасында табысты бөлісудегі алшақтықты реттеуге, халықты лайықты әлеуметтік қорғауға, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, денсаулық салаларын басым дамытуға, индивидтердің рухани прогресі мен қоғамдағы діннің рөлінің артуын жан-жақты қолдауға, ұлттық және қоғам тарапынан қабылданатын халықаралық стандарттар бойынша азаматтардың өмір сүруінің жоғары сапасын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік саясаты анық байқалатын дамыған әлеуметтік мемлекет;

         экономикалық үдерістерді реттеудің әлеуметтік тетіктерін қолдану ауқымдығы, бұл ретте әлеуметтік шығындарды талдауға, олардың жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар мен аймақтар арасындағы қозғалысы, әдістері мен табыстық бөлініс формаларына, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің әлеуметтік функцияларының басты мағыналарына назар аударылады. Әлеуметтік тетіктер мен экономикалық өсімнің өзара тығыз қарым-қатынаста, өзара байланыста болғаны маңызды.

        

         Жаңа әлеуметтік экономиканың даму перспективасы. Үш маңызды қоғамдық үдерісті – демократиялық, демографиялық және рухани прогресті экономикалық даму жағдайында біріктіру әлеуметтік экономикаға ерекше жағымды сипат береді. Әлеуметтік экономиканың мұндай түрі еуразиялық кеңістікте сөзсіз үлкен перспективаға ие. Тек қана Еуразияда емес, барлық құрлықта да солай.

         Біздің ойымызша, әлемдік қауымдастыққа адамдардың қарапайым материалдық баюына ғана тіреліп қалмаған, сонымен бірге рухани прогресті де біріктірген, бұқараның материалдық және рухани кедейленуін бірте бірте шешетін, елдердегі жұмыссыздық деңгейін азайтатын, барлық істердегі әділеттілікті орнататын жаңа өмірлік идеология қажет болып тұр. Рыноктық экономиканың ескі орта санатымен ойлау өткен күннің еншісіне қалып бара жатыр. Аталмыш модель өз күнінің батар сәтіне жақындады. Жаһанданудың ушыққан проблемаларының жағдайында терең өзгерістердің, құндылықтарды қайта бағалаудың, жаңа әлеуметтік экономика дәуіріне өтудің, әлемдік экономикалық тәртіп пен институттарды реформалаудың уақыты туып отыр. ХХІ ғасырда әлемдік экономиканың халықаралық ұйымдарын реформалау мен барлық адамзат мүддесі үшін қазіргі заман, саясат пен идеологияда жаңа экономикалық тәртіп енгізу өзекті орын алуда.  Сондай-ақ әлем қайталанып отырған және жаһандық қаржылық дағдарыстардың қаупімен бетпе бет келіп отыр. Үйлесімнің обективті қалыптасқан және әмбебап заңдылықтарын, оның ішінде экономика саласында да жүзеге асыру қажет. Экономикалық заңдылықтар барлық жағдайда үйлесім заңдарына бағынышты. Жеке тұлғалардың іс-әрекеті үйлесім заңының қаншалықты табысты орындалу, орындалмауына әсер етеді, қолданылып жатқан форма, әдіс пен тетік оған тәуелді.

Үйлесімді әлеуметтік экономика күмәнсіз «алтын» миллиард пен барлық «басқа» миллиардтар туралы пікірге барынша сәйкес келеді (тырнақша автордың аталмыш терминдермен келіспейтіндігін білдіреді), сондықтан біздің ойымызша бұл экономиканың зор болашағы бар. Ол қауіпті конфронтацияның орнына өркениеттер диалогына, ұлттық, мемлекеттік мүдделердің жалпы адамзаттық құндылықтармен бірігуіне, экономикалық саяси субъектілерге зиян келтіруді көздеген тар мақсаттардың жүзеге асуына мүмкіндік бермеуге берік негіз болады. Болашақтың бақыты үшін әлемде, барлық құрлықтағы индивидтердің ойында және жүрегінде осындай дәуірлік өзгерістер жасауға қадам басуымыз керек.

Түйін. Жаңа әлеуметтік саясат – жаңадан пайда болып келе жатқан экономикалық жүйе. Оның толық дамуы ұзақ эволюциялық үдеріс. Бірақ ол қазірден басталуы керек. Бұл эволюцияның баяулауы адамзат үшін үлкен экономикалық шығындар мен әлеуметтік теріс жағдайларға, әскери қақтығыстар мен өркениеттік құлдырауға соқтыруы мүмкін. Жаңа экономиканы үйрену бойынша, оны табысты жүзеге асырудың қаржылық-экономикалық тиісті тетіктерін жасауға бағытталған үлкен зерттеулер жалғасын табуы тиіс. Жаңа экономиканың басымдылық дәрежесін мойындап және оған қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейту керек. Автор барлық ұлттық зерттеу орталықтары мен халықаралық ұйымдармен шығармашылық  терең байланыс орнатуға дайын.

 Әдебиеттер:

  1.  Интерфакс ақпараты АФИ, 10 ақпан,  2009 «АҚШ-тың қаржы секторына көмек көрсету бағдарламасы туралы»

  2. О. Баймұратов «Социальная экономика», Алматы. 2005, 74-94 б.б.
  3. Кіші Грейсон Д., О. Делл К. «Американский менедмент на пороге ХХІ века» Ағылшын тілінен ауд. М., Экономика, 1991,  319 бет. 

Авторы: Ораз Баймұратов, ҚР ҰҒА академигі

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: