Рейтингің қандай?

Қазір телеарналар нарығын рейтинг деген өлшеммен бағалайтын уақыт. Рейтинг шынында да өте жақсы, объективті көрсеткіш. Алайда, қазақ тілді бағдарламалардың көрерменінің көптігі не аздығын анықтауға келмейді. Және бұл қазақ тілді хабарлардың сапасы төмен болғандықтан, «сыныққа сылтау» да емес. Қазақ тілді бағдарламаларды тек қазақ тілді болғаны үшін көру керек емес екендігін, кез келген тіл білмейтін адамның өзі мемлекеттік тілдегі сапалы өнімді көргенде, экранда арна ауыстырмай тұрып қалуы қажеттігі туралы көзқарастан хабардармыз және бұл ойды да толықтай жоққа шығаруға болмайды. Яғни қазақ тілді бағдарламалардың сапа тұрғысынан кемшіліктері барын білеміз. Бірақ біз бүгін рейтинг деген ұғымға ғана үңіліп көрсек.

Ең алдымен, рейтинг дегенді анықтайтын компаниялардың қалаларда шоғырланғанын байқаймыз. Екіншіден, бұл компаниялардағы сауалнама тілі – орыс тілі. Тиісінше, сауалды әзірлеушілер мен оны жүргізушілердің орыс тілді екендігін байқаймыз. Рейтинг анықтаушы компаниялар қала мен ауыл халқын тең ұстаймыз дегенді айтқанымен, сауалға тартылатын халықтың басым үлесі қалалықтар, қала халқы болғанда да, орыс тілді бағдарламалардың тұтынушылары. Ал қазақ тілді хабарлардың негізгі тұтынушысы шалғайдағы ауыл тұрғындары. Рейтингшіл топтың осы бір көрермендер шоғыры үшін алыс ауылдарға баратынына күмән бар. Осындай себептерден, қанша сапалы хабар болса да, қазақ тілді хабардың рейтингі үнемі төмен.

Сосын осы рейтингті қуамыз деп, ойын-сауық, шоу, әзіл әңгіме, жүлдыздар тақырыбы көбейіп барады. Және бұл бағыттағы жұмыс арнайы тапсырмалар бойынша жасалып жатыр. Қазір қазақ телевизиясында салмақты, ұлттық, мемлекеттік мүдде тұрғысынан маңызды, діни тақырыптағы хабарлар ашу қиын. Бір нәрсені алдыға қояды: ондай хабарлардың рейтингі жоқ. Сол себепті, «Арнау» тобы бөлініп кетіпті, Жолбарыс Сейфуллин үлды болды, Меруерт Түркияда демалып келді» деген сарындағы «жұлдыздық» бағдарламалар мен бүгінгі күннің «қаһармандары» (негізінен эстрада жұлдыздары, әртістер) қатысатын  хабарларға жол ашық. Өйткені оны рейтингі жоғары. Жалпы бұл түсінікті де. Таңнан кешке дейін көлікте де, үйде де, жұмыста да талғамды, талғамсыз музыканы санасына сіңіріп жатқан біздің қоғамның бүкіл уайымы, қайғысы, айтары, сөз қылатыны, талқыға салатыны – сол Бүркіттің тұмауратып қалғаны, Алтынайдың жаңа көлігі, Айқынның жаңа әні, тағысын тағылар…

Біз көп еліктейтін Еуропада TV-нарықтың бағасын рейтинг, көрермен анықтайды. Бізде де сөзсіз солай болуы керек. Бірақ қазақ тілді көреременнің не көретіні, нені көргісі келетіні ұмыт қалмаса.

2 жауап

  1. Бағдарлама рейтингін анықтаудың барлық талаптарын білмейді екем. Алайда, бағдарламаны көру жиілігі мен көрермендер ауқымы оның пайдасы, әрі көрерменге оң ықпалы деген талаптарды қаншалықты қанағаттандырады деген сауал туындайды.
    Меніңше түрлі ойын-сауық бағдарламаларының көбеюінің артында үлкен саясат бар. Халықты саяси сауатсыздандырып, күнделікті жұмысыңды істе де, кешке барып жақсылап дем ал дегенге алып келеді. Ал саясатпен біз өзіміз айналысамыз деген пиғыл жатқан сынды. Халықты сыни ойлау, талдау жасау, істеліп жатқан реформалардың алды мен артын болжау деген нәрселердің барлығынан алшақ ұстағысы келеді.

  2. Өте дұрыс айтасыз

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: