Министрліктің хатқа жауабы

“Қазақ киносына ұлттық көзқарас керек” деп аталатын бір топ жастардың хатына министрліктің жауап хаты. Үндеу хатты блогтың мұрағатынан табасыз.

ҚР Мәдениет Министрлігі  ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовке жолдаған отандық фильмдерге қатысты хатты қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасындағы кинематография саласы жайлы ой қозғап, ұлттық киномыздың тағдырына жанашырылық танытып, өз пікірлеріңізді білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз.

Сіздер көтеріп отырған мәселелердің расында да маңызы зор, әрі орынды да. Алайда, осы саладағы ұлттық саясат жоқ деу – қателік болар.

Министрлік тарапынан кино саласын әрі қарай дамыту мақсатында бірқатар әрекеттер әлдеқашан басталып кеткенін айта кеткен жөн.

Мәселен, қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жасалып, оның басым көпшілігі кино саласына арналған. Аталған өзгерістер, көптен бері көтеріліп келе жатқан проблемаларды шешуді – оның ішінде ұлттық менталитетімізге қайшы келетін кейбір шетелдік және отандық фильмдерді көрсетуге тосқауыл қоюды, отандық фильмдер қорын жасауды және де фильмдерді міндетті түрде мемлекет тілінде көрсетуді қамтиды.

Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен түсірілетін фильмдерге бақылауды күшейту мақсатында «Мемлекеттік сатып алу» заңының 4-бабының 31-тармағына сәйкес, кино өнімі бойынша қызмет ететін бас мердігер ретінде «Қазақфильм» АҚ белгіленді. Бұл – мемлекет өзіне қарасты «Қазақфильм» АҚ арқылы бюджет қаржысынан түсірілетін фильмдердің сапасын қадағалауды күшейтеді дегенді білдіреді.

Ал, жақында Қазақстан мен Ресей киногерлерінің комедия жанрында түсірілген «Махаббат тәлкегі» атты фильмге келер болсақ, аталған фильм экранға шыққан уақыттан бері көптеген көрермен аудиториясын жинады. Оны ұнатқан да, қабылдамаған да адамдар бар. Бұл – фильмнің өз көрермендерін бей-жай қалдырмағанының белгісі.

Бұл фильм көркем туынды. Ондағы кейіпкерлер де, оқиға да автор қиялынан туған. Фильмдегі кейіпкерлердің ұлты да көрсетілмеген. Сол себепті ондағы оқиға кез келген елде, кез келген ортада болуы мүмкін. Ата заңымыздың 20-бабының 1-тармағында біздің елімізде «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп атап көрсетілген. Сол себепті фильмді түсірген шығармашылық топтың жұмысына шектеу қоюға, цензура орнатуға министрліктің ешқандай құқығы жоқ.

Фильм туралы, «қазақ қызын қорлау», «масқаралау», деген сияқты уәждерге келетін болсақ, онда ешбір ұлтты, нәсілді кемсітуге жол берілген эпизод жоқ. Тіпті олардың қандай ұлттың өкілі екендігіне ишара да жасалмаған. Бұл тұрғыдан келгенде фильм Ата Заңымыздың 20-бабының 3-тармағындағы «нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты… насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» деген конституциялық талаппен толық үндеседі.

Қазіргі «Қазақфильм» компаниясының өндірісіндегі жобалардың барлығы, оның ішінде Сіздер атаған «Қара майор», «Астана, Любовь моя!», «Вертуальная любовь» сияқты фильмдердің барлығы  ел мүддесіне негізделіп, тәуелсіз еліміздің өнегелі өткені мен жетістігі мол бүгінін суреттеуге арналғанын мәлімдейміз.

 

Вице-министр А. Бөрібаев

4 жауап

  1. Басқаша жауап бермеуі мүмкін емес тәрізді🙂 Бастысы сең қозғалды!

  2. Е-е, осындай жауапты да күткен едік, не дейміз енді

  3. қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы киноны жасайтындарға ықпал ету керек

  4. Осы ғой енді. “Сіздіңкі де дұрыс біздіңкі де дұрыс” деп оңай құтылу секілді. Хаттың басын оқығаннан-ақ жауаптың қандай болатынын білуге болады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: