Hotelicopter – қонақ үй-тікұшақ

Американдық Hotelicopter компаниясы алып қонақ үй-тікұшақ жобасын ұсынып, 2004 жылы аталмыш қонақ үй құрылысын бастап та кеткен. Бұл тікұшақта жолаушылар өз уақыттарын жайлы өткізе алатын бірнеше люкс бөлмелер қарастырылған.

Компания қызметкерлерінің айтуынша қонай үй-тікұшақ сонау 1968 жылы шығарылған кеңестік Ми-12 негізінде жасалған.

Ми-12 – әлем бойынша бұған дейін құрастырылған ең ауыр және жүк көтергіш тікұшақ. 2004 жылы Hotelicopter компаниясы Томилино кентіндегі (Ресей) Михаил Леонтьевич Миль зауытынан осы тікұшақ түпнұсқасын сатып алған екен.

Hotelicopter ұзындығы 42 метр, биіктігі 14 метр болса, максималды жылдамдығы: 255 км/сағ, ал максималды ұшу салмағы – 106 тонна.

Қонақ үй-тікұшақта барлығы 19 бөлме, оның ішінде бір бөлмелі тұрғын жайлар да орналасады. Hotelicopter құрылымында санитарлық тораптар, тіпті екі кісілік кереуеттерге де ие.

Бөлмелердің дыбыс өтпейтін қабырғалары тікұшақ бортында екендігіңізді ұмыттырып қана қоймай, өз бөлмеңіздің керемет көрінісінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Кең king-size кереуетінде оянып, кофе-машинасында хош иісті кофе демдеуіңізге, сымсыз интернет қолдану, үлкен плазмалық теледидар көруге, болмаса жеке мини-барыңызға баруға әбден болады. Кейінірек бөлмеңізден тыс йогамен айналысу, шайханада отыру, spa-процедура қабылдауға немесе достарыңызбен үстел теннисін ойнауға толық мүмкіндігіңіз бар. Кез-келген жағдайда барынша жайлылық пен жоғары сапалы қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

Hotelicopter қызметін тек жеке емес, сонымен бірге бірлескен (корпоративті) мақсатта пайдалануға болатындығы хабарлануда.

Тұрғын емес жайдарды таңдаулы қонақ үйлерге айналдыру – қонақ үй бизнесі саласындағы танымал ағым. Қызмет көрсету сапасымен ғана емес, біртума идеялармен де таң қалдыратын жобалардың сұранысқа ие болуы құпия емес. Бұл ретте Boeing компаниясының ұшақтары алдыңғы қатарда көрінуде. Мысалға, Boeing-747 архитектор Дэвид Хертц (David Hertz) арқасында дәулетті калифорниялық әйел жайғасқан керемет жекежайға айналды; Boeing-307 Stratoliner бірнеше жылдан бері асқан әдемі яхта қызметін атқаруда, ал Boeing-727 сәнді лимузин есебінде сатылуда. Ендігі кезек ұша алатын ғажайыптарда: Hotelicopter әуедегі қонақжайы сізді аспан төріне жетелейді. Тек қалтаңыз көтерсе болғаны!

One Response

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: