«Адам көркі шүберек»

Сіз костюм киіп көрдіңіз. Өзіңіздің сыртқы тұрпатыңызға толық сенімді болу үшін айна алдында бірер минуттың жеткілікті екендігін білгеніңіз жөн. Костюмнің «құйып қойғандай» екендігін келесі белгілер арқылы білесіз:

1. Шолуды жоғарыдан төменге қарай бастаған дұрыс. Жағаның қайырмалары иықтарға нық қонуы керек. Көйлек жағасы пиджактың жағасынан шамамен 1,5 сантиметрге шығып тұрады. Арқаңызда, жауырын тұсында көлденең бүрмелердің болмауына назар аударыңыз – әдетте бұл пиджактың тар немесе үлкен екендігінен хабар береді.

2. Ортаңғы түйме кіндігіңізге қарсы орналасуы тиіс.

 

 

 

 

3. Төс қалтаның түрі сәнге байланысты болуы мүмкін, бірақ классикалық костюмдерде қалта әрқашан сол жақта орналасады.

 

 

 

4. Пиджактың ұзындығы да сәнге байланысты әртүрлі болуы мүмкін, алайда классикалық ұзындық – жағаның жоғарғы шетінің жиегі мен шалбардың төменгі шетінің тура ортасына келеді. Пиджак етегі еденге тура параллель болуы қажет.

 

 

 

5. Көйлек манжеттері пиджак жеңінен 1,5 сантиметрге шығып туру керектігін ескеріңіз. Костюм сатып алар уақытта пиджак жеңінің ұзындығы білезік сүйектеріне тура келіп, ал көйлек ұзындығы – қол буыны басталатын білезік сызығына тура келуін қадағалаңыз. Жең ұзындығы бас бармақ ұшынан 12-13 см биік болуы керек.

 

 

6. Пиджак иықтары сіздің иықтарыңызға жатық қонуы тиіс. Жең мен иық қосылған жердегі тігіс тегіс жатып, жүріс кезінде дүрдиіп, делдимеу керек. Жең ойындысы жоғары орналасқан, қолтыққа жайлы болғаны жөн. Төмен орналасқан жең ойындысы – арзан костюмнің белгісі.

 

 

7. Шалбар қырлары тізенің тура ортасынан өтуі тиіс. Жүрген кезде және отырған уақытта шалбарыңыздың қырлары жан-жаққа алшимауы керек, әйтпесе сырт көзге сіздің аяқтарыңыз қисық көрінеді. Шалбар ені аяқ киімнің 3/4 ұзындығынан аспау тиіс, кең шалбар қолпылдап көрінеді.

 

 

8. Шалбар ұзындығы бәтеңкемен жанасқанда кішкене бүрме жасап, ал жүрген кезде сіздің шұлықтарыңызды көрсетпеуі керек. Манжеті жоқ шалбар алдына қарағанда арты 1,5-2 см ұзындау болады, ал манжеті бар – еденге параллель.

4 жауап

  1. рахмет, пайдалы ақпарат

  2. galstuk we?🙂
    ustindegi mysalagy galtuk muldem unamady.

  3. paidaly narse ;))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: