НАТО: құрылу тарихы, мақсаттары мен қызметтері

1947-49 жж. бірқатар оқиғалар халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Олардың қатарына Норвегия, Греция, Түркия егемендіктеріне төнген қауіптер, 1948 ж. Чехословакиядағы төңкеріс және Батыс Берлинді оқшаулау жатады. 1948 ж. наурыз айында Брюссель келісіміне қол қойған бес батысеуропалық ел – Бельгия, Ұлыбритания, Люксембург, Нидерланды және Франция – ортақ қауіпсіздік жүйесін құрды. Кейіннен АҚШ және Канадамен біртұтас Солтүстікатлантикалық одақ құру туралы келіссөздер орын алды. Бұл келіссөздер 1949 ж. сәуір айында он екі мемлекеттің ортақ қауіпсіздік жүйесін іске қосқан Вашингтон келісімімен аяқталды: АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия және Франция.

1952 ж. Солтүстікатлантикалық келісімге Греция мен Түркия қосылды. Герман Федеративті Республикасы одаққа 1955 ж. кірді, ал 1982 ж. Испания да НАТО мүшесіне айналды. 1999 ж. НАТО-ға Чех Республикасы, Венгрия және Польша енді,  2004 ж. – Болгария, Латвия, Литва, Эстония, Румыния, Словения, Словакия. 1967 ж. НАТО Ядролық Басқармасын құру туралы ішкі дағдарыс нәтижесінде Франция ұйымның әскери құрылымдарынан шықты. Осылайша, бүгінде Альянс құрамында 26 мүше бар.

НАТО-ның басты мақсаты – БҰҰ Жарғысы принциптеріне сәйкес Еуропа мен Солтүстік Америкадағы өз мүшелерінің еркіндігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру.

1999 ж. қабылданған Бағдарламалық концепция НАТО-ның басты міндеттерін келесідей анықтайды:

–       Еуроатлантикалық аймақтағы тұрақтылық негізі болу;

–       қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес берулер өткізу үшін форум қызметін атқару;

–       НАТО-ның кез-келген мүше-мемлекетіне қарсы бағытталған агрессияның кез-келген қатерлерінен тежеу және сақтау;

–       қақтығыстардың алдын-алу және дағдарысты реттеуде белсенді араласу;

–       Еуроатлантикалық аймақтың басқа елдерімен жан-жақты әріптестік, ынтымақтастық және диалогты дамытуға ат салысу.

НАТО-ның қауіпсіздікке байланысты жүргізген операциялары

Босния мен Герцеговина. 1995 ж. желтоқсан айында Дэйтон бейбіт келісімдеріне қол қойғаннан кейін ООН мандаты бойынша НАТО бейбіт келісімнің әскери аспектілерінің орындалуын қадағалау үшін Босния мен Герцеговинада көп ұлттық Іске асыру (реализация) күштерін (IFOR) орналастырды. IFOR міндеті соғыс кесірінен бөлшектелген елдің жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктері: Босния және Герцеговина Федерациясы мен Серб Республикасы өкілдерінің арасындағы әскери қимылдар мен қарулы қақтығыстарды тоқтату болды; оған қоса олардың арасында басып алынған аумақтарды қайтаруды қамтамасыз ету. Бір жыл ішінде IFOR күштері тапсырманы орындап, 1996 жылдың желтоқсанында Тұрақтандыру (стабилизация) күштерімен (SFOR) алмастырылды.

Косово. Көп бөлігінде этникалық албандықтар тұратын югославиялық Косово провинциясындағы 1998 ж. қарулы қақтығыс  300 мыңға жуық адамды босқынға айналдырды. Югославтық басшылық сербтік күштерді шығару және албандық тұрғындармен келіссөздерді бастау туралы көптеген халықаралық талаптарды назарға алмады.  1998 ж. қазан айында НАТО Югославия президенті Слободан Милошевичтің халықаралық қоғамдастық талаптарын орындамаған жағдайда оның режиміне қарсы әскери күш қолданылатындығы туралы жариялады. Президент Милошевич ультиматумды орындауға келісті. ЕҚЫҰ Косовоға өз бақылаушыларын аттандырды. НАТО, өз кезегінде, әуеден бақылауды ұйымдастырып, Македонияда спецназ жайғастырды.

1999 ж. басында зорлық-күш көрсетудің жаңа кезеңі басталды. Халықаралық дипломатияның қақтығысты реттеудегі табанды талпыныстары жеңіліске ұшырап, наурыз айында бақылаушылар миссиясын эвакуациялауға тура келді. Тез арада НАТО Югославия Одақтық республикасында орналасқан белгілі бір объектілерге бағытталған әуе науқанын (кампания) бастады. 78 сағатқа созылған әуе соққыларынан кейін Милошевич режимі НАТО мен ЕО халықаралық талаптарын орындауға келісті.

НАТО және Югославия қарулы күштерінің қолбасшылары арасындағы әскери-техникалық келісімге қол қойылу нәтижесінде дәне БҰҰ мандатына сәйкес Косовода НАТО-ның KFOR күштері орналастырылды. Олардың міндеті әскери қимылдардың қайта жандануына жол бермеу, қауіпсіз орта құру, Косовоны азат ету армиясын демилитаризациялау, БҰҰ халықаралық гуманитарлық қызметі мен миссияларының қызметіне көмек көрсету болды. Алғашында KFOR күштерінде 43 мың адам саналды. Біртіндеп қысқарту нәтижесінде контингенті екі есеге азайып, шамамен 24 000 адамды құрады. KFOR құрамына НАТО-ға мүше-елдердің, 15 серіктес-ел, оған қоса Аргентина, Марокко және Жаңа Зеландияның әскери құрылымдары кірді.

Ауғанстан. 2003 ж. 11 тамызында НАТО Кабул мен оған көршілес аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Уақытша (переходной) үкіметке көмек көрсету мақсатымен Ауғанстанда Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерін (Международные силы содействия безопасности (МССБ)) орналастыру жауапкершілігін алды.

Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштері (ҚЖХК) БҰҰ мандаты бойынша 2001 ж. аяғынан бері қызмет атқарады. ҚЖКХ бірінші миссиясына жетекшілік етуді Ұлыбритания жүзеге асырды. Оны Түркия алмастырды, кейін Германия және Нидерланды. 2003 ж. қазан айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына сәйкес ҚЖХК мандаты кеңейтілді. НАТО Ауғанстанда Кабулдан тыс жерлерде де құрылымдарын орналастыру және провинцияларды қалпына келтіру топтарына басшылық етуді қабылдау арқылы өз миссиясын кеңейтуге келісім берді.

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: