НАТО: кеңеюі және саммиттер

НАТО кеңеюі

НАТО-ның негізін салған мемлекеттер: Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Исландия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, АҚШ, Франция (барлығы 1949 ж. 4 сәуірінде мүшелікке қабылданды).

НАТО тарихында алты мәрте кеңею болды:

Бірінші кеңею: 1952 ж. 18 ақпан – Греция, Түркия

Екінші кеңею: 1955 ж. 9 мамыр – Германия (Батыс Германия), ГДР1990 ж. 3 қазан

Үшінші кеңею: 1982 30 мамырИспания (2001 ж. Испан социалистік жұмысшылар партиясы  билікке келгеннен бастап, Испания НАТО-ның әскери органдарынан шықты)

Төртінші кеңею: 1999 ж. 12 наурызВенгрия, Польша, Чехия

Бесінші кеңею: 2004 ж. 29 наурыз – Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония

Алтыншы кеңею: 2009 ж. 1 сәуір – Хорватия, Албания

НАТО саммиттері

НАТО тарихында төрт саммит орын алды: Вашингтон (1999 ж.), Прага (2002 ж.) Стамбул (2004 ж.) және Рига (2006 ж.). Ал 2002 жылы Ресей мен НАТО арасында Рим саммиті болып өтті.

2002 ж. 28 мамырда Рим жанындағы «Пратика-ди-Мари» авиабазасындағы кездесуде Ресей мен НАТО-ға мүше-мемлекеттер үкіметжәне елбасшылары Ресей-НАТО қатынастарын жаңа деңгейге шығарды. Ондағы «Ресей-НАТО қарым-қатынастары: жаңа сапа» декларациясына қол қою арқылы құрамында НАТО бойынша 19 одақтас пен Ресей бар Ресей-НАТО Кеңесі құрылды. Оның басты міндеті «жиырма» форматында бірлескен іс-қимылдар мүмкіндіктерін анықтау және жүзеге асыру.

Жаңа кеңес консультациялар жүргізу, консенсуске келу, ынтымақтастық, бірлескен шешімдер мен бірлескен іс-қимылдар жасап шығару механизмі ретінде қызмет етеді. Ресей мен НАТО-ға мүше-мемлекеттер еуроатлантикалық қауіпсіздіктің мәселелері бойынша консенсус негізінде тең әріптестер сияқты жұмыс жасайтын болды. Тұрақты саяси диалог пайда болатын мәселелерді әуел бастан-ақ айқындап алуға, ортақ түсініктерді (подход) анықтау, қажет болған жағдайда бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Рим декларациясы Ресей мен НАТО арасындағы қатынастарды реттеуші құжат 1997 ж. «Өзара қатынастар, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы негізгі актке» сүйенеді. Алайда бұл акттегі ауқымды жоспарлар толығымен орындалмады. Бұған дейінгі Бірлескен тұрақты кеңес НАТО-ға мүше-мемлекеттер ортақ позицияларын «19+1» форматында, яғни Ресей өкілдерімен кездесуге дейін анықтайтын консультативті құрылым еді.

Осыған дейінгі Ресей мен НАТО арасындағы диалогке ортақ мақсаттар мен қарастырылатын сұрақтардың төтенше маңызға ие екендігін нақты түсіну жетіспеңкіреді. 11 қыркүйек оқиғаларынан соң ортақ қауіптердің бетін қайтарудағы үйлестірілген іс-қимылдардың қажеттілігін білдіретін жеткілікті стимул пайда болды.

«19+1» және «20» форматтары арасындағы айырмашылық – математикалық емес, химиялық сұрақ: Ресей-НАТО кеңесінің тиімділігі оған қатысушылардың саяси ерік-жігеріне тәуелді.

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: