Wikipedia

Құрметті оқырмандар! Сіздерді мазмұны тегін және ашық энциклопедиялық жоба Википедияны дамытуға өз үлестеріңізді қосуды өтінемін.

«Қоғам дамуының үш толқыны» концепциясына (Элвин Тоффлер) сәйкес бүгінде адамзат ақпараттық ортада өмір сүріп келеді. Ақпарат – басты құндылықтардың біріне айналды. Сондықтан қарыштап дамыған заман ағымынан кенде қалмау үшін өз тіліміздегі ақпарат қорын ұлғайту аса қажет нәрсе.

Ақпарат таратудың дәстүрлі жолдары (үнқағаз, кітаптар) интернет технологиямен салыстырғанда (қол жетімділік, жаңартылуы) өз артылықшылықтарын көрсетуде. 1989 жылы пайда болған интернет, бүгінде адамзаттың негізгі құқықтарының біріне айналуда.

Осы мақсатта қазақ тіліндегі Википедия жобасы негізінде Wikimedia Qazaqstan қоғамдық қоры құрылуы жоспарлануда. Өз азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, бұл жобаны қолдайтыныңыз немесе қолдамайтыныңыз туралы пікір білдіруіңізді сұраймын.

Wikimedia Qazaqstan Ұйымын құруға байланысты талқылау

Michael Jackson – Мінекей (This is it)

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға әйгілі әнші, композитор, хореограф әрі тарихтағы ең табысты орындаушылардың бірі Майкл Джозеф Джексонның (1958-2009) «This is it» синглының қазақша аудармасын ұсынамын (ағылшын тілін білмегендіктен емес, мағынасына қарай жасалған аударма 🙂 ).

 

…аударма Әлімбекова Назираға арналады…

 

 

Мінекей, сөнбеген

Өмірдің жарығы сен бе екен

Өнерім өлеңім

Өзіңнен таптым мен керегін

Шарықта ғарышка қиял құсы шабыттан

Күндерден есепсiз өткен, жалыққан

Қиындык атаулы екен бәрi уақытша

Қайратың,ақылың,жүрек табысқан

Оқуды жалғастыру