Michael Jackson – Мінекей (This is it)

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға әйгілі әнші, композитор, хореограф әрі тарихтағы ең табысты орындаушылардың бірі Майкл Джозеф Джексонның (1958-2009) “This is it” синглының қазақша аудармасын ұсынамын (ағылшын тілін білмегендіктен емес, мағынасына қарай жасалған аударма🙂 ).

 

…аударма Әлімбекова Назираға арналады…

 

 

Мінекей, сөнбеген

Өмірдің жарығы сен бе екен

Өнерім өлеңім

Өзіңнен таптым мен керегін

Шарықта ғарышка қиял құсы шабыттан

Күндерден есепсiз өткен, жалыққан

Қиындык атаулы екен бәрi уақытша

Қайратың,ақылың,жүрек табысқан

Жеңдім бе, жеңілдім бе барым осы

Пендемін мен де жан досым

Көңілді кірлетпеуге тырысқанмен

Жүрек мұңға кеп тұнады

 

Мінекей, тағы да

Тағдырмен таласқан жанмын ба?

Серігім – сенімім

Кеудемде қайнаған сезімім

Кезiңде қажыған шақыр қайта сабырға

Сындардан шынықтың ешбiр шалынбай

Қаймықпай тағдырдың сыйын әркез қабылда

Шегiнбей тек алға адымда

 

Oh yeah

Жеңдім бе, жеңілдім бе барым осы

Пендемін мен де жан досым

Көңілді кірлетпеуге тырысқанмен

Жүрек мұңға кеп тұнады

 

Мінекей, мені шың

Биіктер шақырар, жаңа күн

Атады таңменен

Ерекше еліткен сазбенен

Үмiтiң үзiлiп, жiгер-ерiк жетпеген

Сәттерің де өттi көптеген

Іздедiм бейтаныс жанды еш кезiкпеген

Табамын бiр күнi деп сенем

Сарабеков Жұмабек

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: