Қазақстан – көшбасшы

Қазақстан әлем бойынша 2 орынға шығыпты. Не жөнінен дейсіз ғой? Қазақстан алдыңғы қатарда екен ғой деп қуанып та үлгерген шығарсыз. Бірақ өкінішке орай бұл қуанарлық жәй емес. Себебі жастар арасындағы суицид жөнінде, яғни өз-өзіне қол жұмсағандар саны жөнінен әлем бойынша еліміз – Қазақстан Республикасы 2 орынға шығыпты. Оқуды жалғастыру

Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға Оқуды жалғастыру

Ақыр заман?

Бүгінгі қоғамда ақыр заман тақырыбы төңірегінде түрлі ойлар мен пікірлер қалыптасуда. Ақыр заман 2010 жылы болады деп тон пішкен Ванга мен Настрадамустың болжағаны өз алдына бөлек әңгіме. Оқуды жалғастыру

«Азамат» жастар клубынның бүгіні

Барлық оқырмандарға жалынды сәлем! Көптен бері Азамат жастар клубы жайында естімеген шығарсыздар. «Азамат» жастар клубында не болып жатыр? Қандай өзгерістер орын алып жатыр? Клубтағы жағдай қандай? Жаңалықтары бар ма екен? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр екен? – деген сан түрлі сұрақтарыңыз бар шығар деген үмітпен сіздерге осы сұрақтардың жауабын барынша толық беріп, болған қызықты оқиғаларды баяндап, клубтың бүгіні мен ертеңі жайында таныстырып, пікір-сайыстың соңғы жаңалықтарымен хабардар ететін боламын. Сондықтан егер қызығушылығыңыз оянып, жоғарыда айтылған сұрақтар мазалап жүрсе және «Азамат» жастар клубына бей-жай қарамайтын болсаңыз, міндетті түрде біздің сайтымызға кіріп, өз пікіріңізді білдіруге, керекті мағлұматтарды алуға және ұсыныстар мен тілектер қалдыруға асығыңыздар!
Ізгі ниетпен KZ

Жаңа модератор

Армысыздар достар! Менің есімім Іңкәр! Осы сайттың жұмысын енді тікелей өзім атқаратын болам. Сайттың көркейіп, Жұмабек ағамыздың жасаған жұмысын ары қарай жалғастырып, сіздерге жаңа әрі қызықты ақпараттармен бөлісуге дайынмын! Жұмабек ағамызға осы күнге дейін атқарып келген жұмысы үшін рахметімді айтып, сіздерден мені қолдап, көмек көрсетулеріңізді сұраймын!