Ақыр заман?

Бүгінгі қоғамда ақыр заман тақырыбы төңірегінде түрлі ойлар мен пікірлер қалыптасуда. Ақыр заман 2010 жылы болады деп тон пішкен Ванга мен Настрадамустың болжағаны өз алдына бөлек әңгіме. Бірақ, шүкір болжамдардың орындалмайтынын, ақыр заманның болатынын немесе болмайтынын жердегі адамдар шешпейтінін және уақытты болжау мүмкін еместігін, барлығы Аллахтың қолында екендігінің дәлелі болып отырған осындай мысалдар арқылы тағы бір көз жеткізіп, тәубеңе келеді екенсің. Соңғы кезде жиілеп кеткен табиғат апаттары, жер сілкіністері мен дауылдар осы тақырыптың халық арасында өршуіне басты себеп болып отырғандығы шындық. Жапонияда болған қайғылы жағдай, күні кеше өзіміздің Алматыда болған жер сілкінісі, ауа-райының құбылмалдылығы, Араб әлемінде болып жатқан қақтығыстар және тағы басқа жағдайлар біраз адамдардың ақыр заман келді деп ой тұжырымдауына әкеліп отыр. Майя күнтізбесінде ақыр заман 2012 жылы болады деп болжанған. Тіпті соңғы түсіріліп жатқан фильдердің көбісі ақыр заманмен байланыстырылатыны да белгілі. Қоғам неден қашса соған тап болады деп білем. Сондықтан ақыр заман болады деп одан қауіптенгенше, оған дайын болғанымыз абзал. Ақыр заман болатыны ақиқат. Бірақ қашан болары белгісіз. Оны бір Аллах біледі деп түсініп, адам жердегі істерімен айналысқаны жөн. Бұған бас қатырмастан, өз өмір сүруін жалғастырып, мешітіне барып, 5 уақыт намаздарын оқып, парыздарын орындап, дұға қылып, Аллахтың бұйыртқаны болады деп ертеңгі жауап күніне амал қылып жатқан мұсылмандарды көріп сабырлық танытып, олардың қатарына қосылмағандарымыз қосылып, мойынымызға артылған парыздарымызды орындағанымыз дұрыс болар. Ең бастысы жүрегіміздегі иманымыз бен тіліміздегі кәлимамызға ие болып, ертеңгі күннің жауабын беруге дайын болайық ағайын!

One Response

  1. саламалейкум мұсылман бауырлар! Ақыр заман қай күні болатыны белгісіз! Сондықтан бір Аллаға ғана сенейік!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: