Қазақстан – көшбасшы

Қазақстан әлем бойынша 2 орынға шығыпты. Не жөнінен дейсіз ғой? Қазақстан алдыңғы қатарда екен ғой деп қуанып та үлгерген шығарсыз. Бірақ өкінішке орай бұл қуанарлық жәй емес. Себебі жастар арасындағы суицид жөнінде, яғни өз-өзіне қол жұмсағандар саны жөнінен әлем бойынша еліміз – Қазақстан Республикасы 2 орынға шығыпты. Бұл жан түршігерлік әрекет қазақ елінде орын алуы және осы әрекет арқылы Қазақстанның көшбасшы болуы әрбір қазақстандық азамат үшін үлкен соққы болуы тиіс деп түсінемін. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртетін болсақ елiмiзде 2009 жылы 202 жасөспiрiм өз-өзiне қол жұмсаса, бұл көрсеткiш 2010 жылы 237-ге жетiптi. Қайғылы оқиға көбiнесе Шығыс Қазақстан облысында орын алған. Осыдан екi жыл бұрын осы өңiрде 34 жасөспiрiм өз-өзiне қол жұмсаса, 46 жеткiншектi ажалдан арашалап алған. Ал былтыр 60 жасөспiрiм ажал құшып, өзiн-өзi өлтiргiсi келген 73 жеткiншектi дер кезiнде тоқтатып үлгерген. Демек, суицид жылдан-жылға көбейiп келедi. Өкiнiштiсi, тосын оқиға барлық өңiрде ай, күн санап орын алуда. Мәселен, былтыр Алматы облысында – 22, Қарағанды облысында – 21, Ақмола облысында – 18, Жамбыл облысында – 16, Оңтүстiк Қазақстан облысында – 19 суицид әрекетi жасалған. Соңғы үш жылда Солтүстiк Қазақстан облысында суицид екi есе өскен.
Қазақстанның жарқын болашағы осы жастардың қолында. Демек, мемлекет осы мәселені шешу үшін тер төгуі қажет. Әр бір сағат сайын өзіне қол жұмсайтын жас тұлғаны қалай сақтап қаламыз? Бұл мәселемен қалай күресеміз? Мемлекет не істеу керек? Және бір алаңдатарлық жағдай, ертең болайын деп тұрған ҰБТ мәселесі. ҰБТ-дан қажетті балл жинай алмаған оқушының өзіне қол жұмсау қауіпі көп екені мәлім.
Сондықтан, Құрметті біздің жас оқырман!!! Біздің болашақ сенің қолыңда! Өмірді сүйіп, өмірден керегіңді алып, өмірге береріңді беру сенің міндетің. Осы міндетті орындап, Қазақстанға еңбегің сіңер деген ойдамыз!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: