“Азамат” жастар клубының түлектер кеші

Мамыр айының 21-жұлдызы – «Азамат» жастар клубы үшін ерекше күн болды. Себебі аталған күні «Азамат» жастар клубының түлектер кеші болып өтті. Кеш түлектерді мейрамханаға салтанатты түрде кіргізумен басталды. Көріктеріне көз тоймайтын түлектеріміз жүздері бал-бұл жайнап ортаға еніп, оларға «Азамат түлегі» атты құрметті белгі тағылып, барша жиналған қауымның назарын сол кештің себепкерлеріне аударды. Төрдегі орындарына жайғасқан біздің сүйікті түлектерге арнап Бақытжан Быхин арнайы әнін салып, көңілдерін көтерді. Тамылжытқан әннен кейін көпшілік түлектеріміз өз универитеттерінің көшбасшылары екенін тағы бір дәлелдейтін «арнайы репортаж» көрсетілді.

Кештің есте қалар қызық тұстары көп болды. Ең алғашқы ойынға Дархан Өмірбеков, Думан Жүнісхан және Нұрсұлтан Құрманов шығып, өз бақтарын сынап, бәсекеге түсті. Қызу тартысты ойында Дархан өз тапқырлығын көрсетіп, екі жігітті артта қалдырып, жеңіске жете білді. Көпшілікті өзінің әзілдерімен және актерлық шеберлігімен таңқалдыра білетін түлегіміз – Сәкен Суханов екі мәрте кубок алып үлгерді. Біріншісін, «Кубок кімге бұйырады?» атты интеллектуалды ойынында жеңіп алса, екіншісін, «Пікір сайысшы қызға үйлену ақталады ма?» тақырыбына түлектер арасында ойналған пікір сайыста өз тобымен жеңіске жетті. Нұрсұлтан Құрманов Данияр Джангеловты шақырған дуэлде жеңіп шығып, «Танцор диско» екенін тағы бір рет дәләлдеді. «Азаматтың» Майкл Джексоны атанған және біздің сүйікті модератор Жұмабек Сарабеков клубымыздың жас мүшесі Бақытжан Быхинмен қосылып алғаш рет көптен күткен «Азаматтың» әнұранын орындап, бәрімізді бір қуанта білді. Клубымыздың футболшы түлегі Данияр Джангелов «қыздан футбол артық» деп көпшілікке мәлім құпиясын ашып та үлгерді. Кеш ортасында көптің көңілін қимайтын аруымыз Сая Бегалы, Қиял әлемінен келген әсем қызымыз –Аселхан Нұрдәулетова, әділдікті жаны сүйетін сұлуымыз –Айгерім Әлімбай атты әпкелеріміз «Азаматтағы» қызықты күндерін еске түсіретін тамаша бір ән орындап, көпшіліктің көңілін бір босатып та алды. Ал аукционда сатылған тәтті тортты жүргізушіміз – Руслан Желдібай сатып алып, түлектерге сыйлап жомарттық танытты.

Кеш соңында түлектерге сөз беріліп, «Азаматқа не бердіңіз?» және «Қандай шәкірт тәрбиеледіңіз?» деген 2 сұрақ қойылды. Түлектер кезек-кезек сөз алып, «Азаматқа» қалай келгендерін, қаншалықты өзгергендерін, клубқа не беріп не алғандарын жиналған жұртпен бөлісті. Сәкен Суханов 30 шәкірт тәрбиеледім десе, Нұрбек Матжани : «Мен осыншама шәкірт тәрбиеледім деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ ақыл сұрап келген жастардың бетін қайтарған емеспін, шамам келгенше көмектескем, көмектесе беремін», – деп ағынан жарылды. Ал бірінші сұраққа Нұрбек мырза: «Не бергенімізді сауабын санаған адамға ұқсап айтпай-ақ қояйын, әділ бағамызды халық бере жатар» – деп әсерлі жауап қата білді. «Азамат» жастар клубының алғаш болып театр директоры атанған Самат Смағұлов мақтан тұтар Іңкәр, Жасұлан, Нұржан атты үш шәкірттері барын айтып, бір марқайып алды. Қаншалықты мақтан тұтарлық шәкірттер тәрбиелегендігін уақыт көрсете жатар. «Азаматты» қимай, жүректері дүрсілдеп, толқып тұрғандары түлектердің сөйлеген сөздерінен білініп-ақ тұрды. Осылайша, түлектермен қимай қимай қоштасып «Азаматтықтар» тарасты. Түлектерімізге үлкен өмірге аттаған қадамдары құтты болсын дей отыра, Қазақстан дамуына үлес қосып, баршамыздың үмітімізді ақтайды деп сенеміз.

Кешті ұйымдастырып, сәнін кіргізіп, түлектерді ұшыруға ат салысқан барлық «Азаматтықтарға» осындай түлектердің ұмытылмастай және жүректерінде ойып орын аларлық кешті ұйымдастырғандары үшін шын жүректен түлектер мен «Азамат» жастар клубының мүшелері атынан шексіз алғысымызды білдіреміз! Кеш өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Келген де арманда,келмеген де арманда!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: