«Парламенттік пікірсайыстан ІІІ Қазақстан Чемпионаты» ұлттық студенттік пікірсайыс турниріне іріктеу

Құрметті пікірсайыс сүйер қауым! Жаздық демалыстар да әне-міне дегенше бітуге жақын. Сондықтан, жас пікірсайысшылар болсын, пікірсайысты көптен бері ойнап жүрген және біраз жетістіктерге жеткен пікірсайысшылар болсын, жаз біте салысымен “қай жерде қандай турнир болып жатыр екен?”, “қалайша жаз бойы жинаған білімімді пікірсайыста қолдансам екен”-деп, немесе “алдында ана фракциядан жеңіліп ем, қалайда реванш алуым керек”- деп, “осы жолы міндетті түрде жеңем”- деп, қызықты әрі нәтижелі ойын көруге асыққан, жоғарыда аталған және аталмаған мақсаттарды алдына қойған пікірсайысшылардың құлағына алтын сырға!

Осы жылдың шымылдығын ашатын үлкен және аты шулы турнир келе жатыр. Қыркүйектің 3-4 күндері дәстүрлі «Парламенттік пікірсайыстан III Қазақстан Чемпионаты» ұлттық студенттік пікірсайыс турниріне іріктеу болмақ.  Турнир ұлттық болып табылғандықтан, турнирге еліміздің 14 облыс орталықтарымен қоса, республикалық маңызы бар қалалар, яғни, Астана және Алматы қалаларының бакалавриат мамандақтары бойынша кез келген студент өз аймағындағы сынға толы және жүйрікті анықтайтын іріктеуден өтіп, ұлттық турнирге жолдама ала алады. Яғни, әрбір облыс орталығына бір-бір квотадан бөлінген, сәйкесінше ұлттық чемпионатқа мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік, өз өңірінің чемпиондары ғана қатысып, «Республика Чемпионы» атағын жеңіп алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Осыға дейін чемпионат екі рет, еліміздің астанасы – Астана қаласы мен Өскенмен қалаларында өткен болатын. Ал енді, кезектісі Республикамыздың оңтүстік астанасы – Алматы қаласында өтпек. Әзірше, турнирдің қай күні және қай ЖОО-да өтетіні нақты белгісіз. Дегенмен, тунир қыркүйек айының соңы мен қазан айының басына жоспарланып отыр. Пікірсайысты ұйымдастырушылар болып, Пікірсайысшылардың Республикалық ассоциациясы мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Жастар саясаты департаменті табылады. Турнирдің тақырыптары әлі анықталмаған.  Десе де, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына, қазақ тілі, Елбасы, Ислам конференциясы, 20 жылда жеткен жетістіктер жайында, Алматы қаласы туралы, яғни қазіргі уақытта өзекті тақырыптар қамтылады»-деп ұйымдастырушылар шет-жағасына тоқталып өтті. Пікірсайыс турнирі екі лигадан, яғни қазақ және орыс тілдес лигадан тұрады, сонымен қатар Американдық Парламенттік Форматы (АПФ) және Линкольн-Дуглас (ЛД) форматтары бойынша өтетін болады. Астана қаласында өтетін іріктеудің екі лигасының да бас төрешісі болып, талай пікірсайысшыларды шаңында қалдырған және талай кубоктардың иегері Мерей Ермұханов белгіленіпті. Ал Алматы қаласында осы қызметті атқару “Азамат” жастар клубының түлегі Нұрдәулетова Әселханға бұйырыпты.

«Парламенттік пікірсайыстан III Қазақстан Чемпионаты» ұлттық студенттік пікірсайыс турнирінің нышаны – Шаңырақ болып табылады. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Осы турнирдің таңбасы бір нүктеден бастау алатын 16 лента демеп ұстап тұратын алтын шаңырақ. Шаңырақты демеп тұрған 16 түрлі түсті ленталар кең байтақ еліміздің 14 облысын және 2 республикалық маңызы бар қалалардың бірлігін  бейнелейді. Осы таңба 3 басты принциптен құралады: 1)Бірлік 2)Тектілік 3)Әсемділік. Және бұл турнирдің тағы бір ерекшелігі, Әлемдік Олимпиададағыдай, әр бір қалада өткен чемпионаттың өзінің таңбасы, яғни логотипі бар. Былтырғы Өскеменде болып өткен ІІ Қазақстан чемпионатында МАРАЛ бейнесі бейнеленсе, ал биыл Алматыда өтетін ұлттық тунирдің бейнесі Апорт(АЛМА) болмақ.

Осы турнирге қатысам, Қазақстан Чемпионы болам деушілер болса, қапыда қалмай, өз аймағындағы іріктеуге қатысып, өз өңірінің чемпионы атанып, «Парламенттік пікірсайыстан III Қазақстан Чемпионаты» ұлттық студенттік пікірсайыс турниріне жолдама ұтып алып, чемпион атағын жеңіп алуға асық!

7 жауап

  1. Неге бакалаврлар ғана қатысу керек? Бұл турнирдің жоғары деңгейде өтуіне кедергі келтіреді.

    • “Біріншіден, бұл студенттерге арналған турнир болғандықтан, тек университеттер мен колледж студенттері ғана қатыса алады. Екіншіден, бұл бірегей турнир, яғни Қазақстандық әрбір студенттің бұл турнирға қатысудың тек 4 мүмкіндігі бар (4 жыл оқу жылы). Егер студент кезіңде қатыса алмасаң, кейін мүлдең қатыса алмайсың. Ал бұл өз кезегінде турнирді мәртебесін көтереді. Турнирдің деңгейіне келетін болсақ, пікірсайысшы қаншалықты үлкен және оның тәжірибесі қаншалықты көп болса, ойын да соншалықты сапалы болады. Әрине бұл дұрыс. Бірақ біз студенттерді дамытуымыз керек. Солай емес пе? Бүгінгі таңда олар аға-буын өкілдері арасында бәсекеге қабілетті бола алмай жатыр. Тіпті іріктеулерден өте алмайды. Қазір мемлекетімізде кез-келген ынта білдірген пікірсайысшылар қатыса алатын турнирлер көп. Бірақ тек студенттер ғана қатыса алатын турнирлер өте аз. Және біздің осылайша қатысушылар шеңберін қысқартуымыздың тағы бір себебі ол – ҚР Білім және Ғылым министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіміз. Яғни, бұл шешім олардың да қалауы болып табылады.”- дейді ұйыдастырушылар.

      • Іңкәр, жауап бергеніңе рахмет.🙂
        Дегенмен студенттер жас пікір-сайысшылар турнирлерінде қатысу арқылы өзін көрсете алады. Және де олар тәжірибелі ойыншылармен ойнау арқылы шыңдалады. Менікі пікір-сайыс тек студенттермен ғана шектелмесе екен ниет қой. Барлықтары қатыса алатын турнирлер көбірек болсын деймін. Бұл пікір-сайыста насихатталатын демократиялық құндылытарға да қарама-қайшы емес.

      • Иә, дұрыс қой әрине. Ондай, яғни барлығы қатыса алатын турнирлер көп қой. Меніңше, осындай шектеулі турнирдің болғаны дұрыс, жас студенттерге пікірсайыстан жүлделі болуға мүмкіндіктер әбден көбейеді.

  2. Басты мақсат – жүлделі болу ма десем пікірталас басталып кетейін деп тұр.🙂 Осымен доғарайын. Турнирді ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік! Шешуші фактор – таныстық емес, дәледі дәйектер мен сапалы сараптамалар болсын деп тілеймін. қазақ дебатыны жарасын тырнағандай болдым ғой.

  3. құлағына алтын сырға деген тұрақты тіркесті қолданбас бұрын ол сөздің айтылатын, қолданылатын орынын біліп алу керек қой

    • Құрметті Дильназ!

      Пікір қалдырғаныңызға, әрине, рахмет! Сынды қабылдай алмайды деп ойлап қалмаңыз, бірақ сынның да айтылар орны болу керек сияқты. Сондықтан, сыныңызға айтар дәйегіңіз бар ма? “Құлағыңызға алтын сырға” деген сөз тіркесі сонда сіздіңше қай кезде қолданылуы қажет екен? Бұл тіркесті қолданған автор несімен қателісіпті? Білмей жүрсек, біле жүрейік.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: