«Там, … там …… там»-даған “Азаматтықтар”

Сәкен Суханберлі мен Нұрбек Матжани, Алманов Еркебұлан мен Джолдыбеков Дәурен пікірсайыста жаңадан тұсауларын кесіп, тілдерін сындырып, біраз терге салынып, қарсы фракциялардың кейстерін ана жағын бір, мына жағын бір түрткілеп құлата алмай, спикерлік баллдары төмен болып, төрешілерді сендіре алмай әжептеуір әбігергі түсті-ау. Бұл жолы жүлделі орындар мен кубокқа ие болмаса да, көштің соңында қалмағаны абырой болды. Не болып кетті? Жеңісті уыстан шығармайтын мына “Азматтықтарға” не болды дейсіз ғой? Ол жағын маған қалдырыңыз. Барлығын сізге баяндап, не болғанын түсіндіріп берейін.

Жайдарлы жаздың соңғы айының 28-жұлдызы ҚМЭБИ-дің шаңырағының астында «Құрылтай» атты турнир болып өтті. Басты ерекшелік «Азаматтықтардың» әдеттегідей қазақ лигасында емес, орыс лигасында өнер көрсетуінде. Аталған турнирде орыс лигасындағы «старички», аға-буын өкілдері жиналып, жаңа маусымның бастамасы ретінде өзара бәсекеге түсіп, кубоктың иегерін анықтайды. Турнир осымен үшінші рет, Шегірбаев Өжеттің ұйымдастыруымен өтіп жатыр екен. Бас төрешінің міндетін Ошақбаева Меруерт атқарды. Осындай жоғарғы деңгейдегі турнирде, орыс лигасының қасқырларымен пікірсайыстағы шеберліктерін шыңдауға біздің «Азаматтықтар» да аттанды. Осы жолы пікірсайысшылардың фракцияларының да аты өзгеше. Нұрбек пен Сәкен «Банды Тараза» атты фракция болса, Еркебұлан мен Дәурен өз фракцияларын Қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмін қолдау мақсатында «Аполлон-18» деп атапты. Піркірсайыс үш раундтан, жартылай финал мен финалдан тұрды. Үш раунд бойы біздің «Азаматтың» түлектері мен мүшесі намысты қолдан бермеді. Барынша қарсыластарын абдыратып, жеңуге тырысты. Дегенмен, ойын өз тілдерінде болмағандықтан, пікірсайысшылар, ойларындағысын дұрыс жеткізе алмай, сөздерінен жаңылысып біраз қиналды. Ойын қызық оқиғалар мен ыңғайсыз жағдайларға қанық болды. Сәкен өз кейсін қорғау барсында «там, там… там… там» деп қазақ тіліндегі «жаңағы» деген паразит сөзін орыс тіліне аударып алып, жақсы қолдана білді. Дәурен орысша сөйлеп келе жатып, «бауырым» деп өзінің қазақ лигасынан шыққан нағыз қазақ пікірсайысшысы екенін дәлелдей білді. Әйтсе де, бір жеңіс бар жігіттердің қоржынында. «Банды Тараза» фракциясының жігіттері пікірсайыста ең бастысы қай тілде ойнау емес, ең бастысы түйген білім мен соны әйтеуір қалай болса да дұрыс жеткізе білу керектігін дәлелдей білді. Нұрбек бұл жеңістің алғышартын Абай атамыздың ілімін қолданып, даналығы арқылы жасай білді, және осының арқасында, сөзсіз «Дервиши» атты фракциядан басым түсе алды. Әрине, піріксайыс турнирінде дәстүрлі сәттерсіз болмайды ғой. Сол бір дәстүрді бұлжытпай орындап, жалғастырып жүрген Дәурен, орыс лигасында да парламентарийден өз пікірін білдіріп қана қоймай, қазақ лигасындағыдай , экономист екенін аңғартып, орыстарды мойындатып та үлгерді. Ал, Еркебұлан болса әдеттегідей сабырлығымен және ой ұшқырлығымен көзге түсе алды.

Осылайша, қазақ лигасында кейбір тілдерін шегелеген «Азаматтықтар» жан-жақтылық танытып, орыс лигасын мойыдатуға білектерін сыбана кірісті. Ұтуды мақсат тұтпаған, көруді, білуді мақсат еткен «Азаматтықтар» келесі жылы орыс лигасының елу пайызын қазақ пікірсайысшылары құрайды деп үміттенеді. Әрине, бұл қазақ пікірсайысшылары орыс лигасына ауысып кетеді деген сөз емес. Орыс лигасын керісінше қазақилыққа баулудың бір жолы болып табылады. Дәл осы қазақилықтың аз да болса да, енді түтеп келе жатқандығын мына жеңімпаздар тізімінен де байқауға болады.

1-орын – «Панда» фракциясы: Лопатин Максим, Сиваков Максим;

2-орын – «Дети» фракциясы: Ербитпаев Тимур, Қабылбаев Дамир;

3-орын – «Клауд» фркациясы: Ботанов Руслан, Маратұлы Диас.

Ендігі пікірсайысшы жігіттерге айтарымыз, орыс лигасында да қазақ лигасындағыдай үлкен жетістіктерге жетіп, қазақ намысын ойдағыдай қорғауларына шын жүректен тілектеспіз. Ал жігіттер, іске сәт!

2 жауап

  1. )))

  2. Пікір сайысшы атаулының әрқайсысы екі, яки болмаса үш тілде турнирлерге қатысқаны абзал. Интеллектуалдық деңгейдің көтерілуі, көптілді пікір-сайысшы атану, орыс тілді ортамен танысу сынды көптеген пайдасын, септігін тигізері анық. Сол мақсатпен шыжыған орыс азаматтардың ортасына бас сұғып, алпауыт дебатерлерге қарсы
    тұруда, табандылық танытқан (жоғарыда айтылған АЗАМАТАРР) жігіттеріміз намысты қолдан бермедій, барын салды.
    Жарайсыңдар!(ну, или почти жарайсыңдар)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: