“Азамат” жастар клубының кезекті жиналысы

«Амбициясы жоқ адам үйінде отырады, кешке таман теледидардың алдында сырасын ішіп, әйелімен ұрсысып отырады. Ал амбициясы бар адамдар өнерге, саясатқа және тағы басқаға араласып белгілі жүйеде жетістікке жетіп, елге пайдасын тигізтеді.» – деп Әміржан Қосанов айтпақшы сенбі күнгі демалысын қиып келген азаматтықтарға қарағанда амбициясы жоқ емес бар азаматтықтар өткен сенбі күні бастарын қосып, «Азамат» клубының кезекті жиналысын өткізді. Жиналыс күндегіге ұқсамайтындай ерекшелеу өтті. Себебі жыл басындағы жиналыс болғандықтан ары қарай «Азамат» қалай дамиды, қалай бәсекелестікті арттырамыз, «Азамат» бағдарламасындағы болатын және болмайтын өзгерістер жайлы мәселелер талқыланып, болашаққа аз да болса да бағдар анықтап алдық. Бағдарламаның бір өзгерісі ретінде мынаны айтып өткен жөн болар. Азаматтық Ақнұр Жидебекқызы шеф редактор болып тағайындалды. Ақнұр ханымды құттықтай отырып, жұмысына сәттілік тілейміз. Жалпы формат мәселесіне келер болсақ, ол жағы өзрессіз қалады деп жария етті продюссеріміз Нұрмұхамед мырза. Бұл жайындағы толығырақ сұхбатты «Сұхбат» атты санаттан жақында көре аласыздар.
Жалпы жиналыстың үлкен ерекшелігі ретінде клубымызға ЖСДП “Азат” партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов келегенін атап өткен жөн болар. Біреулер үшін қызықты, ал біреулер үшін өте қызықты кездесу болды. Ол кісі азаматтықтардың көкейіндегі сұрақтарына мүмкіндігінше жауап беріп, толық түсіндіруге тырысты. Сұхбат барысы Әміржан ағамыздың жеке өмірінен келтірілген мысалдарға қанық болды. Қосанов мырза сұхбатқа өзінің университеті, яғни Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері азаматтықтар арасында бар ма жоқ па соны анықтап алып барып бірақ кірісті. Қазіргі өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтықтар тарапынан қойылған: «Бизнесмен болғыңыз келмей ме?» деген сұраққа қонағымыз «Қазақстанда бизнесмен бола алмаймын, өйткені пара бере алмаймын» – деп қоғамымыздың осал жеріне дөп тигізтіп жауап қатты. Ағамыз қазіргі кезде мектептердің қабырғасында ілулі тұрған Ахмет Байтұрсынұлының портреті сынды болашақта өзінің портреті ілінетініне қуанбаса қынжылмайтынын атап өтті. Жастарға сенімін білдіріп, өз ақылымен бөлісті. Қазақ тілін де тілге тиек етіп, қазіргі жастарға былайша: «Қазақ поезды кетті, қазір отырмасаң қалып қоясың!» – деп үн қатты. Ағамыз тіпті тілге байланысты үндеуін ары қарай өзінің жазған өлеңімен жалғастырды. Салмақты ойға толы өлеңі жастардың құлағына кіріп, бойларын алды деп сенейік. Тағы бір өнерін жастарға көрсеткісі келген Әміржан аға, уақыт тығыздығына байланысты гитарамен ән шырқауын келесіге қалдырды. Яғни, бұл келесі рет кездесуге сылтау болады деген ойымен бөлісті. Азаматтықтар да асыға күтеді келесі кездесуді.
Осылайша, сенбі күнгі кеш нәтижелі әрі қызықты өтті. Жаңа маусымда жаңа қызықты сәттер мен жаңа талапты жастардың шығуын, сонымен қатар жаңа кездесулер мен сұхбаттарды күтеміз.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: