Табыс декларациясын жария ету қажет пе?

Руслан Желдібай: «Өзімнің табыс декларациямды жариялаймын, блогыма шығарамын» – деп уәде берді. Бұндай уәде беруінің себебі кейінгі кездері көп сөз болып жүрген табыс декларациясының «Азамат» бағдарламасында көтерілуі. Мемлекеттік қызметкерлер жалақы төмен бола тұра неге қымбат көлік мінеді? Неге зәулім-зәулім үйлер салып, шетелге демалуға барады? Қандай қаражатқа? Осы сынды заңды сұрақтар туындайды. Осындай заңды сұрақтарды Азаматтық жастар ортасында Алматы қаласы бойынша салық департаментінің басқарма бастығы Ерғанат Нұрбаев және Азамат клубының мүшесі Айтолқын Болат талқыға салды. Осы сұрақтардың жауабын білу үшін және келген кірістің қадағалауын іске асыратын, болашақта пара алу, жемқорлық іс-әрекеттерін жою үшін табыс декларациясын жариялау арқылы іске асыра аламыз деген позицияны Айтолқын ханым ұстанды. «Табыс декларациясын толтыру әр азаматтың міндеті және ол салық түсімін бақылау мақсатында толтырылады. Оны жариялау жарияламау әр азаматтың өз еркі»- деп жауап берді Ерғанат Нұрбаев. Осы мәселе бойынша өз пікірін бас сарапшы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Темір Назханов былай білдірді: «Табыс декларациясын жариялау міндетті емес. Жариялаған күннің өзінде проблеманы шешпейді». Міне осы сынды пікірлер ортаға салынып, табыс декларациясын жариялау қаншалықты мәселені шеше алады немесе бұдан да сытылып шығып, пара алуды жалғастыру әбден мүмкін деген сынды пікірлер көрермендер арасында қалыптасты. Тақырыпқа байланысты толық пікірлер мен ақпарат алғыңыз келсе, Еларна арнасында бейсенбі күні сағат 19.20-да «Азамат» бағдарламасын тамашалаңыздар.
Енді біз Руслан мырзаның жариялаймын деген табыс декларациясын күтейік. Көп кешікпей жариялайтын шығар. Ал болашақта жарияланатын Руслан мырзаның табыс декларациясы мемлекеттік қызметкерлерге, шенеуніктер мен депутат ағаларымызға үлгі болады деп сенейік.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: