Advertisements
  • Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!
  • Беттер

  • Санаттар

Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға Оқуды жалғастыру

Advertisements

«Азамат» жастар клубынның бүгіні

Барлық оқырмандарға жалынды сәлем! Көптен бері Азамат жастар клубы жайында естімеген шығарсыздар. «Азамат» жастар клубында не болып жатыр? Қандай өзгерістер орын алып жатыр? Клубтағы жағдай қандай? Жаңалықтары бар ма екен? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр екен? – деген сан түрлі сұрақтарыңыз бар шығар деген үмітпен сіздерге осы сұрақтардың жауабын барынша толық беріп, болған қызықты оқиғаларды баяндап, клубтың бүгіні мен ертеңі жайында таныстырып, пікір-сайыстың соңғы жаңалықтарымен хабардар ететін боламын. Сондықтан егер қызығушылығыңыз оянып, жоғарыда айтылған сұрақтар мазалап жүрсе және «Азамат» жастар клубына бей-жай қарамайтын болсаңыз, міндетті түрде біздің сайтымызға кіріп, өз пікіріңізді білдіруге, керекті мағлұматтарды алуға және ұсыныстар мен тілектер қалдыруға асығыңыздар!
Ізгі ниетпен KZ

Жаңа модератор

Армысыздар достар! Менің есімім Іңкәр! Осы сайттың жұмысын енді тікелей өзім атқаратын болам. Сайттың көркейіп, Жұмабек ағамыздың жасаған жұмысын ары қарай жалғастырып, сіздерге жаңа әрі қызықты ақпараттармен бөлісуге дайынмын! Жұмабек ағамызға осы күнге дейін атқарып келген жұмысы үшін рахметімді айтып, сіздерден мені қолдап, көмек көрсетулеріңізді сұраймын!

Wikipedia

Құрметті оқырмандар! Сіздерді мазмұны тегін және ашық энциклопедиялық жоба Википедияны дамытуға өз үлестеріңізді қосуды өтінемін.

«Қоғам дамуының үш толқыны» концепциясына (Элвин Тоффлер) сәйкес бүгінде адамзат ақпараттық ортада өмір сүріп келеді. Ақпарат – басты құндылықтардың біріне айналды. Сондықтан қарыштап дамыған заман ағымынан кенде қалмау үшін өз тіліміздегі ақпарат қорын ұлғайту аса қажет нәрсе.

Ақпарат таратудың дәстүрлі жолдары (үнқағаз, кітаптар) интернет технологиямен салыстырғанда (қол жетімділік, жаңартылуы) өз артылықшылықтарын көрсетуде. 1989 жылы пайда болған интернет, бүгінде адамзаттың негізгі құқықтарының біріне айналуда.

Осы мақсатта қазақ тіліндегі Википедия жобасы негізінде Wikimedia Qazaqstan қоғамдық қоры құрылуы жоспарлануда. Өз азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, бұл жобаны қолдайтыныңыз немесе қолдамайтыныңыз туралы пікір білдіруіңізді сұраймын.

Wikimedia Qazaqstan Ұйымын құруға байланысты талқылау

Hotelicopter – қонақ үй-тікұшақ

Американдық Hotelicopter компаниясы алып қонақ үй-тікұшақ жобасын ұсынып, 2004 жылы аталмыш қонақ үй құрылысын бастап та кеткен. Бұл тікұшақта жолаушылар өз уақыттарын жайлы өткізе алатын бірнеше люкс бөлмелер қарастырылған. Оқуды жалғастыру

KZ жастар жобасы жазғы демалысқа шықты

Ғаламтор айдынына шыққанына аз-кем уақыт болған KZ  жастар жобасын ұйымдастырушы студент жастардың жазғы демалысқа шығуымен блогқа салынатын материалдар да сиреді. Алла қаласа, күз күні туғанда блог қайта жанданады деп сенеміз.

Министрліктің хатқа жауабы

«Қазақ киносына ұлттық көзқарас керек» деп аталатын бір топ жастардың хатына министрліктің жауап хаты. Үндеу хатты блогтың мұрағатынан табасыз.

ҚР Мәдениет Министрлігі  ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовке жолдаған отандық фильмдерге қатысты хатты қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасындағы кинематография саласы жайлы ой қозғап, ұлттық киномыздың тағдырына жанашырылық танытып, өз пікірлеріңізді білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Оқуды жалғастыру