Қазақтың шежіресі өмірден өтті…

Сәуір басында 92-ден 93-ке қараған шағында Жағда қарт Бабалық дүниеден озды. Мен ол кісімен жеке жүздескен жан емеспін. Бірақ мақала, сұқбаттарын оқып тұратынмын. Қазақтың этнографиясы дәстүрі мен салты, төрт  түлік малы мен тілінің шұрайын өте кең білетін тірі энциклопедия туралы көп естігем.

Өмірге келген жанның өтері бар. Қамшының сабы. Кірпік қағар сәттік ғұмыр. Шолақ дүние…«Қазақ өлді демейді, мәңгілік мекенге қайтты, қайтыс болды» дейді. Задында, жадында елге қызмет ету дегенді жаттатқан Жағдамен бірге тұтас бір академияның, тірі энциклопедия, бір ғана адамнан тұратын ғылыми орталықтың, қазақ қайраткерінің ғұмыры үзілді. Оқуды жалғастыру