НАТО: кеңеюі және саммиттер

НАТО кеңеюі

НАТО-ның негізін салған мемлекеттер: Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Исландия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, АҚШ, Франция (барлығы 1949 ж. 4 сәуірінде мүшелікке қабылданды).

НАТО тарихында алты мәрте кеңею болды:

Бірінші кеңею: 1952 ж. 18 ақпан – Греция, Түркия

Екінші кеңею: 1955 ж. 9 мамыр – Германия (Батыс Германия), ГДР1990 ж. 3 қазан

Үшінші кеңею: 1982 30 мамырИспания (2001 ж. Испан социалистік жұмысшылар партиясы  билікке келгеннен бастап, Испания НАТО-ның әскери органдарынан шықты) Оқуды жалғастыру

НАТО: құрылу тарихы, мақсаттары мен қызметтері

1947-49 жж. бірқатар оқиғалар халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Олардың қатарына Норвегия, Греция, Түркия егемендіктеріне төнген қауіптер, 1948 ж. Чехословакиядағы төңкеріс және Батыс Берлинді оқшаулау жатады. 1948 ж. наурыз айында Брюссель келісіміне қол қойған бес батысеуропалық ел – Бельгия, Ұлыбритания, Люксембург, Нидерланды және Франция – ортақ қауіпсіздік жүйесін құрды. Кейіннен АҚШ және Канадамен біртұтас Солтүстікатлантикалық одақ құру туралы келіссөздер орын алды. Бұл келіссөздер 1949 ж. сәуір айында он екі мемлекеттің ортақ қауіпсіздік жүйесін іске қосқан Вашингтон келісімімен аяқталды: АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия және Франция. Оқуды жалғастыру

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АҚШ ПЕН НАТО

Орталық Азияны әлемнің айрықша аймағы ретінде алғаш рет 1843 жылы неміс ғалымы Александр фон Гумбольд бөліп көрсеткен. Орталық Азия республикалары мемлекеттік тәуелсіздікке ие бола бастағанда, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселеге тап болды. Бұған әсіресе терроризм және діни экстремизм сияқты құбылыстардың етек алуы алғышарт болды. Бүгінгі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде әрбір мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сүйене алады. Оқуды жалғастыру

Каспий мәселесі

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның Каспий теңізі жағалауындағы басқа елдермен теңіздегі мемлекеттік шекарасы пайда болды. Теңіздегі шекара бұрын екі мемлекеттің, яғни, Кеңес Одағы мен Иранның мемлекеттік шекарасы болса, КСРО-ның ыдырауынан кейін теңіз жағалауында бірден бес мемлекеттің мүдделері түйісті. Теңіздегі мұнай қорының молдығы мен КСРО сияқты алпауыт мемлекеттің күйреуінен аймақтағы геосаяси жағдайдың күрделі өзгеруі, батыс мемлекеттерінің аймақтағы саяси-экономикалық жағдайға белсенді араласа бастауы онсыз да қиын мәселені одан әрі күрделендіріп жіберді. Оқуды жалғастыру

АТЭС саммиттері

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) – халықаралық экономикалық  ұйым. 1989 жылы Канберрада Австралия және Жаңа Зеландия премьер-министрлерінің инициативасымен құрылған. Ұйымның негізгі мақсаттары – еркін, ашық сауда режимін қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастықты нығайту. Алғашында министрлер деңгейіндегі жиналыс АТЭС-тің жоғарғы органы болып келді, бірақ 1993 жылдан бастап мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттер өткізіле бастады. Оқуды жалғастыру

ҚХР мәдени революция (1966-76)

Кіріспе

Ұлы пролетарлық мәдени революция (Wuchan Jieji Wenhua Da  Geming) – 1966-1976ж аралығындағы он жылдық кезеңді қамтыған Қытай тарихындағы оқиға. Бұл кезең әлеуметтік баспалдақтың төменгі деңгейіндегі жұмысшылар мен студенттердің тәртіпсіздік әрекеттерімен және елдің партиялық басшылығындағы хаоспен сипатталды. Революцияның басталуына қорытынды ықпалды саяси оппозициялық көзқарастармен күрес шеңберінде және мемлекеттік идеология ретінде ҚКП басшылығындағы өз жақтастарының көзқарастарын (маоизм) орнықтыру үшін ҚКП төрағасы Мао Цзедун жасады. Оқуды жалғастыру

ЕҚЫҰ шеңберіндегі экономикалық және экологиялық өлшем

«Жалпы қауіпсіздік» концепциясы шеңберіндегі экономико-экологиялық өлшем ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық мәселелерге қатысты әдістемелері Экономикалық және экологиялық өлшем саласы бойынша ЕҚЫҰ стратегиялық құжаты Экономико-экологиялық өлшем бойынша ЕҚЫҰ-Қазақстан ынтымақтастығы Оқуды жалғастыру