«Парламенттік пікірсайыстан ІІІ Қазақстан Чемпионаты» ұлттық студенттік пікірсайыс турниріне іріктеу

Құрметті пікірсайыс сүйер қауым! Жаздық демалыстар да әне-міне дегенше бітуге жақын. Сондықтан, жас пікірсайысшылар болсын, пікірсайысты көптен бері ойнап жүрген және біраз жетістіктерге жеткен пікірсайысшылар болсын, жаз біте салысымен «қай жерде қандай турнир болып жатыр екен?», «қалайша жаз бойы жинаған білімімді пікірсайыста қолдансам екен»-деп, немесе «алдында ана фракциядан жеңіліп ем, қалайда реванш алуым керек»- деп, «осы жолы міндетті түрде жеңем»- деп, қызықты әрі нәтижелі ойын көруге асыққан, жоғарыда аталған және аталмаған мақсаттарды алдына қойған пікірсайысшылардың құлағына алтын сырға! Оқуды жалғастыру