«Там, … там …… там»-даған «Азаматтықтар»

Сәкен Суханберлі мен Нұрбек Матжани, Алманов Еркебұлан мен Джолдыбеков Дәурен пікірсайыста жаңадан тұсауларын кесіп, тілдерін сындырып, біраз терге салынып, қарсы фракциялардың кейстерін ана жағын бір, мына жағын бір түрткілеп құлата алмай, спикерлік баллдары төмен болып, төрешілерді сендіре алмай әжептеуір әбігергі түсті-ау. Бұл жолы жүлделі орындар мен кубокқа ие болмаса да, көштің соңында қалмағаны абырой болды. Не болып кетті? Жеңісті уыстан шығармайтын мына «Азматтықтарға» не болды дейсіз ғой? Ол жағын маған қалдырыңыз. Барлығын сізге баяндап, не болғанын түсіндіріп берейін. Оқуды жалғастыру

«Парламенттік пікірсайыстан ІІІ Қазақстан Чемпионаты» ұлттық студенттік пікірсайыс турниріне іріктеу

Құрметті пікірсайыс сүйер қауым! Жаздық демалыстар да әне-міне дегенше бітуге жақын. Сондықтан, жас пікірсайысшылар болсын, пікірсайысты көптен бері ойнап жүрген және біраз жетістіктерге жеткен пікірсайысшылар болсын, жаз біте салысымен «қай жерде қандай турнир болып жатыр екен?», «қалайша жаз бойы жинаған білімімді пікірсайыста қолдансам екен»-деп, немесе «алдында ана фракциядан жеңіліп ем, қалайда реванш алуым керек»- деп, «осы жолы міндетті түрде жеңем»- деп, қызықты әрі нәтижелі ойын көруге асыққан, жоғарыда аталған және аталмаған мақсаттарды алдына қойған пікірсайысшылардың құлағына алтын сырға! Оқуды жалғастыру

«Азамат» жастар клубының түлектер кеші

Мамыр айының 21-жұлдызы – «Азамат» жастар клубы үшін ерекше күн болды. Себебі аталған күні «Азамат» жастар клубының түлектер кеші болып өтті. Кеш түлектерді мейрамханаға салтанатты түрде кіргізумен басталды. Оқуды жалғастыру