Алматыда Ньютон, Менделеев, Чаплин атты көше бар

Анықтама үшін:
Топонимика (грек. τόπος (topos) – орын, ὄνομα (ōnoma) – атау) – географиялық атаулардың пайда болуын, мағынасын, айтылуындағы және жазылуындағы ерекшеліктер мен өзгерістерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Годонимия – топонимиканың көше атауларын зерттейтін саласы.
Қазір Алматы қаласында санақ бойынша, 1845 көше, 75 ықшам аудан бар. Көше атауларының 776-сы уақыт пен ұлттық саясат талабына сай келмейтін атаулар болса, 581-і ел тарихы, қазақ қоғамы, қала тіршілігімен байланысты атаулар. 180 көшенің атауы жоқ, 51 көше қайталанады.

Оқуды жалғастыру